Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет39/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Бақылау сұрақтары 
 
1. Әрбір цех немесе тәуелсіз өндірістік учаске үшін қандай құжаттар 
қажет? 
2. Электрлік сұлбаны бейнелеу үшін қандай анықтамалар мен түсініктер 
бар? 
3. Электрлік сұлбаның қандай түрлері бар, олардың мазмұны және 
қолданылу аумағы? 
4. Энергожүйеге электр құрылғыларын жалғаудың техникалық 
жағдайларының мазмұны мен тағайындалуы. 
5. Өндірістік кәсіпорындардың электр құрылғыларын пайдалануға 
берудегі негізгі техникалық құжаттар. 
6. Қызметті және пайдалану нұсқауларын құрастырудың негізі қандай, 
олардың мазмұны? 
 
 


77 
Қорытынды 
 
Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу және тұтынушылардың 
электрмен 
жабдықтау 
жүйелерін 
кейіннен 
пайдалану 
міндеттері 
кәсіпорындарда электр қондырғыларын құруына және пайдалануына 
байланысты адамдардың едәуір тобын анықтайды. 
Тұтынушылардың электр жүктемелерінің өсуі, кернеуі 6 – 35 кВ таратушы 
электр желілерінің сөзсіз күрделенуі, қазіргі заманғы күрделі және қымбат 
электр жабдықтарын қолдануын жобалау, орнату және пайдалану
кәсіпорындарының мамандарына әртүрлі және күрделі міндеттер қояды. Бұл 
электр қондырғыларын пайдаланудың жоғары тиімділігі бар өнеркәсіптік 
кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін, 
үнемділігін және қауіпсіздігін арттыруды көздейді. Бұл оқу құралы болашақ 
мамандарды оқыту бойынша берілген міндеттерді шешуге арналған. 
Дәрістер жинағында электр қондырғыларын жобалау, құрастыру және 
пайдалану кезінде ұйымдастырушылық, техникалық және инженерлік іс-
шараларды жүзеге асырудың дәйекті және ажырамас процесін зерттеу үшін 
қажетті мәліметтер жеткілікті. 
Қажетті ақпарат ұсынылған және кернеуі 6-10 кВ электр тарату 
желілеріндегі ең өзекті мәселелерін шешудің негізгі шаралары ұсынылған – 
асқын кернеуді шектеу және жерге бір фазалы тұйықталудан қорғау. 
Дәрістер жинағының едәуір көлемі электр жабдықтарын пайдалану және 
жөндеу кезіндегі, сондай-ақ электр қауіпсіздігі талаптарын орындау кезіндегі 
практикалық әрекеттердің сипаттамасын қамтиды. 
Дәрістер жинағында жасалған іс-шаралар мен жұмыстарды орындау 
нормативтік құжаттармен және стандарттау жүйелерімен регламенттелген
олардың негізгілері «Электр қондырғыларын орнату қағидалары (ЭҚҚ)», 
«Тұтынушылардың 
электр 
қондырғыларын 
техникалық 
пайдалану 
қағидалары», «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі 
қауіпсіздік қағидалары» болып табылады. 
Дәрістер жинағында ұсынылған ұйымдастырушылық, техникалық және 
инженерлік шаралар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың жоғары 
тиімділігін қамтамасыз ететін өнімділігі, сапасы бар және қауіпсіз еңбек 
жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыстарды орындауға бағытталған. 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет