Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Электр энергиясын үнемдеудің шаралары



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Электр энергиясын үнемдеудің шаралары. Өндірістік кәсіпорындағы 
электр 
энергиясының 
шығыны 
электрмен 
жабдықтау 
жүйесінің 
элементтерінде, электр қабылдағыштарда, сонымен қатар технологиялық 
аппараттар мен құрылғыларда (электрлік емес шығындар) болады. Электр 
энергиясының шығынын төмендетудің негізгі шаралары мен олардың мүмкін 
шамалары пайызбен келесідей көрсетіледі. 
13.1 кесте - Электр энергиясының шығынын азайту жөніндегі іс-шаралар 
Технологиялық операциялар 
Үнемдеу, % 
Жылдамдығы жоғары металл кесетін станоктар енгізу
25 – 30 
Металл кесетін станоктарда өңдеудің орнына штампау жасау
50 дейін 
Құю кезінде зарядты алдын ала жылыту
15 – 20 
Қазіргі заманғы (модернизацияланған) пештерде балқыту
15 – 20 
Еріту пештерінің жылулық оқшауламасын жақсарту
25 дейін 
Балқыту режимін автоматты басқаруға ауыстыру
15 – 20 
Бөлшектерді қатайту кезінде индукциялық жылытуды қолдану 
2- 3 есеге 
Пневмо құралды электр құралға ауыстыру
7 – 10 
Сығылған ауаны желдеткішпен үрлеуге ауыстыру
1,5 есе 
Көп жылдамдықты электр қозғалтқыштарды пайдалану
20 – 30 
Көп жылдамдықты электр қозғалтқыштарды пайдалану
20 – 30 
Жекелеген желдеткіш жүйені бұғаттау
25 дейін 
Жұмысы орындарындағы сорғыш желдеткішті реттеу
10 – 20 
Жарық көздерін уақытында ажырату
10 – 20 
Шамдарды уақытылы тазалау
10 – 30 
45% кем жүктелген электр қозғалтқыштарды ауыстыру
ауыстыру
5 - 15 
Қол дәнекерлегішті автоматтыға ауыстры
2 есеге 
Дәнекерлеу агрегаттарынның бос жүрісін жою
10 – 20 
Өндірістік кәсіпорындағы электр құрылғыларын пайдалану. 
Өндірістік кәсіпорындарға комбинаттар, зауыттар, фабрикалар, шахталар, 
карьерлар, өндірістік және жөндеу базалары, темір жол, су, ауа және қалалық 
транспорт кәсіпорындары жатады. Электр энергиясын қабылдап тұрған 
толықтай немесе жартылай кернеуі бар, немесе кез келген уақытта кернеу 
берілетін электр құрылғылары жұмыс жасап тұрған болып табылады. 
Кернеуі 110/10 кВ, 35/10 кВ, қуаты 6,3 мВА және жоғары күштік 
трансформаторлар өндірістік кәсіпорындағы бас төмендеткіш қосалқы 


64 
стансасында (БТҚС) кеңінен таралған. Бұл трансформаторлардың қызмет 
жасауы әрдайым қызметкерлер бар кезде де жоқ кезде де жұмыс жасауымен 
анықталады [2]. 
Май толтырылған трансфморматорлардың астында әрдайым май 
қабылдағыш құрылғы болуы керек, құрылғының түбінде таза қиыршық таспен 
толтырылады. Болуы мүмкін өртті тез өшіру үшін құмы бар жәшіктер, жұмыс 
жасай алатын өртке қарсы құралдар мен өрт сөндіргіштер қарастырылады. 
Трансформатордың жұмыс жасау режимінен өлшеу аспаптары 
бақылайды, әдетте жоғары және төменгі кернеудегі жүктемені бақылайды. 
Трансформаторды қарау кезінде аспаптарды тексереді; қорғаныс 
қаптамаларының жағдайын; май ағуының жоқтығын; май толтырылған 
кірмедегі майдың болуы; температуралық белгінің кеңейткішіндегі май 
деңгейін; изоляторлардың жағдайын; май суытқыш және май жинайтын 
құрылғыны; шиналау және кабель; контактілі қосылулардың жылуының 
болмауын; жерлендіру құрылғысының жағдайы. 
Кезектен тыс қарау сыртқы ауа температурасының тез арада өзгеруінде 
және токтық және дифференциалды қорғаныстың әсерінен трансформатордың 
ажырауында жасалады. 
Трансформаторды істен шығарады егер онда төмендегі жағдайлар 
анықталса: 
- корпус іші шытынаса, біркелкі емес шу, гүрілдеу, тарсылдау болса; 
- қалыпты жүктеме және салқындату кезінде қалыпты емес және әрдайым 
жоғарылап отыратын жылу болса; 
- кеңейткіштегі (қосымша сыйымдылық) май шашыраса немесе шығатын 
құбыр тесілсе; 
- май ағып май өлшейтін шынының деңгейінен түссе; 
- зертханалық талдаулар нәтижесінде майды жылдам ауыстыру қажет 
болса.
Трансформаторды қалыпты жүктегенде майдың жоғары қабатының 
температурасы мен сыртқы ауаның (30
о
С) максималды температурасы 
төмендегі шамалардан аспауы керек: 
- май мен суды мәжбүрлеп айналдыратын трансформаторларда 70
о
С; 
- май мен міндетті түрдегі суды мәжбүрлеп айналдыратын 
трансформаторларда 75
о
С; 
- май мен суды , ауаны мәжбүрлеп айналдыратын және майды табиғи 
айналдыратын трансформаторларда 95
о
С [2]. 
Көптеген кәсіпорындардың бас төмендеткіш қосалқы стансаларында 
қазіргі 
уақытта 
төменгі 
кернеуі 
тармақталған 
орамды 
күштік 
трансформаторлар кеңінен қолданылып жатыр. Әрбір орамның қуатының 
жүктелуі трансформатордың номиналды қуатының 62% аспайды. 
Релелік қорғаныспен ажыратылған трансформаторды, бұзылуды жөндеп, 
газдық реледегі газды тексеріп болған соң ғана қосады. Газдық немесе 
дифференциалды 
қорғаныстың 
жалған 
жұмыс 
жасаған 
кезінде 
трансформатордың бір рет қайта қосылуы рұқсат етіледі, егер сыртқы 


65 
көрінісінде оның зақымдалуы болмаса және барлы салқындату жүйесі қалыпты 
жұмыс жасаса. 
Газдық қорғаныстың жалған іске қосылуы келесі төмендегі себептермен 
жасалады: 
- қысқа тұйықталу тогының және асқын жүктеменің үлкен токтарының 
әсерінен трансформаторды шайқалуы болса; 
- пайда болған асқын ток пен құбырлардағы май соққысынан, 
трансформатордың айналдыру сорғысы мен желдеткіші тоқтап қалса және 
қосылғанда дұрыс емес діріл болса; 
- май деңгейі төмендеп дер кезінде толықтырылмағандықтан. 
Трансформатордың ішіндегі зақымдалудың сипаттамасын реледегі 
газдың түсіне қарап жобамен анықтауға болады. Газдың сары түсі ағаштың, ал 
ақшыл сұр - қағаздың, ал қара - майдың зақымдалғанын білдіреді. Газдың 
жанғыштығын тексеру үшін сіріңкені жағып оны реленің кішкене ашылған 
кранына жақындатады. Газдың жануы трансформатордың ішіндегі 
зақымдалуды білдіреді. 
Газдық қорғаныстың жұмысы мен майдың талдауы ақырын дамыған 
трансформатор ішіндегі зақымдалуды анықтайды, мысалы, тармақталу 
қосқышының нашар контактісі болатта өрт болғанын білдіреді. Трансформатор 
майының көрсеткішінің өзгерісінен электрлік май толтырылған аппараттардың 
жұмысының бұзылу себебін біліп, апаттың алдын алуға болады. 
Электр аппаратына құйылған трансформатор майының түсі ашық-сары 
түс болуы қажет. Пайдалану кезіндегі жылудың, ластанудан, май тотығуынан 
түзілген шайыр әсерінен май түсі қараяды. Май түсі жарамсыздықтың 
көрсеткіші емес және жұмыстағы нұсқаулармен нормаланбаған, бірақ май 
толтырылған электр қондырғысына қызмет жасағанда алдын ала бағалау үшін 
қажет. 
Көптеген кәсіпорындар күштік трансформаторлардың қарауына, 
тексерілуіне, сыналуына, газдық қорғаныстың жұмысына және трансформатор 
майының ауысуына тәуелді. Осы шаралардың орындалуы жауапкершілігі бар 
жұмыс болып табылады және де әрбір күштік трансформатордың қатаң жеке 
нұсқаулығына сай жасалады. 
Термо сифондық сүзгімен жабдықталған май трансформаторларында 
пайдалану кезінде оның қаптамасының жоғары жағындағы жылуының 
сүзгісінен қалыпты жағдайда айналатынын бақылайды. Егер май сынамасында 
ластану болса, сүзгіні қайта зарядтайды. Ол үшін сүзгіні ашып, ішкі жағын 
тазалап, таза құрғақ маймен шаяды. Қажет болған жағдайда сүзгіден өтетін 
майдың ылғалдығын сорып тұрған кептіргішті ауыстырады. 
Кептіргішті бақылау силикагель индикаторындағы жағдайды бақылаудан 
көрінеді. Егер оның көп бөлігі қызғылт түске боялса, силикагель мен кептіргіш 
ауыстырылады. Кептіргіштің қасиетін оны жылыту арқылы қалпына келтіру 
мүмкін, температура 450-500
о
С кезінде екі сағат қыздырса, ал силикагель 120
о
С бастапқы түсіне келгенше. 


66 
Трансформатордың кернеуін жүктелген кезде реттеу жүйесінің қызметі 
шламды алып тастау мен қосқыштардың контактісіндегі оксидті қабатты алып 
тастауға жасалған. Кем дегенде жылына бір рет қосқыштарды сағат тілімен 
және керісінше 15-20 рет ауыстырып жасайды. 
КТҚС қызмет етудің жұмысы көбінесе коммутациялық аппаратар бар күштік 
трансформатор мен жоғары және төменгі кернеудегі тарату шкафтарын қарау 
мен күтімге бағытталған [2].
КТҚС қараудың жиілігі қосалқы стансаның жұмыс жағдайына
коммутациялық аппаратураның жұмыс жасау жиілігіне, қоршаған ортаның 
температурасына, шаңдығына байланысты бекітіледі. КТҚС қарау кірістегі 
және шығыстағы кернеу алынып тасталған кезде жасалады. Қарау кезінде 
қосалқы стансаның барлық құрылғыларын шаң мен балшықтан тазартады, 
бұрандалық, дәнекерлеу және басқа қосылуларды тексереді, қажет болған 
жағдайда барлық металл жабындылардың тотығуға қарсы қабатын қорғайды 
және қалпына келтіреді. 
Дайындаушы-зауыт әдетте пайдалануға енгізгеннен бастап 12-24 айдың 
ішінде тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін сақтаған кезде, КТҚС 
қалыпты жұмысына жауапкершілік алады. 
Қалыпты режимде жүктеме тогы зауыт нұсқауылығында көрсетілген 
шамадан аспауы керек. Апаттық режимде кәсіпорынның нұсқаулығына сай 
трансформаторды уақытша асқын жүктеуге рұқсат етіледі, осы кезде 
таратылатын КТҚС желілері автоматтар мен аралас ажыратқыштармен 
қорғалуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет