53
Көрінбейтін электр сымдары - ғимараттар мен салынулардың
конструктивті элементтерінің ішінде салынады (қабырғаның, полдың,
іргетастың ішінде). Трубаның ішінде майысқақ металл қолғаптардың, жабық
каналдарда, құрылыс материалдарының бос жерлерінде салынады.
Сыртқы электр сымдары - ғимараттар мен салынулардың сыртқы
қабырғасында, шатыр астында салынады.
Электр сымдарының тасымалдаушы элементтері жіптер, жолақтар,
арқандар, қораптар, науалар болып табылады. Жарықтандыру шина сымдары
түрінде жасалған электр сымдарын айта кету керек, олардың орналасуы
қалыпты ортада әртүрлі әдістермен жасалады. Электр сымдарының түрін
таңдау, салу әдістері қоршаған ортаның сипаттамасына, кабельдер мен
сымдардың маркасына, электрлік және өрт қауіпсіздігі, пайдаланудың
ыңғайлылығы мен техникалық-экономикалық жағдайына байланысты болады
[7,15].
Достарыңызбен бөлісу: