Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Кернеуі 10 кВ дейінгі ӘЖ пайдалану



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

Кернеуі 10 кВ дейінгі ӘЖ пайдалану. Күндізгі уақыта ӘЖ айына 1 рет 
қарайды және келесілерге мән берілуі қажет: 
- темір бетон бағаналардың күйін; 
- трассаның тазалығы, желіге құлайын деп тұрған ағаштың бар жоғын, 
басқа салулардың немесе заттардың болуын; 
- күзетілетін аумақта келісілмеген құрылыс және басқа жұмыстардың 
жасалуы. 
Мерзімнен тыс қарау кернеуі 1 кВ дейінгі ӘЖ сияқты жасалады, яғни 
апаттан кейін, құйын, мұз жүру, желіге жақын жердегі өрт, көктайғақ, 40
0
С 
төмен аяз кезінде. Сонымен қатар ӘЖ релелік қорғаныстың апаттық 
ажыратуынан кейін де қарайды, егер ол сәтті қайта қосылса да. 
Кернеуі 6-10 кВ бағаналарда келесі тұрақты белгілер болуы керек: 
- реттік нөмірі және қойған уақыты; 
- желінің нөмірі немесе шартты белгісі
-тұрғылықты мекендер мен жолмен байланысқан бағаналарда - жерден 
2,5-3 м биіктікте сақтандыру плакаттары. 
Кернеуі 35 кВ транфсорматорының қуаты 1600 кВА қосалқы стансалар, 
және де 10 кВ дейінгі тарату құрылғыларын ОПН түріндегі асқын кернеуден 
қорғағыштармен, шинада және әрбір ӘЖ трубалық разрядниктермен 
қорғалады. ӘЖ қосалқы стансаға келген жерін тростық найзағай тартқышпен 
қорғамайды. Әрбір найзағайдан кейін ӘЖ қосалқы стансаның АТҚ келген 
жеріндегі найзағай қорғағыштың күйін тексереді.
Тұрғылықты жердің бір және екі қабатты салуларында, әуелік желілерде 
найзағайдың асқын кернеуінен қорғауға арналған жерлендіру құрылғысы 
болуы керек. Мұндай жерлендіру құрылғыларының кедергісі 30 Омнан көп 
болмауы керек және арасындағы қашықтық 100-200 метрден аспауы қажет. 
Жерлендіру 
құрылғылары 
ғимараттқа 
енгізілетін 
тармақтарда 
бағаналарға міндетті түрде құрастырылған болуы керек, әсіресе адам көп 
шоғырланған жерде (мектептер, бақшалар, ауруханалар) немесе материалды 
бағалы жерлерде (қоймалар, құстар мен жануарлар ұстайтын жайларда). 
Жыл 
сайын 
құрғақшылық 
кезеңінде 
найзағайдан 
қорғайтын 
жерлегіштердегі өндірістік жиіліктегі токтың ағу кедергісін өлшейді. өлшеу 
нәтижесінде жерлендіру құрылғыларының импульстік кедергісін бағалайды. 
Әуелік электр жеткізу желісіндегі жөндеу ағымдағы және капиталды 
болады. Қараудың нәтижесінде жасалатын ағымдағы жөндеуде жасалады: 
- желінің үстін қарау; 
- бағананың орнатылған жағдайын тексеру; 
- сымның салбырау жебесін тексеру; 
-тораптың жекелеген бөліктерін тарту; 
- ұстап тұратын құрылымдар мен бағананы жөндеу; 
- соқпақ жолды аршу


47 
-асқын кернеуді шектегіш пен разрядниктерді жөндеу және ревизия. 
Кернеуі 1 кВ жоғары ӘЖ капиталды жөндеуде жасалады: 
-бағананың іргетасын жөндеу мен ревизия; 
-бағана мен олардың құрылымының 50% дейін жоспарлы түрде 
ауыстыру; 
-желіні толықтай тарту және ревизия; 
- бағананы түзету; 
- темір бетон бағаналар мен тіркемелердегі сызат пен қуысты жөндеу; 
- ПТЭ мен ПТБ сай ӘЖ сынау. 
Трассадағы темір бетон бағананың қисаюын желіден кернеуден 
ажыратпай ақ дұрытауға болады, егер қисаюдың шамасы 20

аспаса, ал желдің 
жылдамдығы 10 м/с. Тігінен және көлденең түзету жасағанда бағананың 
қисайған жағына қарама қарсы жаққа арқанмен тарту арқылы жасайды. 
Темір бетон бағандағы және құрылымның элементеріндегі сызаттар мен 
ойықтарды битуммен майлайды, ал қуыстар мен жарықшақтарды цемент 
ерітіндісімен толықтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет