Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
 
 


62 
№13 дәріс. Кернеуі 1кВ дейінгі цехта электрлік тораптарды 
пайдалану 
 
Дәрістің мазмұны: өндірістік кәсіпорындағы электр құрылғыларын 
пайдалануды ұйымдастыру, кәсіпорындағы электр шаруашылығын 
басқарудың құрылымы, кәсіпорындағы электр шаруашылығын пайдаланудың 
ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлары, электр энергиясын 
үнемдеудің шаралары. 
Дәрістің мақсаты: цехтағы электр тораптарын пайдаланудың 
жағдайлары мен негізгі түсініктерін үйрену. 
 
Электр құрылғыларын пайдалану -электр энергиясының қажетті 
сапасын қамтамасыз ететін, электр тораптары мен электр қондырғыларының 
ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың жүйесі. Және де электр 
энергиясы мен материалдардың аз шығынында еңбекті қорғаудың талаптарын 
қамтамасыз ететін, апатты болдырмау мен электр қондырғылары істен шықпас 
үшін ескертілетін шаралар жасалады. 
Электр техникалық материалдар мен электр қондырғыларды сақтау және 
қолдану, жөндеу, қызмет көрсету, техникалық қызмет жасау пайдалану болып 
табылады.
Электр құрылғыларын пайдалануды басқарудың құрылымы деп жалпы 
өндірістік жүйенің, кәсіпорындағы электрмен жабдықтаудың барлық 
элементтерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін басқарудың өзара 
байланыс жинағын айтады. 
Әрбір кәсіпорындағы электр шаруашылығын басқарудың құрылымы 
нақты жағдаймен анықталады: 
- жекелеген цехтар мен ішінде орнатылған электр қондырғыларының 
өлшемі мен санымен; 
- цехтардың аумақтағы орналасуымен; 
- күштік электр қондырғылары және т.б. сипаттамасымен. 
Әрбір кәсіпорында орнатылған қызметтік жағдайларға сай барлық электр 
шаруашылығының пайдаланылу жағдайына жауапты тұлға тағайындалады.
Кәсіпорында электр техникалық қызметкерлер болмаса электр құрылғыларын 
пайдалануға болмайды. 
Кәсіпорындағы электр құрылғыларын пайдалануды ұйымдастырудың 
құрылымы келесілерді қамтамасыз етеді: 
- электр құрылғыларына қызмет көрсететін жұмысшылардың оқытуын 
ұйымдастыру, нұсқаулық жасау, мерзімді тексеру; 
- электр құрылғыларының қауіпсіз, тиімді, берік жұмысы; 
- электр энергиясын үнемдейтін шараларды құрастыру мен енгзіу; 
- электр шаруашылығына жаңа техниканы енгізу; 
- тораптар мен аппараттар, электр қондырғыларын профилактикалық 
сынақ пен жоспарлы-ескерту жөндеу жүргізу мен ұйымдастыру; 


63 
- энергожүйеде орнатылған кәсіпорынның жүктеме графигін бақылау 
және режимді ұстаудың шараларын қабылдау; 
- электр энергиясын санауды және кәсіпорында орнатылған есеп-қисапты 
ұйымдастыру; 
- өртке қарсы құралдар мен қорғаныс құралдарының болуы мен мерзімді 
тексерілуі; 
- қадағалау органдарының ұйғарымын қойылған мерзімінде орындау; 
- электр қондырғылары мен электр құрылғыларының жұмысындағы ақау 
мен апатты тексеруді уақытылы ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет