- Таза жартылайөткізгіштерде әр уақытта бірдей мөлшерде еркін электрондар мен кемтіктер болады. Сондықтан оның өткізгіштігі жартылай электрондық және жартылай кемтіктік. Мұндай өткізгіштікті меншікті өткізгіштік деп атайды.
- Температурасы артқан кезде онда электрондар мен кемтіктер саны да артатындықтан меншікті өткізгіштігі де артады.
- Электрлік қасиеттеріне байланысты барлық сұйықтарды 2 түрге бөлуге болады:
Сұйықтар
Өткізетін
Еркін зарядталған бөлшектері бар (диссоциациаланатын)
Оларға: ерітінділер (көп жағдайда судағы) және тұздардың, негіздер мен қышқылдардың қоспалары жатады
Өткізбейтін
Еркін зарядталған бөлшектері жоқ (диссоциациаланбайтын)
Оларға: дистелденген су, спирт, минералды майлар, т..б.)
Электрлік диссоциация деп – молекулалардың еріткіштің әрекетінен иондарға ыдырауын айтады.
Na Cl
Na+
Cl-
NaCl Na+ + Cl-
Басқа заттардың диссоциациясы:
CuSO4 Cu 2+ + SO42-
HCl H + + Cl-
Диссоциация кезінде металл және сутек иондары әрқашан оң, ал қышқылдық радикалдар мен ОН тобы – теріс иондар.
Ас тұзының электролиттік диссоциациясы
Достарыңызбен бөлісу: |