Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Жарықтандыру электр құрылғыларын пайдалану



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата14.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#107768
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm

Жарықтандыру электр құрылғыларын пайдалану. 
Жарықтандыру 
электр құрылғыларына қызмет жасағанда, қалыпты режимде жарықтандыру 
торабының кернеуі тораптың номиналды кернеуінен 2,5% төмен түспеуі керек 
және 5% асып жоғарыламауы қажет. Жекелеген алыста орналасқан аппаттық 
шамдар мен сыртқы жарықтандыруда кернеу төмендеуі ерекше 5 % рұқсат 
етіледі. 5% [2]. 
Жарықтандыру электр құрылғыларын пайдалануда тексеру бірінші 
шаралардың бірі болып табылады, кәсіпорында бекітілген жиілікпен жасалады. 
Ол бөлменің және өндірістік процестердің сипатына байланысты және екі 
айдан алты айға дейінгі уақытты құрайды. Тексеру кезінде электр сымдарының, 
қалқандардың, шамдардың, ажыратқыштардың, ашалы розеткалардың 
жағдайын контактілер мен басқа элементтердің беріктігін тексереді. 
Өндірістік кәсіпорындарда шамдарды ауыстырудың екі әдісі бар - 
жекелеген және топтық. Жекелеген әдісте шамды істен шыққанда ауыстырады, 
топтық әдісте оларды топпен ауыстырады (егер олар жұмыс жасау сағатын 


57 
орындаған болса). Екінші әдіс экономикалық жағынан тиімді, себебі шамдарды 
тазалаумен бірге жасауға болады, бірақ жарық көздерінің жоғары шығынымен 
байланыста.
Ластануына қарай және жарықтандыру тораптарын тексерудің 
нәтижесіне сай шамдардың барлық элементтері шаң мен күйеден 
тазаланылады: жарық көздері, шашыратқыштар, таратқыштар және 
арматураның сыртқы беттері. Табиғи жарық (терезе) ашылуларын тазалау 
ластануына байланысты, бірақ қысқы мерзім алдында міндетті түрде жасайды. 
Өндірістік кәсіпорынның цехтарында жарықтандыру аппаратуралары 
жоғары орналасса және де сыртқы жрықтандыру тораптарында шамдарды 
тазалау мен қызмет жасау телескопиялық мұнарадан жасалады. Қызмет 
көрсететін бригадада екі адам (немесе көп) болады, оларда жоғарыда жұмыс 
жасауға рұқсаттары бар болуы керек. Жұмыс кезінде жоғарыдан құлап кету, 
кранның кенеттен қосылуынан, кернеуге түсіп қалудан қауіпсіздік шаралары 
қатаң сақталуы керек. Қайғылы оқиға орын алған жағдайда жарақат алушы 
естен танса, бірінші медициналық көмек (жасанды тыныс алдыру, жүрек 
массажы) көрсетуге кететін уақыт 5 минуттан аспайтынын білу керек. 
Жұмыстық 
жарықтандыруды 
қосу 
мен 
ажырату 
өнідірістік 
кәсіпорындарда графикке сай болады, өндірістік жұмысқа табиғи жарық 
жетпегенде қосылу қажеттігі ескеріледі. Қазіргі заманғы кәсіпорындарда 
жарықтандыруды қосу-ажырату автоматты түрде жасалады. 
Пайдалану кезінде жарықтандыру электр құрылғылары сынақтар мен 
тексерулер болады. Жұмыстық және апаттық жарықтандыру торабындағы 
оқшауламаның кедергісін ПУЭ сай және жергілікті нұсқаулармен (осы 
құралдың 6.4 тармағын қараңыз) тексереді. 
Апаттық 
жарықтандыру 
жүйесінің 
дұрыстығын 
жұмыстық 
жарықтандыруды өшіріп барып тексереді, әдетте үш айда бір рет. Ғимараттағы 
және негізгі жұмыс орындарындағы жарықтандыруды люксметрмен өлшейді, 
алынған мәндер жобадағыға сай болуы қажет. 
Тексеру, қарау және әртүрлі сынақтардың нәтижесіне акті толтырылады, 
оны кәсіпорындағы тәртіпке сай қарайды және бекітеді. Ақауы бар құрамында 
улы қауіпті сынап бар сынапты және люминесцентті шамдарды алдын алу 
шараларын жасап, бекітілген тәртіппен өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет