59
- жөндеу жұмыстарының өндірістік графигін құрастырады;
- жұмыс көлемінің тізіміне сай қажетті материалдар мен қосалқы
бөлшектерді дайындайды;
-капиталды жөндеу үшін жасалуға анықталған техникалық құжаттарды
құрастырып бекітеді;
- тасымалдау және көтеру-транспорт механизмдері мен құрал
саймандарды дұрыс жұмыс жасайтын жағдайға келтіреді.
Жасалған жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерді жөндеу журналы мен
жөнделген электр қондырғыларының төлқұжатына енгізеді. Жөндеуден кейін
қондырғыны іске қосарда электр қондырғыны сынаудың көлемі мен
нормаларына сай сынайды.
Электр құрылғыларын қалыпты пайдалану үшін және жөндеу
жұмыстарын уақытылы жасау үшін әрбір кәсіпорында қондырғының,
аппаратураның, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердің қоймалық
резерві жасалуы керек. Бұл электр қондырғының жоспарлы немесе жоспарлы
емес жөндеуде жұмыссыз тұрып қалу уақытын азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: