Жарық ағыны - W жарық энергиясының жарық шығарылу уақытына қатынасы арқылы анықталатнын шама (жарық шығару, жарық қуаты ). Жарық ағыныныңөлшем бірлігі – ватт(Вт).
Э нергетикалық жарқырау шамасы (сәуле шығарғыштығы) – жарық ағынының жарық шығаратын беттің S ауданына қатынасымен анықталатын шама (жарық ағынының беттік тығыздығы). Жарқырау шамасыныңөлшем бірлігі – ватт бөлінген метрдің шаршысы (Вт/м2). Ж арықтың энергетикалық күші (жарық күші) – нүктелік жарық көзінің жарық ағынының осы жарық таралатын денелік бұрышқа қатынасымен анықталатын шама. Жарық күшініңөлшем бірлігі - ватт бөлінген стерадин (Вт/ср). Энергетикалық жа рықтылық шамасы - жарық шығарушы бет элементінің жарық күшінің осы элементтің жазықтыққа проекциясының ауданына қатынасы арқылы анықталады, бұл жағдайда жазықтық бақылау бағытына перпендикуляр орналасқан. Жарықтылықтың өлшем бірлігі- ватт бөлінген стерадиан метрдің шаршысы (Вт/ср·м2).
Энергетикалық жарықталу шамасы - жарық ағынының бірлік ауданға түсуі арқылы сипатталатын шама. Жарықталудыңөлшем бірлігі - ватт бөлінген метрдің шаршысы (Вт/м2).
6. Фотометриядағы жарық шамалары.
Оптикалық өлшеулерде пайдаланылатын әр түрлі қабылдағыштардың таңдау (сұрыптау, ажырату) қабілеті бар. Олардың әрқайсысы түрлі толқын ұзындықтарының энергиясын сезу қисығымен сипатталады.
Жарық өлшеулері субъективті және объективті энергетикалық өлшеулерден өзгеше болғандықтан, олар үшін тек көрінетін жарықты сипаттауға арналған жарық бірліктері енгізіледі.
Халықаралық бірліктер (СИ) жүйесіндеIжарық күшінегізгі бірлік болып табылады. Оның өлшем бірлігі кандела (кд) – жиілігі 540·1012 герц монохромат жарық шығаратын жарық көзінің берілген бағытындағы жарық күші. Ал оның осы бағыттағы энергетикалық жарық күші 1/683 Вт/ср.