54
Үш фазалы қоректендіру және топтық желіні жарықтандыруды бір
полюсті автоматты ажыратқышпен қорғау кезінде кез келген жарық көзінде
нөлдік жұмыстық өткізгіштің қимасын фазалық өткізгіштердің қимасына тең
етіп аламыз. Қоректендіруші жарықтандыру торабының қорғаныс
аппараттарын ғимараттың кірісіне орналастыру керек. Жарықтандыру шина
сымдарын пайдаланған кезде қоректендіруші жарықтандыру торабы ретінде
топтық қалқанның орнына шина сымдарына қосылатын шамдар тобын
қоректендіретін жекелеген басқару және қорғаныс аппараттары пайдаланыла
алады.
Жалпы ішкі және сыртқы жарықтандыру аспаптарын қоректендіру үшін,
ережеге сай, кернеуі 220 В аспайтын, айнымалы және тұрақты ток қолданылуы
керек. Егер ғимарат аса қауіпті болмаса 220 В кернеу
стационарлы орналасқан
жарықтандыру аспаптардың қандай биіктікте орналасса да барлығында
қолданылады.
Жергілікті стационарлы жарықтандыру шамдарын қоректендіруге кернеу
төмендегідей болуы қажет:
- аса қауіпті емес ғимараттарда 220 В аспайды;
- аса қауіпті және ерекше қауіпті ғимараттарда - 50 В жоғары емес.
Аса қауіпті және ерекше қауіпті ғимараттарда 220 В кернеуден асатын
кернеу пайдаланылса, егер желіде 30 мА асатын ток болса қорғаныс
ажыратқышын пайдаланады, немесе әрбір шамның электр қорегі бөлінетін
трансформатор арқылы орындалады. Аса қауіпті және ерекше қауіпті
ғимараттарда тасымалданатын шамдарды қоректендіретін кернеу 50 В аспауы
керек және міндетті түрде бөлінетін трансформатор арқылы жұмыс жасайды
[2].
Тар жерлерде, немесе жұмыс кезінде ыңғайсыз жағдай болса, үлкен
көлемдердің (қазандық ішінде, металл сыйымдылық ішіндегі жұмыстарда)
жерлендірілген конструкциялармен
жанасуы болса, сонымен бірге сыртқы
құрылғылары болса, егер ток соғу қаупі жоғары болса, қол шамдарын
қоректендіру үшін кернеу 12 В аспайды.
Электр құрылғыларының бұйымдары - негізінен бұл номиналды тогы 16
А дейін және кернеуі 250 В дейінгі ажыратқыштар, ауыстырғыштар және
ашалы розеткалар, сонымен қатар номиналды тогы 63 А дейінгі және
номиналды кернеуі 380 В дейінгі ашалық қосылыстар [5].
Көрінбейтін электр сымдарында электр құрылғыларының бұйымдарын
қораптарда,
арнайы қаптамада бекітіледі, олар құрылыс индустриясы
зауыттарында жасалатын панельдердің ішінде орналасады.
Егер тасымалданатын электр қабылдағыштарда қорғаныс жерлендіруіне
жататын бөліктер болса, онда ашалы розеткалар қосылу үшін РЕ өткізшгішті
қосу үшін қорғаныс контактісімен қамтамасыз етілуі керек. Тасымалданатын
электр қабылдағыштардың ажыратқыштары мен қосқыштары, ережеге сай
электр қабылдағыштардың өзінде немесе қозғалмайтын электр сымдарында
орналасады. Бекітілмеген сымдарда тек соған арналған ажыртқыштарды
орналастыру рұқсат етіледі.
55
Ашалы розеткалардың орналасу биіктігі:
- өндірістік ғимараттарда 0,8-1м;
- әкімгершілік, медициналық, тұрғын, зертханалық және бсқа бөлмелерде
1 м биік емес;
- мектептерде, бала бақшада (балаларға арналған бөлмелерде) биіктігі 1,8
м;
- айыры алынғанда ұясы жабылатын, қорғаныс элементтері бар ернеулік
розеткалар үшін еденнен 0,3 м төмен биіктікте.
Ашық электр сымдарда ажыратқыштар мен розеткалар ажыратқыштың
немесе розетканың корпусының формасында қиылған қалың фанерадан
жасалған төсемеге бекітеледі. Ол бұранда арқылы ағаш тығынға бекітіледі.
Ұстағыштары рычаг және кілтті ажыратқыштарды орналастырғанда
олардың тұтқасы қосылған кезде жоғарыға қозғалуы керек.
Жалпы
жарықтандыру ажыратқыштары мен ашалы розеткаларды бөлменің кіре
берісіне орналастырады, бірақ ашылған есікпен кедергі келтірмеуі қажет.
Санитарлық бөлмелерде ажыратқыштар мен ашалы розеткалар бөлменің
сыртында болады [15].
Жарықтандыру электр тораптарындағы шамдарды орналастырғанда
қажет болғанда сатымен қызмет көрсетуге икемді болуы керек. Егер шамдарға
саты арқылы қызмет жасалатын болса, онда олардың еденнен биіктігі 5 м
аспайтын жерде ілінеді. Ірі габаритті қондырғылардың үстіне, саты қоюға
мұмкін емес жерлерге шамдар қоюға болмайды.
Жалпы жарықтандырудың шамдарына арналған аспалардың ұзындығы
1,5 м аспауы қажет. Ұзындығы ұзын болса
және де жарылыс қаупі бар
зоналарда шамдардың тербелуін шектейтін шаралар қарастырлады.
Шамдарға сым енгізгенде механикалық зақымдалуға ұшырамайтындай
жасалуы керек. Ол үшін майысқақ оқшаулама құбырлары қолданылады.
Жарықтандыру арматуралары орнатылатын кронштейндер, аспалар немесе
құбырлардың ішінде сымдардың қосылуы рұқсат етілмейді [2,7,15].
Орнату жұмыстарының басында шамдарды жинақтылығына тексереді,
фазалық және нөлдік сымдарды анықтап маркалайды, шамдардың зарядтайды
және зарядын тексереді және жарық желісін жинақтайды.
Ғимараттарды салу барысында, әсіресе ірі панельділерде, жарықтандыру
қондырғыларын орнатуға және жарықтандыру тораптарын салуға арналған
барлық саңылаулар, қуыстар және салмалы бөлшектер қарастырылады.
Шамдарды орнатудың барысы бекітуші бөлшектерді орнатудан,
шамдардың ілінуі мен бекітілуінен, электр
торабына және жерлендіру
торабына қосылуынан тұрады. Шамдар, жарық шашқыштар және қорғаныс
торлары берік бекітіледі.
Егер шамның салмағы 10 кг аспаса, оны ілмекке, түйреуіштерге немесе
аспалы блоктарға іледі. Металл және темір бетон фермаларға, сонымен бірге
технологиялық алаңның қоршауына шамдарды әртүрлі ұзындықтағы аспалар
мен құбырлы кронштейндер арқылы бекітеді. Арқанға бекіткенде шамдарды
арқанның аспаларына орналастырады (6.1 сурет).
56
11.1 сурет – Шамдарды орналастыру үшін конструктивті элементтер
ШОС шина сымдарында шамдарды қамытпен бекітеді немесе
кронштейнде орналастырады. ШОС бірге бір трасса бойында, ШРА шина
сымдарында орналастырғанда, шамдарды ШРА бүйіріндегі қабатқа
симметриялы түрде арнайы кронштейндерде бекітеді. Шамдардың металл
корпустарын электр сымдарының нөлдік
сымынан бөлек тармақпен
жерлендіреді, олардың соңын шамның корпусына жерлендіруші винтпен
қосады. Жарықтандыру қондырғыларын орнатқанда келесі негізгі талаптарды
орындайды: шамдар қатары мен биіктігі бойынша тең болады, олардың
ауытқуы көзге көрінбеуі керек; орнату бұйымдары қуыстың, розетканың
ортасына бекітіледі, бастырманың, ашалы ұяның, тұтқаның орны көлденеңінен
және тігінен түзетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: