Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

Бақылау сұрақтары 
 
1. КТҚ реттеу алдында құжаттармен қандай жұмыс жасалады? 
2. КТҚ реттеу алдындағы сыртқы қарау.
3. КТҚ реттеу алдындағы жұмыс көлемі. 
4. КТҚ қабылдау-тапсыру сынақтары. 
5. КТҚ жұмыс жасағандағы қауіпсіздік технкасының ерекшеліктері. 


33 
№7 дәріс. Жерлендіру құрылғыларын монтаждау 
Дәрістің мазмұны: жерлендіру құрылғылары туралы жалпы түсініктер, 
жерлендіру контурларының құрылғылары, жерлендіру құрылғыларын 
қабылдау-тапсыру сынақтары. 
Дәрістің мақсаты: жерлендіру құрылғыларының қабылдау-тапсыру 
сынақтары және монтаждау жұмыстарының реті, мазмұны мен ережелерімен 
танысу. 
Оқшаулама бұзылғанда қызметкерлерді электр құрылғыларындағы 
электр тогынан зақымдалудан қорғау үшін электр қондырғыларын қорғаныс 
жерлендіруімен қамтамасыз ететін жерлендіру құрылғыларын жасайды және 
пайдаланады. Қызметкерлерге қауіп тудыратын қажетсіз кернеудің пайда 
болуының себебі найзағай түсуі, коммутациялық асқын кернеу, потенциалды 
сыртқа шығару және т.б. Әдетте жерлендіру құрылғысының құрамына екі 
контур кіреді - сыртқы және ішкі. 
Қорғаныс жерлендіруі - кернеуде болып қалуы мүмкін металл ток 
өткізбейтін бөліктерді жермен әдейі электрлік қосу. Қорғаныс жерлендіруі 
бейтарабы оқшауландырылған кернеуі 1 кВ дейінгі және 1 кВ жоғары кез 
келген бейтараптағы, электр тораптарынан қорек алатын электр 
қондырғыларды қорғаудың тиімді әдісі болып табылады. 
Жерлендіру құрылғысы деп жерлендіргіш пен жерлендіруші 
өткізгіштердің жиынтығын айтады. 
Жерлендіргіш деп өткізгіш немесе өзара металл арқылы қосылған, 
жермен түйісуі айтылады. 
Жерлендіруші өткізгіш деп жерлендіруші электр құрылғысының ток 
өткізбейтін бөлігін жерлендірушімен байланыстырған металл өткізгіштерді 
айтамыз. 
Потенциалдарды теңестіру - өткізгіштің екі бөлігіне бірдей жанасып 
кернеуде қалған кезде, потенциалдарын теңестіру үшін және сол арқылы 
электрмен зақымдалу қаупін жою мақсатында, өткізетін бөліктердің электрлік 
қосылуы. 
Потенциалдарды теңестіру – еден немесе жер бетіндегі потенциалдар 
айырмасын арнайы қорғаныс өткізгіштер немесе арнайы жабу көмегімен 
төмендету. 
Жерлендіру құрылғыларының негізгі элементтері (саны, көлемі, 
жерлендіргіштердің орналасу тереңдігі, біліктер арасындағы қашықтық және 
басқалар) есептік шама болып табылады және әрбір жағдайда жерлендіргіштің 
кедергісінің рұқсат етілген шамасына байланысты жеке анықталады. 
Тағайындамасы мен кернеуі әртүрлі электр құрылғылары бір жалпы 
жерлендіру құрылғысын пайдаланады. Алайда соңғы кездердегі электр 
энергетикасында, асқын кернеуге және жоғары гармоникаға, штаттан тыс 
жұмыс режиміне осал микропроцессорлық техниканы пайдалану, жерлендіру 
құрылғысын бөлуге қажеттілікті анықтады және «таза жер» жерлендіру 


34 
контурын бөліп көрсетті. Және сол «таза жерге» микропроцессорлық 
техниканың элементтері бар қондырғыларды, аспаптарды және т.б. қосады. 
Жерлендіруге электр құрылғыларының келесі металл бөліктері жатады 
[14]: 
- электр машиналарының, трансформаторлардың, аппараттардың, 
шамдардың және т.б. корпустары; 
- электр аппараттарының жетектері; 
- өлшеу трансформаторларының екіншілік орамдары; 
- басқару қалқандары мен тарату қалқандарының қаңқалары; 
- тарату құрылғыларының конструкциялары, кабельдік конструкциялар, 
кабельді муфталардың қаңқалары, күштік және бақылау кабельдерінің 
қабықшалары мен қаптамалары, электр сымдар жүйесінің болат құбыры және 
т.б. 
- қандай да бір электр техникалық бұйымдары бекітілген және олар 
металл жерлендірілген қаңқаға орнатылған, қоршаулардың ажырайтын немесе 
ашылатын бөліктері, шкафтар мен тарату құрылғыларының камералары. 
Елді мекенде орналасқан кернеуі 6-10 кВ әуелік желіде темір бетон және 
металл бағаналарды, сонымен қатар ағаш, темір бетон немесе металл 
бағаналарда 
орналасқан 
электр 
қондырғыларының 
(айырғыштар, 
сақтандырғыштар, разрядтағыштар) корпустары мен қаңқаларын жерлендіреді. 
Электр аспаптарының қаңқалары мен релелері, жерлендірілген металл 
конструкцияларда орналасқан және олармен берік электрлік байланысқан 
қондырғыларды жерлендірмейді. 
Электр құрылғыларында жерлендіру құрылғыларын орналастыру үшін 
бірінші кезекте табиғи жерлендіруді пайдалану керек - ол өздерінің қасиеті 
бойынша жерлендірудің де қызметін атқаратын әртүрлі құрылғылар мен 
конструкциялар. Табиғи жерлендірулер: 
- жермен түйіскен ғимараттар мен құрылыстардың металл және темір 
бетон конструкциялары, сонымен қатар темір бетон іргетасы; 
- жерге төселген, су құбырының металл құбырлары; 
-бұрғы ұңғымасының шегендеу құбырлары; 
- су таратқыштар, гидротехникалық салулардың металл шпунты; 
- электрлендірілмеген темір жолдың рельстік жолдары, рельстердің 
арасында арнайы қосқыштар болған кездегі жолдар; 
- жерге төселген брондалған кабельдердің металл қаптамалары. 
Жерлендіргіш ретінде кабельдердің алюминий қаптамасын, жанғыш 
сұйықтықтар мен газдардың құбыр желісін, кәріз бен орталық жылу беру 
құбырларының желісін пайдалануға рұқсат етілмейді. 
Табиғи жерлендіргіштер ПУЭ талаптарын қанағаттандырмаса, жасанды 
жерлендіргіштерді пайдаланады, олар көлемі мен топырақта орналасқанына 
байланысты үш түрге бөлінеді: 
- тереңдетілген - іргетас периметрімен қазаншұңқыр түбіне көлденеңінен 
төселетін, жіңішке болат; 
- көлденең - траншеяға төселген дөңгелек немесе жіңішке болат; 


35 
- тігінен - топыраққа тігінен бұрап енгізілген немесе батырылған 
дөңгелек болат білік. 
Жерлендіруге әдетте диаметрі 10-16 мм дөңгелек болат, қимасы 40х4 мм 
жіңішке болат, 50х50х5 мм бұрыштық болаттың кескінін қолданады. Тігінен 
бұрап енгізілген немес батырылған жерлендіргіштердің ұзындығы әдетте 4,5-5 
мм, ал қағылғаннның 2,5 – 3 м [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет