Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет31/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Бақылау сұрақтары 
 
1. Электрлік жарықтандырудың жүйесі және түрлері.
2. Жарықтандыру электр тораптары және электр сымдарының түрлері. 
3. Жарықтандыру электр тораптарын монтаждаудағы талаптар 
4. Жарықтандыру электр тораптарын монтаждаудағы негізгі жұмыстар 
5. Электр құрылғыларының бұйымдары қалай жасалады? 


58 
 
№12 дәріс. Өндірістік кәсіпорындағы электр құрылғыларын 
жөндеуді ұйымдастыру 
Дәрістің мазмұны: жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесі, жөндеу жүйесі, 
дайындық шаралары, күштік трансформаторларды жөндеу, кабельдік желіні 
жөндеу. 
Дәрістің мақсаты: өндірістік кәсіпорындардағы электр қондырғыларын 
жөндеудің жағдайы мен негізгі түсініктерін оқу 
Пайдаланудың дұрыс маңызды шарты жоспарлы-ескерту жөндеуді 
(ЖЕЖ) дер кезінде өткізу және электр тораптары мен электр қондырғыларын 
жүйелі профилактикалық сынудан өткізу. ЖЕЖ жүйесінің негізі күнделікті 
қараудан бөлек, электр құрылғыларын жоспарлы профилактикалық қарауға, 
тексеруге, сынауға және әртүрлі жөндеу түрлеріне негізделген [7,15]. 
Жүйелі қарау электр тораптары мен электр қондырғыларының дұрыс 
пайдалануы (жоспардан тыс режим, асқын жүктеме болмауы үшін) үшін және 
пайда болып жатқан ақауларды анықтауға жасалады. Барлық ескертулер 
арнайы журналға жазылады және жойылуы тиіс. 
Пайдаланып жатқан электр қондырғысын қараудан бөлек сыртқы 
қараудан (электрлік оқшауламаның, контактілі қосылудың жағдайының 
нашарлауы) табу мүмкін емес қате жұмысты, бұзылулар мен ақауды анықтауға 
профилактикалық сынақ жасалады. Электр қондырғысын жүйелі түрде қарау 
мен профилактикалық сынаудың нәтижесінде оны уақытында жөндеу арқылы 
қызмет көрсету мерзімін көбейтіп, жөндеуге кететін шығынды азайтады. 
ЖЕЖ жүйесіндегі соңғы шара пайдаланатын электр қондырғысын алдын 
ала жөндеу жасау, соның арқасында істен шығудың алдын алады. Электрлік 
бөлікте ақаудың болмауы мен бұзылмауының арқасында, өндірістік 
қондырғылардың жұмысы кенеттен тоқтамайды. 
Өндірістік кәсіпорындардағы электр қондырғыларын жөндеу әдетте екі 
түрлі болады - ағымдағы және капиталды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 
кезінде, бұйымдарды толық бөлшектемейтін және жөндеу бөлімшелеріне 
тасымалдамайтын жұмыстар жасалады. Әдетте, қондырғыны тазалайды, 
түйіндер мен ескірген бөлшектерді, жанасу элменттері мен тағы басқаларды 
ауыстырады. 
Ең үлкен жөндеу капиталды болып табылады. Жөндеудің бұл түрі 
міндетті болады, егер қондырғы зауыт-дайындаушы көрсеткен мерзімін өтеп 
болса. 
Капиталды жөндеуде электр қондырғыларын толық бөлшектейді, барлық 
тозған бөлшектерді ауыстырады. Электр қондырғылардың техникалық-
экономикалық көрсеткіштерін көрсету мақсатында түйіндер мен жекелеген 
элементтерді жаңарту мүмкіндігі бар. 
Әрбір агрегатты капиталды жөндеуге енгізерден бұрын төмендегі 
дайындық шаралары жасалады: 
- смета мен жұмыс көлемінің тізімдемесін құрастырады; 


59 
- жөндеу жұмыстарының өндірістік графигін құрастырады
- жұмыс көлемінің тізіміне сай қажетті материалдар мен қосалқы 
бөлшектерді дайындайды; 
-капиталды жөндеу үшін жасалуға анықталған техникалық құжаттарды 
құрастырып бекітеді; 
- тасымалдау және көтеру-транспорт механизмдері мен құрал 
саймандарды дұрыс жұмыс жасайтын жағдайға келтіреді. 
Жасалған жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерді жөндеу журналы мен 
жөнделген электр қондырғыларының төлқұжатына енгізеді. Жөндеуден кейін 
қондырғыны іске қосарда электр қондырғыны сынаудың көлемі мен 
нормаларына сай сынайды.
Электр құрылғыларын қалыпты пайдалану үшін және жөндеу 
жұмыстарын уақытылы жасау үшін әрбір кәсіпорында қондырғының, 
аппаратураның, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердің қоймалық 
резерві жасалуы керек. Бұл электр қондырғының жоспарлы немесе жоспарлы 
емес жөндеуде жұмыссыз тұрып қалу уақытын азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет