Электр жєне магнетизм



бет31/49
Дата28.11.2023
өлшемі3,05 Mb.
#131057
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Байланысты:
УМК 2 часть

Ж арық поляризациясы
29. Табиғи және поляризацияланған жарық.
Жарық денеге әсер еткенде жарық толқынның электромагниттік өрісінің электрлік құраушысының мәні өте зор, себебі электр өрісі заттың атомдарындағы электрондарға үлкен ықпал етеді. Сол себепті, поляризацияның заңдылықтарын сипаттау үшін біз тек жарық векторы - оның ішінде электр өрісі кернеулігінің векторын қарастырамыз.
Жарық көптеген тәуелсіз жарық шығаратын атомдардың электромагниттік сәулелерінің қосындысы болып келеді. Осыған байланысты, векторының барлық ориентациялары тең ықтималды болады. Осындай жарық табиғи жарық деп аталады (сурет (а)).
Поляризацияланған жарық деп векторының тербеліс бағыты реттелген жарықты айтады.
Аздап поляризацияланған жарық деп (сурет (б)) негізінен векторының тербеліс бағытымен сипатталатын жарық.
Жазық поляризацияланған жарық деп – векторы тек сәуле өтетін бір жазықтықта тербелетін жарықты айтады (жоғарғы суреттегі (в) және төменгі суреттегі (а) және (б)). Бұл жазықтық - поляризация жазықтығы деп аталады.
Е гер векторының ұштары уақыт өте сәулеге перпендикуляр жазықтықта шеңберді немесе эллипсті бейнелесе (сурет (в)), онда жарық циркулярлы немесе эллипсті поляризацилянған деп аталады.
П оляризациялану дәрежесі деп Р шамасы аталады:
м ұндағы Imax және Imin – сәйкесінше поляризацияланған жарықтың максимал және минимал интенсивтіліктері. Табиғи жарық үшін Imax =Imin және Р=0, жазық поляризацияланған жарық үшін Imin=0 және Р=1.
Табиғи жарықты, тек белгілі бір бағыттағы тербелістерді өткізетін, поляризаторлар деп аталатын затты пайдалана отырып, жазық поляризацияланған жарыққа түрлендіруге болады. Поляризатор ретінде векторының тербелуіне қатысты анизатропты орталар қолданылады.


30. Малюс заңы.
Интенсивтілігі Iтабиғи табиғи жарықты Т1 поляризаторынан өткізелік. Поляризатор жазықтығымен φ бұрыш жасайтын жазықтықта тербелетін А тербеліс амплитудасын А||=Acosφ және A_|_=A sinφ екі тербеліске жіктеуге болады. Өткен толқынның интенсивтілігі А2||=A2cos2φ пропорционал. Табиғи ж арықта φ –дің барлық мәні тең ықтималды, осыған байланысты поляризатордан өткен жарықтың бір бөлігі орташа мәніне тең болады, ал бірінші Т1 поляризатордан өткен жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтілігі:

Жазық поляризацияланған жарықтың жолына бірінші поляризаторға ψ бұрыш жасайтындай етіп екінші Т2 поляризаторды (анализатор) қоялық. Анализатордан өткен жарықтың I интенсивтілігі ψ бұрышқа тәуелді өзгереді – Малюс заңы бойынша :






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет