Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Әуелік электр жеткізу желісінің негізгі элементтері мен бөлшектерінің 
құрылғылары, тағайындалуы, анықтамасы. 
2. Әуелік электр жеткізу желісі қандай шамалармен сипатталады, қандай 
факторлармен анықталады? 
3. СИП сымдарымен әуелік электр жеткізу желісінің артықшылықтары 
қандай? 
4. Кернеуі 1 кВ дейінгі және одан жоғары әуелік электр жеткізу желісін 
монтаждау кезіндегі негізгі жұмыстар. 
5. Әуелік электр жеткізу желі бағанасының негізгі түрлері мен 
конструкциясы, бағананың материалдары. 
6. Әуелік электр жеткізу желісін найзағайлық асқын кернеуден қорғау 
қалай жасалады? 
 
 
 


52 
№11 дәріс. Жарықтандыру құрылғыларын пайдалану және 
монтаждау 
 
Дәрістің мазмұны: жарықтандыру құрылғыларының негізгі элементтері 
және құрылғысы; электрлік жарықтанудың түрлері, жрықтандыру тораптарын 
монтаждаудың технологиясы, жарықтандыру құрылғыларын пайдалану. 
Дәрістің мақсаты: жарықтандыру құрылғыларын пайдалану, монтаждау 
жағдайы және негізгі түсініктерді оқыту. 
Электрлік жарықтандыру құрылғыларын барлық өндірістік және 
тұрмыстық бөлмелерде, қоғамдық, тұрмыстық және басқа ғимараттар, 
көшелер, алаңдар, жолдар, өтпе жолдарда және т.б. қолданады. 
Электрлік жарықтандырудың үш түрі бар. 
1. Жұмыстық жарықтандыру – барлық бөлмелерде және ашық 
участоктарда табиғи жарықтандыру жетпеген жағдайда қалыпты жұмыс жасау 
үшін арналған. Ол бөлме ішіндегі жұмыс орнында ережеге сай 
жарықтандыруды қамтамасыз етуі керек. 
2. Апаттық жарықтандыру – бөлмелердегі жұмыстық жарықтандыру 
апатты түрде ажырағанда адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайын 
(эвакуациялық жарықтандыру) жасау үшін немесе технологияға сай жұмысты 
тоқтатуға болмайтын участоктарда жұмыстарды жалғастыру (қауіпсіздікті 
жарықтандыру) үшін арналған. 
3. Күзеттік жарықтандыру – бұл күзетілетін аумақтың бойымен 
жарықтандыру жүргізу және ол қоршаудың екі жағынан түсетін жарық 
аумағын құрауға кететін, жұмыстық жарықтандырудың құрама бөлігі болып 
табылады. 
ПУЭ бойынша жарықтандыру жүйеге бөлінеді: 
- өндірістік ғимарттағы жалпы жарықтандыру біркелкі және жергілікті 
болуы мүмкін (негізгі жұмыстық орындарда жоғары жарықтандыру жасау үшін 
шамдарды арнайы орналастырады); 
- жергілікті жүйе жұмыс орындарын, заттарды жарықтандыруды 
қамтамасыз етеді; 

біріктірілген 
деп 
ғимараттың 
немесе 
кеңістіктің 
жалпы 
жарықтандыруына жұмыс орнын қосымша жарықтандыру үшін жергіліктіні 
қосады. 
Электр сымдары жарықтандыру электр құрылғыларының шамдары мен 
электр энергиясы арасындағы байланыс элементі болып табылады, олар 
қоректендіруші жарықтандыру торабы, таратушы торап және топтық торап 
болып бөлінеді. 
Электр сымдары ашық - қабырғалар, төбелер, ферма бойымен немесе 
басқа да ғимараттың құрылыс элементттерімен және салынулармен 
жүргізіледі. Бұл жерде қабырға, төбе бетімен, трос бойымен, роликтерде, 
коробтарда, майысқақ металл қолғаптарда, лотоктарда, кабельді каналдарда 
салынады. 


53 
Көрінбейтін электр сымдары - ғимараттар мен салынулардың 
конструктивті элементтерінің ішінде салынады (қабырғаның, полдың, 
іргетастың ішінде). Трубаның ішінде майысқақ металл қолғаптардың, жабық 
каналдарда, құрылыс материалдарының бос жерлерінде салынады. 
Сыртқы электр сымдары - ғимараттар мен салынулардың сыртқы 
қабырғасында, шатыр астында салынады. 
Электр сымдарының тасымалдаушы элементтері жіптер, жолақтар, 
арқандар, қораптар, науалар болып табылады. Жарықтандыру шина сымдары 
түрінде жасалған электр сымдарын айта кету керек, олардың орналасуы 
қалыпты ортада әртүрлі әдістермен жасалады. Электр сымдарының түрін 
таңдау, салу әдістері қоршаған ортаның сипаттамасына, кабельдер мен 
сымдардың маркасына, электрлік және өрт қауіпсіздігі, пайдаланудың 
ыңғайлылығы мен техникалық-экономикалық жағдайына байланысты болады 
[7,15]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет