60
Мерзімді қараудан бөлек әрбір газдық немесе дифференциалды
қорғаныстың ажыратуынан кейін кезектен тыс қараулар жасалады және де
сыртқы ауаның температурасы күрт өзгергенде де қаралады.
Трансформаторды қарау және ақауларды жөндеу нәтижесі арнайы
ақаулар ведомостына жазылады.
Күштік трансформаторды шашу, жинау, жүйедегі және түйіндегі жөндеу
жасаудың реті технологиялық құжаттарға сай негізделіп жасалады.
Трансформатордың активті бөлігін қарап жөндегенде жаңбыр және кір
түспейтін жағдайда жасайды және де майсыз аз уақыт қана тұруы қажет.
Барлық ақауларды жойған соң трансформатордың активті бөлігін бакқа
салады және жинақтайды.
Трансформатор капиталды жөндеуден кейін, оқшауламасын немесе
орамдарын толық немесе жартылай ауыстырған болса, өлшеудің нәтижесіне
қарамай міндетті түрде кептіру керек.
Трансформаторды кептіру
барлық жөндеу опреациялары мен жинап
болған соң жасайды. Кептірудің әдісі көп: бактың болат шығынының
индукциялық әдісі, арнайы шкафта, инфра қызыл сәуле, ауа үрлегіш, ауасыз
кеңістікте. Кептірудің әдісі трансформатордың конструкциясы мен жөндейтін
кәсіпорынның мүмкіндігімен таңдалады.
Жөндейтін кәсіпорындарда көбінесе бактың болат шығынының
индукциялық әдісі қолданылады. Әдістің мәні, уақытша магниттеуші ораммен
айнымалы тоқ өткен кезде, үлкен магнит өрісі түзіледі, ол бактың болаты
арқылы тұйықталып оны қыздырады. Осы кезде бактың ішііндегі барлық
металл бөліктер қызады, магнит орамдары мен оқшаулама орамдарындағы
ылғалдың булануын қамтамасыз етеді.
Трансформаторды кептіру кезінде орамдардың кедергісін өлшейді. Егер
температура өзгермеген жағдайда 6-8 сағат ішінде трансформатор орамының
оқшаулама кедергісі тұрақты болса, кептіру бітті деп саналады.
Трансформатор қоршаған ортаның температурасына дейін салқындаса,
қарау үшін бактан активті бөлігін алады, бекіткіштерді тартып, қайтадан бакқа
салады, қақпағын бекітіп, трансформаторлық май құяды.
Трансформаторды жөндеу жұмыстары біткен соң қажетті сынақтар мен
өлшемдер, ПТЭ сай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: