Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Кабельдік желілерді монтаждаудың технологиясы бойынша



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Кабельдік желілерді монтаждаудың технологиясы бойынша 
кабельдік желіні тартқанда, қолданыс кезінде қауіпті механикалық кернеу мен 
зақымдалу мүмкіндігі болмайтындай етіп жасайды. Кабельдік 
желіні 
монтаждау екі кезеңде орындалады: бірінші ғимарат пен құрылыстың ішінде 
кабельдерді тартуға арналған бағаналық конструкциялар орнатылады 
(құрылыстық-монтаждық кәсіпорынмен біріктірілген графикпен жұмыс 
жүргізіледі); сосын кабель тартып оны электр қондырғылардың шығысына 
қосады (құрылыстық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін жүргізіледі, егер 
нысан акт бойынша монтаждауға берілген болса). 
Монтаж жасайтын зонаға кабельдерді зауыт орауышында немесе 
инвентарлы барабанда әкелінеді. Сақтайтын жерлерге кабельдер аспалы 
крандар, жүк көтергіштер және басқа да көтеру құрылғылары арқылы 
салынады. 
Конструкцияларда, қабырғаларда, жабындылар мен фермаларда 
көлденеңінен салынатын кабельдерді бітетін жерлерінде, бітетін муфталарда, 
трассаның бұрылысында, майысатын жердің екі жағынан да және қосылатын 
муфталарда қатты бекітіледі. Тігінен салынатын жерлерде кабельдер әрбір 
кабельдік конструкцияға бекітіледі. Сауыты жоқ, қорғасын немесе алюминий 
қабықшасы бар кабельдер қатты бекітілетін жерлерінде конструкцияларда 
табақты резинадан жасалған, табақты ПВХ немесе басқа иілгіш материалдан 
төсемелер қолданылады. Пластмасса қабықша немесе пластмасса шлангалы 
сауыты жоқ кабельдер және де сауыты бар кабельдер конструкцияларға тұтқа, 
қамыт, төсеніші жоқ қаптама арқылы бекітіледі. 
Ғимараттың ішінде немесе сыртында, біліктілігі жоқ қызметкерлер 
жүретін жерлерде, көліктер, жүктер, механизмдер қозғалысы болуы мүмкін 
жерлерде, сауыты бар және сауыты жоқ кабельдерді механикалық 
зақымдалудан қорғау үшін қауіпсіз биіктікте салынады (жер немесе еденнен 
кем дегенде 2 м биіктікте және жер астында 0,3 м тереңдікте). Қорғаныс 2,5 мм 
табақты металл немесе болат құбырлардың кесінділерімен жасалған қап 
арқылы қамтамасыз етеді [15]. 
Алдын-ала салынған траншеяларға кабельдік желіні салудың 
технологиялық процессі бірнеше операциядан тұрады: кабельмен барабан 
орнату, домкратпен барбанды көтеру, оның қабын алу, барабанды біркелкі 
домалату арқылы кабельді жоблаудағы жағдайға келтіріп трасса бойында салу. 
Домалату 
қол 
немесе 
механикаландырылған 
әдіспен 
жасалады. 
Механикаландыру құралдарын пайдалану тиімсіз болғанда (трассаның қысқа 
аумақтары, кабель саны аз болса, жердің бедері күрделі болса) қолмен 
домалату қолданылады.
Траншеяға салынған кабельдер алдын-ала құм қабатымен немесе 
қалыңдығы 100 мм таза еленген жермен жабылады. Содан кейін механикалық 
зақымдалудан сақтау үшін көшелерден өтетін, жолдардан, жолдың жүретін 
бөлігінің бойымен қызыл кірпішпен немесе бетон плитамен жабылады. 
Көрсетілген операцияларды бітірген соң траншея жабылады, жабық 
жұмыстарға акт алдын-ала жасалады. 


27 
Кабельдік желілерді туннелдер мен каналдарда салғанда бірінші 
трассаны дайындайды. Ол үшін жобаға сай құрылыстық бөліктің, 
желдеткіштің, өрт сигнализациясын, өртке төзімді қалқандардың болуын 
тексереді. Ары қарай құрастырмалы кабель конструкцияларын орналастырады, 
олардың тірегіштері қабырға панельдерінің салмалы элементтеріне ерітіп 
жабыстырылады. Кабельдің желдеткіш шахтадан туннельге түсетін жерінде 
және бұрылыстардың бұрышында әмбебап айналмалы құрылғылар 
орналастырылады. Арнайы көлік, транспортер немесе шығырды пайдаланып 
шығыршақпен кабельді домалатады. Кабелді салып болған соң оларды 
тартпалы арқаннан ажыратады сосын кабельдік конструкцияның сөрелеріне, 
лотоктарға, қораптарға салады, сонымен қатар көлдененең және тік 
жазықтықтағы нормаланған қажетті қашықтықты қамтамасыз ету керек. Ары 
қарай кабельді 2% қормен салады және трассаның бітетін нүктелерінде, 
майысатын жерлерінде, соңындағы қорабы мен қосу муфталарын бекітеді.
Кабельдік туннельдер, бөлмелер, қабаттар арақабырға арқылы бөліктерге 
бөлінуі қажет, олардың ұзындығы өртті сөндіру технологиясына байланысты 
анықталады, бірақ 150м артық болмауы керек. Сонымен қатар кабельдік 
эстакадалар мен галереялар кабельдік туннельден, жартылай қабаттардан және 
басқа бөлмелерден өртенбейтін арақабырға арқылы бөлініп тұруы қажет, 
астынан және үстінен жабылуы, және де кіретін есіктері болуы керек. 
Кабельдік ғимараттарға кабельдер салынғанда, монтаждау, жөндеу және 
ауыстыру (кабельдердің де кіретін және шығатын жерлерінде де) жұмыстарын 
жасаған кезде өтуге ыңғайлы етіп жасайды. Кабельдердің қиылысуы әртүрлі 
жазықтықта болуы қажет. 
Кабельдерді салып, бекітілетін конструкцияларда бекітіп болғасын 
кабельдік желілердің конструктивті элементтерін жерлендіреді: металл кабель 
конструкциялары, кабельді муфта мен қабықшалардың корпустары, күштік 
және бақылау кабелінің сауытын. Болат құбырды жерлендіретін контурға 40х4 
мм болат жолақтармен немесе кабельдің қимасы 150-240 мм

болатын 6 мм
2
или 
25 мм мыс өткізгіштермен қосылады. Салынған кабельдер, муфталар және 
бекітілімдер тік төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш түріндегі биркалар 
орналастыру арқылы маркалайды [8]. 
Кабельдік желілер жылдың суық мезгілінде зауыт-шығарушының 
нұсқаулығына сай салады, ол жерде алдын-ала қыздыру керек болған 
температураға байланысты ережелер көрсетіледі. Мысалы, СПЭ оқшауламасы 
бар кабельдер, температура 20
о
С төмен болса міндетті түрде қыздыру керек, ал 
температурасы 40
о
С төмендесе барлық кабельдер салынуға рұқсат берілмейді. 
Кабельдерді салмай тұрып, жылытылған стационарлы немесе көшпелі 
бөлменің ішінде жылытады, немесе электр энергиясының төменгі кернеу 
көздерінен электрлік тоқ өткізу арқылы жылытады. Алдына-ала жылытылған 
кабельді салғанда ұзындығы бойынша әдеттегідей 1-2% қормен емес 3-4% 
қормен жасалады, себебі әдеттегі жағдайға қарағанда кабельдің ұзындығы 
салқындаған соң қысқарады. 


28 
Кабельдерді ұштау және қосу кабельдерді салып, бекітіп, соңынан бөліп 
болғасын жасалады. Кабельдік желінің сыртқа орналастыратын конструктивті 
ұштау және қосу элементтерін муфталар деп атайды, ал ішке 
орналастыруларын - бекітілім және де қосылу муфталары деп атайды. 
Кабельдердің соңын тарқату жұмыстарын жасау кезіндегі және де муфта мен 
бекітілімнің монтаждаудағы негізгі және міндетті жағдай: монтаждаудың 
технологиясын дәл сақтау, құралдардың тазалығын қамтамасыз ету, жұмыс 
орнына су, шаң және т,б, түспеуінің алдын алу (ол үшін шатыр салу), жұмыста 
үзілістер жасамау. 
Кабельдердің соңын тарқату жұмыстарын муфта мен бекітілімге дейін 
жасайды. Оның себебі, белгілі бір ұзындықта кезекпен қорғаныс қабаттары, 
сауыттар, 
қабықшалар, 
оқшауламалардың 
алынуына 
байланысты. 
Тарқатылатын аумақтың өлшемдері техникалық құжаттамалар бойынша 
анықталады, муфтаның (бекітілімнің) және кабельдің конструкциясына, оның 
қимасы мен кернеуіне байланысты. (5.2 сурет) [4]. 
1 – сыртқы қабат; 2 – сауыт; 3 – қабықша; 4 – белдеулік оқшаулама; 
5 – тарамның оқшауламасы; 6 – кабель тарамы; 7 – белтартпа; А, Б, И, О, П, Г – тарқатудың 
өлшемдері. 
5.2 сурет– Кабельдердің соңын тарқату 
Кабельдің соңын тарқататын кезде, тарам мен оқшауламада ылғалдың 
жоқ екенін тексереміз, ылғал бар болса оқшауламаның электрлік кедергісін 
жылдам төмендетеді. Қажет болса ылғал оқшауламаны алып тастайды
соңындағы артық ұзындықты және де қалпақшаның астындағы қымталанған 
аумақты және соңындағы кабель ұстағыштарды кесіп тастайды. Кабельдердің 
соңын тармақтау операциясының барлығын орындағанда нұсқауларға сай 
жасалады және тез арада (кабельдің оқшауламасына ауадан ылғал кіріп кетуі 
мүмкін) келесі монтаждауды қамтиды, яғни соңындағы муфталар мен 
бекітілімдерді. 
Қазіргі уақытта муфталар мен бекітілімдердің конструкциясы мен 
орындалуы әртүрлі (эпоксидті, қорғасын, болат, шойын, полиуретанды және 
т.б.) кабельдік желілер пайдаланылады. Соңғы кездерде термошөгімді 
қолғаптар мен құбырлары бар муфталар мен бекітілімдер кеңінен 
пайдаланылып жатыр, оларды монтаждау кабель бұйымдарын зауыт-


29 
шығарушының нұсқаулығы бойынша және қатаң түрде жобаға сай жасалуы 
қажет. Муфта мен бекітілімді монтаждап болған соң, шықпаларды ұштайды, 
ережеге сай, дәнекерлеу және тексеру ұштаулармен, сосын электр 
қондырғылардың контактілі шықпаларына жақсылап бекітеді [5,7,15]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет