Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


№1 дәріс. Электрлік орнату жұмыстарының жобасы мен неркәсібін



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

 
№1 дәріс. Электрлік орнату жұмыстарының жобасы мен неркәсібін 
ұйымдастырудың негіздері 
 
Дәрістің мазмұны: электрлік монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
электрлік монтаждау жұмыстарын жоспарлау, электрлік монтаждау 
жұмыстарын өндіріске дайындау. 
 
Дәрістің мақсаты: электр монтаждау жұмыстарын жобалау мен 
жоспарлаумен, нормативті, жобалау және монтаждау құжаттарымен танысу 
Электрлік орнату жұмысының өндірісі - ол ұйымдастыру, техникалық 
және инженерлік іс-шаралардың тізбектес және ажырамас бөлігі. Іс-
шаралардың барлық тізбегін орындау міндетті түрде стандарттар мен 
нормативті құжаттар жүйесінің талаптарына сақтауға негізделген. 
Электрлік орнату жұмысы құрылыс кешенінің бөлігі болып табылады 
және құрылыс келісім шартының аясында орындалады, соған сәйкес мердігер 
келісім шартқа сай мерзімде жұмысты орындап бітіруге, ал тапсырыс беруші 
мердігерге жұмысты орындауға қажетті жағдай жасауға, жұмысты қабылдап 
орындалған жұмыс көлемін төлеуге міндеттеледі. 
Қаржылық ресурстары бар заңды тұлғалар (кәсіпорындар, ұйымдар) 
тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді. 
Электр энергетика нысандарының 
электрлік орнату жұмыстары жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қайта құруға 
және техникалық қайта жарақтандыруға берілген күрделі салымдар 
есебінен қаржыландырылады. 
Электрлік орнату жұмыстарын жүргізу кезінде жеке меншік 
нысанына қарамастан, салық органдарында белгіленген тәртіпте 
тіркелген және кәсіпорынның заңдылығын және электрлік орнату 
жұмыстарының сапасына кепілдік беретін лицензиясы және басқа да 
қажетті құжаттары бар мердігер әрекет етеді. Аталған жұмыстарды 
орындау үшін тапсырыс беруші ережеге сай тендерлік (байқаулық) сауда 
жасайды. 
Жұмыс жасау келісім шарты тапсырыс беруші мен мердігер ара 
қатынасын анықтайтын негізгі құқықтық құжат болып табылады. Кейбір 
жағдайларды келісім шарт дайын жұмысқа өндірісіне жасалады. Бұл 
дегеніміз толықтай инвестициялық кезеңді орындауға, оның ішінде 
жобалау, құрылыс, электрлік орнату, іске-қосу жұмыстары және нысанды 
пайдалануға беру кіреді. 
Мердігер 
жекелеген 
жұмыстарды 
орындау 
үшін 
басқа 
кәсіпорындарды тартуы мүмкін - қосалқы мердігер. Бұл жағдайда 
мердігер енді бас мердігер ретінде әрекет етеді. Электрлік орнату 
жұмыстарын 
дайындау, 
сонымен 
қатар 
электрлік 
орнату 
қондырғыларына қатысы бар нысанның құрылыстық бөлігін қабылдау
барлық жұмыстардың қажетті сапасы мен мерзімінде орындалуы 



тапсырыс беруші алдында жауапкершіліктің барлығы бас мердігерге 
жүктеледі.
Мердігер жобалау-есептеу құжаттарына және жұмыстың бағасы мен 
мазмұнын, көлемін анықтайтын келісілген бағаға сай жұмысты жоспарлайды 
және орындайды. Жобалау құжаттары электрлік орнату жұмыстарын реттейтін, 
нормативті құжаттардың талаптарына сай болуы керек, олардың ішіндегі 
негізгілері: 
Құрылыстық нормалар және ережелер (СНиП); 
Құрылыс саласындағы Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ); 
Электр қондырғыларын орнату қағидалары (ПУЭ) [11]; 
Тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ержелері 
(ПТЭ) [5]. 
Сонымен қатар, мердігердің міндетіне табиғатты қорғау заңдарын 
қадағалау және өндіріс орнындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру кіреді. 
Электр энергетика нысандарын жобалау екі кезеңде өтеді: - нысан 
құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, екіншісі - есептелінген 
жұмыстық сызбалар. Жобалау құжаттарының көлемі мен мазмұны қажетті 
механикаландырған құралдарды пайдаланып орнату жұмыстарын алғы 
индустрияландырылған әдістермен орындауды қамтамасыз етуі қажет. 
Жобалауда әдетте өндірістік дайындалған электр қондырғыларын орнатудың 
типтік конструктивті шешімдерін қолданады, ал егер мүмкін болмаса зауытта 
берілмеген арнайы бөлшектер мен түйіндерді шеберханаларда жинақтау және 
жасау қарастырылады. 
Құжаттарды қабылдау орнату басқармасындағы өндірістік-техникалық 
бөлім орындайды және өндірістің инженерлік дайындық учаскісіне береді. 
Барлық құжаттарда тапсырыс берушінің жұмыстарды орындауға рұқсат берген 
қолы болуы керек. 
Электрлік орнату жұмыстарын қондырғылар кешенімен, құрылымдармен 
және материалдармен қамтамасыз етудің міндеттері мен жауапкершілігі 
мердігердің міндетінде. Жеткізілетін қондырғылардың сапасын тексеру үшін 
мердігер кіріс бақылауын жасайды, қондырғыларды орнатуға қабылдау актісін 
рәсімдейді немесе тасымал кезіндегі зақымдалуға, қондырғының сапасына 
қойылатын талап орындалмай бұзушылықтар болса жеткізушіге талап қояды. 
Электрлік орнату жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс беруші жұмыс 
сапасына, жұмыстың жасалу мерзіміне және іске-қосу жұмыстарын зерттеп 
жасау кезінде техникалық бақылау жасайды. Тапсырыс беруші техникалық 
бақылауды жобалау ұйымдарын (авторлық бақылау) тарту арқылы жасауына 
болады. 
Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісім шарт бойынша 
барлық міндеттер орындалғаннан кейін жасалған жұмысты қабылдау іске 
асады. Ірі нысандар жұмыстық және мемлекеттік қабылдау комиссиясымен, 
сәйкес стандартты формаларға қол қоюмен қабылданады. Жұмыс көлемі кіші 
болса, бір жұмыстық комиссиямен қабылданады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет