21
ескере отырып әрбір кәсіпорында құрастырылып бекітіледі. Жоспардағы
қараудан бөлек қауіпті апаттан (бірнеше желінің бір уақытта өшірілуі) кейін,
қолайсыз ауа райында, электр қондырғылардың қатты ластануында кезектен
тыс қараулар тағайындалады. Қарау нәтижесі сәйкес журналда жазылады және
анықталған ақауларды бейнелейді.
Қарау кезінде төмендегілерге назар аударылады: бөлменің жағдайы
(есіктің, желдеткіштің, жапқыштың дұрыстығы, қауіпсіздік құралдарының
болуы, жарықтандыру және жерлендіру торабының дұрыстығы), ажыратқыш
жетегінің жағдайы, айырғыштарды блоктау механизмдері, контактілі
қосылулардың жағдайы, механизмдердің үйкелетін бөліктерінің майлануы,
екіншілік тізбектің өту беріктігіне. Шкафтардың алынатын бөліктерін бұрап
алуға, кернеу бар кезде автоматты пердешелерді көтеруге және ашуға рұқсат
етілмейді.
Жылжымалы арбасы бар тарату құрылғыларында қарау үшін
ажыратқышты өшіреді, кететін желіне жерлендіреді, арбаны жөндеу
жағдайына қойып төмендегі айырғыш контактілерінде кернеудің жоқтығын
тексереді. Ары жерлендіретін айырғы қосылады да арбаны сынау жағдайына
жояды. Өзіндік трансформатор шкафындағы сақтандырғыштарды ауыстыру
жүктеме алынып тастаған кезде жасалады.
Ажыратқышы бар арбаны шығару және оны жұмыс жасайтын жағдайына
қайта қою ажырату мен қосу операциясы болып табылады. Олар оперативті
ауыстыру жұмыстарын жасайтын адамдар немесе солардың басқаруымен
жасалады. Арбаны жұмыстық жағдайға (енгізу) орнату жерлендіретін айырғыш
ажырап тұрған кезде ғана жасалады.
Тарату құрылғыларында кез келген уақытта алдын ала дайындықсыз
қосылуға дайын қосымша электр қондырғылары болуы қажет. Тарату
құрылғыларының резервтегі элементтерінің де жағдайы арасында бақылауға
алынады (трасформаторлар, кететін желінің ұяшықтары, шиналар, кабельді
муфталар) және профиалктикалық сынақтан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: