Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


  №6 дәріс. Кешенді тарату құрылғыларын реттеу және қабылдау-



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

 


30 
№6 дәріс. Кешенді тарату құрылғыларын реттеу және қабылдау-
тапсыру сынақтары 
 
Дәрістің мазмұны: қабылдау-тапсыру сынақтарына және реттеуге 
дайындық, кешенді тарату құрылғыларының негізгі қондырғыларының 
қабылдау-тапсыру сынақтары. 
Дәрістің мақсаты: кешенді тарату құрылғыларының қабылдау-тапсыру 
сынақтарына және реттеу жұмыстарының ретімен, ережелерімен және 
мазмұнымен танысу. 
Нысанда жерлендіргіш құрылғыларының қабылдау-тапсыру сынақтары 
мен реттеу жұмыстарын жасамастан бұрын оған дайындық жасау керек. 
Құжаттармен жұмыс жасауға келесі жұмыстар жасалуы керек: 
- жобаның электрлік бөлігімен танысу; 
- орнатылған қондырғының жобаға сай жасалғанына көз жеткізу керек; 
- тапсырыс берушіден энергеожүйе қызметінен келісілген релелік 
қорғаныс қойылымдарын алу; 
- қойылымдардың есептік тексерісін тексеру; 
- тапсырыс берушіге жоба бойынша ескертулер. 
Сыртқы қарауға келесілер кіреді: 
- КТҚ аумағы мен ғимарттардың тазалығы мен жарықтандыруына көңіл 
бөлу, бос өтетін жерлер, есіктер мен терезелердің, құрылыс салымдарының 
дұрыстығы, жекелеген ұяшықтар мен есіктердің жазбаларын; 
- пломбаның бар екендігі, сыртының бүтіндігі, нығыздалудың жағдайы, 
электр қондырғылардың бұрандасы мен түйреуіштерін тексеру; 
- аспаптар мен электр қондырғыларының ашық бөліктеріндегі 
жерлендіргіштердің бар екендігі мен бүтіндігін тексеру; 
- коррозияның іздері мен зақымдалудың жоқтығын, жүрісінің жеңілдігін 
және коммутациялық аппараттардың қосылып және ажыратылуы кезіндегі 
қозғалатын бөліктің егелмегені. 
Кешенді тарату құрылғысын реттеу кезіндегі жұмыстың көлемі мен 
құрылғының элементтерін (жоғары вольтті ажыратқыштар, өлшем 
трансформаторлары, 
разрядниктер, 
сақтандырғыштар, 
күштік 
трансформаторлар) сынаудың нормалары, қондырғыны жинақтаған жасаушы-
зауыттың көрсетулерінде және ведомствалық нұсқауларда, сәйкес ПУЭ 
бөлімдерінде келтіріледі [3,8,11]. 
Кешенді тарату құрылғысын реттеу мен қабылдау-өткізу сынақтары КТҚ 
салудың құрылыстық және электр монтаждық жұмыстары толығымен 
біткеннен кейін жасалады. Осы кезде барлық болт қосылулары, жерлендірулер 
тексерілген, изоляторлар сүртілген, қақпақты тесіктер, ойықтар, тартпалар, 
есіктер тығыз жабылған, дәнереленген жерлер боялған, зақымдалған 
жабындылар қалпына келтірілген, бөлме ішінде тазалық жұмыстары жасалған 
болы керек. КТҚ шкафтарының корпусы дұрыс орналасқанына көз жеткізу 
қажет: корпустың тербелмейтіні мен қисаймауы, корпустар фасад және 


31 
тереңдігі бойынша еңкеймеген, ал ұяшықтардың элементтерінің жалғаулары 
мен элегазды КТҚ қаптамалары, жұмсақ төсеніштерге бекітілген болу керек. 
 
Оқшауламаның кедергісін өлшеу: 

біріншілік тізбектің; біріншілік тізбегі толықтай жиналған 
қондырғылары орнатылған КТҚ 100 Мом кем болмауы керек, кернеуі 2500 В;
- екіншілік тізбек; әрбір екіншілік тізбектің барлық қосылған 
аппараттарында (реле, аспаптар, ток және кернеу трансформаторларының 
екіншілік орамдары және т.б.) кем дегенде 0,5 Мом. 
Жоғары кернеумен сынау өндірістік жиілікте жасалады: 
-КТҚ ұяшықтарының біріншілік тізбек оқшауламасы ұяшық орнында 
болып есігі жабық болса; мысалы, номиналды кернеуі 10 кВ болған кезде 
керамикалық оқшауламаның сыналатын кернеуі 42 кВ, ұзақтығы - 1 минут; 
- екіншілік тізбектің оқшауламасы; ұзақтығы 1 минут кернеуі 1 кВ сынақ 
жасалады. 
Бірінші тізбектің барлық оқшауламасы (ажыартқыштар, бағандық 
изоляторлар) сынақтан өту үшін сынақ жұмыстарын тармақталатын күштік 
кабельдерді жалғамай тұрып жасау қажет. Шығарылатын элементтер жұмыс 
жасайтын жағдайында, ажыратқыш қосылған, сақтандырғыштар орнатылған, 
шкафтың корпусы жерленген болуы қажет. Сынақ әрбір фазада жасалып, 
қалған фазаларды жерлендіріп жасаған жөн [8,15]. 
Осы 
кезде 
күштік 
трансформаторлар, 
разрядниктер, 
кернеу 
трансформаторларын бөледі, ток трансформаторларының екіншілік орамдарын 
тұйықтайды және жерлендіреді, жерлендіргіш айырғыш ажыартылады. 
Тұрақты токпен кедергіні өлшеу алынатын және болттық қосылуларда 
жасалады; кедергінің нормаланған мәндері ПУЭ сәйкес тарауларында және 
зауыт-дайындаушы нұсқауларында келтірілген [11]. 
Механикалық сынақ дайындаушы - зауыттың нұсқауларына сай жасалады: 
- тартылатын элементтерді кіргізу және шығару кезіндегі айырғыш 
контактілерді, пердешелер, блоктағыштардың жұмыстары тексеріледі. 
жерлендіргіш айырғыштың контактісінің жағдайы мен жұмысын 
тексереді. 
Жерлендіру құрылғыларының қ а б ы л д а у - т а п с ы р у жұмыстары 
электр монтаждық жұмыстар біткен соң жасалады. Құрылғының барлық 
элементтері мұқият қаралады және жоба мен ПУЭ талаптарына сай тексеріледі.
Қимасы, бүтіндігі және өткізгіштің қорғанысының беріктігі, қосылуы және 
жалғануы тексеріледі. Қабылдау-тапсыру жұмыстарының көлемі келесі 
операцияларды қамтиды: 
- жерлендіргіш құрылғылардың элементтерін тексеру құрылғының 
элементтерін қарау жолымен жасалады және жоба құжаттамасына сай 
анықталады; 
- электр қондырғысының жерлендіргіш элементтер мен жерлендіру 
арасындағы тізбекті тексеру; 
- жерлендіру құрылғыларының кедергісін өлшеу табиғи жерлендіруді 
жалғау арқылы жасалады; өлшенген шамалар жоба құжаттарында келтірілген 


32 
шаманы қанағаттандыруы қажет; сонымен қатар өндірістік кәсіпорынның 
қосалқы стансаларында өлшеу монтаждан соң, күрделі жөндеуден соң немесе 
қайта құрудан кейін және пайдаланудың бірінші жылы мен мекеменің 
нұсқаулығына сай мерзімде жасалады; 
- жанасу кернеуінің нормаларымен салынған электр құрылғыларында 
жанасу кернеуін өлшеу жасалады; 
- жерлендіру құрылғыларының ауданында топырақтың меншікті 
кедергісін өлшеу. 
 
Жерлендіру кедергісін өлшеуді жерлендіру құрылғысының ішкі 
тексеруінен кейін жасау керек; кедергілердің шамалары ПУЭ тарауларында 
келтірілген шаманы қанағаттандыруы керек, және 0,5-4-10 Ом арасында бола 
алады [11]. 
Өлшеуді топырақтың өткізгіштігі аз кездерде жасау қажет: жазда - 
неғұрлым кепкен кезде, қыста - неғұрлым қатқан кезде. 
КТҚ жұмыс жасау кезінде қауіпсіздіктің жалпы ережелерін сақтау керек, 
сонымен қатар қолданылатын қондырғылардың ерекшелігіне байланысты 
специикалық талаптарды ескеру керек. Элегазды ажыратқыштарда улы 
қосылулар түзілуі мүмкін. Элегаздың өзі улы емес және өртке қауіпті емес, 
бірақ оның ағуынан ауадағы көміртегінің пайыздық үлесі азаяды. Әсіресе 
жертөле үй жайлары, кабельдік каналдардаабай болу қажет, элегаз тұрып қалса 
ол ауадан бес есе ауыр. Апаттық жағдайларда балауыз қолданған жөн: егер ол 
өшсе бөлмеге кіруге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет