Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын үшбұрыштап қосу.
Үш фазалық генератордың бірінші орамасының соңын х – ті екінші ораманың басы В мен, ал екінші ораманың соңы у - ті, үшінші фазаның басымен, үшінші фазаның соңы z –ті бірінші фазаның басы А мен жалғайды. Мұндай генератор орамаларының қосылуын үшбұрыштап қосу деп атайды.
Генератордың контурында әсер ететін ЭҚК-тің симметриялы жүйесі нөлге тең болатын қосындыға ие: ЕА+ЕВ+ЕС=0
Бұл жағдайда ток көзінің бос жүрісінде, оның орамында
ток жоқ болады.
Үшбұрыш жалғау сызбасындағы кернеу және тоқ шамалары Фазаларды үшбұрыш сұлбасы бойынша қосу үшін бір фазаның аяқы ұшын екінші фазаның басқы ұшымен, екінші фазаның аяқы ұшын үшінші фазаның басқы ұшымен, ал үшінші фазаның аяқы ұшын бір фазаның басқы ұшымен қосады.
Сұлбада бейтарап сым болмайды. Сондықтан генератордан шыққан (қоректендіргіштің) сызықты кернеулері оның фазалық кернеулеріне тең болады:
Егер, UAB = UА , UBC = UB , UCA = UC немесе Uф=Uс
Ом заңы бойынша қабылдағыштың фазалық токтары:
IАВ= /ZAВ =UAВ/ ZAВ
IBС= EB/ZBС= UBС/ ZBС
ICА= EC/ZCА= UCА / ZCA
Қорытынды
Үш фазалы электр жүйесінің анықтамасы:
Жиіліктері бірдей, амплитудалары тең, өзара бір- бірінен 120 градусқа ығысқан үш сымнан құралған тізбектер жиынтығын айтады.
Үш фазалы генератордың негізгі бөліктеріне жатады: