«Электрмен қамтамасыз ету»


Іске қосылудың шапшаңдығы



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі489,4 Kb.
#88102
1   2   3   4   5
Іске қосылудың шапшаңдығы - өшіру уақыты, оның төмендеуі тұтынушыға кернеудің әсерін, қорғалатын элементтің зақымдалудан түскен зардаптарды азайтуы.
Жұмыс жасау орнықтылығы – қорғаныстың бөгеуіл болып табылатын зақымдалулар кезінде іске қосылмау және нақты зақымдалулар кезінде іске қосылу қасиеті.
Сенімділік – қорғаныстың берілген техникалық дәлділіктегі, яғни істен шығудың минималды мөлшері, функцияларды орындау қасиеті. Қорғаныстың АҚ-ң оның негізгі функцияларымен сәйкес істен шығуы іске қосылудың істен шығуы, артық немесе жалған іске қосылу болуы мүмкін.
Қорғаныстың істен шығуы элементтердің сипаттамаларын өзгерту нәтижесінде немесе оларды құрылыстан шығуы нәтижесінде болады. Қорғаныс АҚ-ң функционалды сұлбасы автоматты басқару принциптерімен сәйкес 1.1-суретте көрсетілген құрылымдық сұлба түрінде көрсетілуі мүмкін.

Қорғаныстың автоматты құрылғысының функционалды сұлбасы: ПС 1 және ПС 2 – сигналдың кіріс және шығыс өлшеуіш түрлендіргіштері, ПР – релелік сипаттамалы түрлендіргіш (логикалық элемент), У – тағайыншама, И – индикатор, БП – қорек блогы, КА – реле.
Нақты АҚ-да автоматты ажыратқыштардан бастала отырып көрсетілген сұлбаның жеке түйіндеріндегі функциялар нақты құрылғылардың әртүрлі элементтерімен орындалуы мүмкін.
Кез келген АҚ-ң басты түйіні уақыттық кешігумен, сондай-ақ онсыз да (АҚ уақыт ұстанымымен және үзiндi) орындалатын логикалық элемент және АҚ қорғанысының – тоқтық қорғаныс релесі, кедергі релесі, бағытталған қуат релесі және т.б., типтерін анықтайтын өлшеуіш орган болып табылады. Элементтің шығысында және кірісінде екі өлшеуіш органның болуы абсолютті селективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дифференциалды қорғанысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Кейбір жағдайларда сұлбаның жеке блоктарының болмауы да мүмкін.Мысалы, электромеханикалық реледе орындалған АҚ-да қорек блогы жоқ, ал түрлендіргіштер электрмеханикалық құрылғы болып табылады.
Аналогтық микросұлбаларды және микропроцессорларды қолданатын АҚ-да құрылғының жұмыс жасауын және қоректің үзілісі кезінде деректерді сақтауды қамтамасыз ететін қорек блогы пайда болады, ал индикатор дисплей деректерді бейнелейтін едәуір күрделі алфавитті-сандық құрылғы болып табылады.
Аналогтық және сандық сұлба техниканың жетістігі электромеханикалық реледегі релелік қорғаныс және автоматиканың дәстүрлі құрылғыларына дес бермейтін жоғары сенімділіктегі АҚ жасауға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, АҚ-ң көбіне коммутациялық аппараты әлі күнге дейін түйіспелік электромеханикалық құрылғы болып табылады.  
Желінің аса жиі зақымдалуының бірнеше түрлері бар қысқа фаза аралық тұйықталулар (ҚТ) болып табылады.

.


Сақтандырғыштар келесі параметрлермен сипатталады:


a) қыстырғының номиналды тогы Івс.ном – шекті ток, оның ұзақ өтуі кезінде қоспа балқымайды;
b) сақтандырғыштың номиналды тогы Іпр.ном – ұзақ өтуі кезінде корпусқа зақым түспейтін ток;
c) сақтандырғыштың номиналды кернеуі Uвс.номқоспа күйіп кеткеннен кейін сақтандырғыш шыдай алатын кернеу;
d) шекті өшіре алатын ток Іоткл.макс – максималды ток, оның үзілгені кезінде жұмыс істеу қабілеті сақталады.
Сақтандырғышты таңдау келесі шарттарды сақтау арқылы жүргізіледі



Үш фазалық тізбектің қысқа тұйықталуының түрлері (а) және оларға сәйкес (б – К(3); в – К(2); г – К(1)) векторлық диаграммалары
Үш фазалық ҚТ кезінде (2.1 сурет, б) тоқтар тура реттіліктегі симметриялы жұлдызшаны құрайды. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері бұл жағдайда мынаған тең болады

Екі фазалық ҚТ кезінде ҚТ тоқтары фазааралық ЭҚК  арқылы туындайды. Жүктеме тоғын есепке алмағандағы зақымдалмаған фазадағы тоқты  деп есептеуге болады. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері

болуына байланысты екі фазалық ҚТ тоқтары тура және кері реттіліктің құрауыштарын тудырады.
Бір фазалы ҚТ және бейтараптың терең жерлестірген кездегі (2.1 сурет,г) жүктеме тоғын есептемегенде қозғалмайтын фазалардың тоқтарын  деп есептеуге болады. ҚТ тоғы бұл кезде

мұндағы  - тура, кері және нөлдік реттілік жүйесінің және желінің қосынды кедергілері.
Бір фазалы ҚТ тоғы тура, кері және нөлдік реттіліктегі тоқтардан тұрады.
Осылайша қысқа тұйықталулар желінің зақымдалған бөлігін өшіруді талап ететін асқын тоқтардың пайда болуына алып келеді.
Желілерді және тұтынушыларды бір фазалық немесе фаза аралық ҚТ-дан және ажырату қажет болатын кездегі асқын жүктелулерден қорғау үшін кейбір орнықталған мәніндегі тоқтың асып кетуін сезетін тоқтық қорғаныс кеңінен қолданылады.
Тоқтық қорғаныс әртүрлі элементтермен жүзеге асады: сақтандырғыштар, электромагнитті және құрама ағытқыштары (автоматтарда) бар автоматты ажыратқыштар, максималды тоқ релесі. Біржақты қоректенетiн радиалды торапта тоқтық қорғаныстың әсері көрсетілген:
Біржақты қоректенетiн радиалды тораптағы тоқтық қорғаныстың сұлбасы
З1, З2, З3 қорғаныстары қорек көзі жағынан әрбір желінің басында орнатылған. Қорғаныстың әрқайсысы өз желісін сол аумақты немесе келесі қосалқы станцияның қорғанысы зақымдалған кезде өшіруі керек. Қалыпты тәртіпте қорғаныстың ешқайсысы іске қосылмауы керек, сол үшін қорғаныстың іске қосылу тоғы қалыпты тәртіпте желідегі тоқтан жоғары таңдалады.
К нүктесінде қысқа тұйықталу кезінде З3 қорғанысы іске қосылуы керек. Оның мұндай әсері келесілердің арқасында іске асуы мүмкін:
а) қорек көзі жағына қарай ұстанымның өсуі мен өшірудің тежелуін тудыруымен  ;
б) қорғаныстың іске қосылу тоғының сәйкес таңдалуымен.
Максималды тоқтық қорғаныс (МТҚ) уақыт ұстанымын таңдау арқылы селективтілікті қамтамасыз етеді:
-  іске қосылу уақытының тәуелсіз сипаттамасы бар МТҚ-ң тоқтан тәуелсіз ұстанымы болады;
- іске қосылу тоғының тәуелді немесе шекті тәуелді сипаттамасы бар МТҚ-ң тоқтық-уақыттық сипаттамаға тәуелсіз ұстанымы болады.
Тоқ үзiндiсi іске қосылу тоғының таңдалуы арқасында селективтілікті қамтамасыз етеді.
Тәуелді (1) және тәуелсіз (2) сипаттамалары бар максималды тоқтық қорғаныстың, сонымен бірге тоқ үзiндiсiдің (3) сипаттамалары 3.2-суретте көрсетілген.

Максималды тоқтық қорғаныстың сипаттамалары

Автоматты ажыратқыштар (АА) сақтандырғыштарға қарағанда көп рет қолданылатын коммутациялық аппарат және қорғаныс құрылғылары болып табылады. Олар 1000 В-қа дейінгі цех желілерінде электр қондырғыларын қорғау үшін кең қолданылады.


АА-ның негізгі элементі электр механикалық құрылғы – электромагнитті ағытқыш болып табылады. Ол ажыратқышты өшіруге мүмкіндік береді, егер ток тағайыншама тогынан асып кетсе, электромагнитті ағытқыш автоматтың мүмкіндіктерін кеңейтуге және сипаттамалардың әртүрлі түрлерін – токтық үзiндiсi және тәуелді (уақыт токтық) сипаттамаларды алуға мүмкіндік беретін жылулық және сағаттық механизмдермен, сәйкесінше электромагниттік ағытқышы бар құрама АА үшін электромагниттік жылулық, электромагниттік және сағаттық механизмдермен толыға алады. Электромагниттік ағытқышы бар АА-тың қағидалық кинематикалық сұлбасы және оның уақыт тоқтың сипаттамасы 3.5 суретте көрсетілген.


Құрама электромагнитті және жылулық ағытқышы бар автоматты ажыратқыштың I   Iуст2 үшін тәуелді (уақыт тоқтық) сипаттамасы болады және I   Iуст2 болған кездегі ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды. I   Iуст1  Iуст2 тогы кезінде Т биметалдық элемент майыса отырып, З ілгегін босататын Р рычагына әсер етеді. I   Iуст2 тогы кезінде автомат ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды, себебі Т элементі едәуір жылулық инерцияға ие бола отырып рычагқа әсер етуге үлгермейді.


Сондай-ақ құрама электромагнитті ағытқышы және сағаттық механизмі бар автоматты ажыратқыштың екі Iуст1 және  Iуст2 тағайыншамалы тәуелді (уақыт тоқтық) сипаттамасы болады.
Егер Iуст1   I  Iуст2 болса, онда Я якорі ЭМ магнитіне тартыла отырып, П3 қатты серіппесінің күшінен аса алмай қалады, бірақ П2 жұмсақ серіппені созады, нәтижесінде ЧМ сағаттық механизмнің рычагымен белгіленетін а нүктесі тұрақты жылдамдықпен төмен қарай қозғала бастайды және I тогына тәуелді белгілі бұрылу бұрышы арқылы ЧМ рычагы а нүктесін босатады, сонда автомат ажыратылады.
Егер  I  Iуст2 болса, онда якорь П3 қатты серіппесінің күшін жеңіп кетеді және автомат ток үзiндiсi сияқты жұмыс жасайды. Iуст1 және  Iуст2 тағайыншамалары серіппе созылмасын өзгертетін У1, У2 құрылғыларымен сәйкесінше беріледі.
Автоматты ажыратқыштар мынадай параметрлермен сипатталады:
a) номиналды кернеу Uав.ном;
b) Iав.ном номиналды ток – түйіспелер арқылы шексіз уақыт ішінде өтетін ток;
c) Iрасц..ном ағытқыштың номиналды тогы – ағытқыштың іске қосылуына әсер етпей өтетін ток;
d) Iуст1 жай іске қосылатын ағытқыштың тағайыншама тогы;
e) Iуст2 тез іске қосылатын (үзiндiсi) тағайыншама тогы;
f) уақыт тоқтық сипаттама.

Кранштейн 7 арқылы осьте 10 бекітілген, болаттан жасалынған якорьды жай бұру арқылы, релені іске қосуға болады. 10 осі арқылы бекітілген 7 пронштейн, 1 магнит өткізгіш 2 орамнан құралады. 8,9 туйіспелері 5 көпірмен тұйықталады, таяныштары зәкір айналуын шектейді . 4 серіппе кері момент құрастырады.



Егер максималды тоқтық немесе басқа релелі құрылғының шектік көру нүктесінің, желіге тұйықталу немесе желіден ажырауын қарастырсақ 3.11 , онда 3.12 суретте көрсетілген іске қосу және қалпына келу сипаттамасының гистерезиске катысты қалпына келу коэффиценті  . Максималдық реле үшін қайту коэффиценті 1 –ден кіші болады Кв<1 , минималды реле үшін қайту коэффиценті 1-ден үлкен болады. Кв>1

Шектік құрылыстық сипаттамасы

Тура істеу тоқтык релесінің қайту коэффиценті, жанама істеу тоқтык релесінің қайту коэффицентінен кіші. Егер қарастырылған тура және жанама эл.маг.тік тоқ релесі басқа көптеген эл.маг.тік релелердің жұмыс істеу принципі және құрлымы бойынша ұқсас болса, онда ин.дук максималды токтық реленің жанама жұмысы ерекше назар салуды қажет етеді. Индукциалды максималды токтық реленің жанама жұмысы 3.13 суретте көрсетілген


Негізгі ағын тудыратын, орамада орналасқан реле магнит өткізішінен тұрады және алюминий дискісі бар саңылау ішінде қысқа тұйықталу орамы арқылы Ф1 Ф2 ағын тудырады, және Ф2 ағыны Ф2 фаза бойынша α бұрышына ауытқу соның әсерінен 3 айнымалы дискіде жылжымалы магнит өрісі пайда болады.
Тіреуімен 13 червячтік 8 берісі бар 6 бұрыштық рамкіде орналасқан осьте диск айналады және сол бұрылысты рамка 9 секторымен белгілі бұрышта түйіседі, түйіспелік пластина мен 14 тұйықтайтын түйіспесі бар бұрылыстық тартылысқа әсер ететін 10 шектеу орналасқан. Түйіспелік пластина түйіспелерді және бұрылыста ферромагнитті тұйықтай алады 12. Егер Ф1 , Ф2 ағындары α бұрышына ығысса, онда айналу моменті
Екі ағын  тоғынан пайда болғандықтан, мынаны аламыз  .
Диск айналған кезде магнит өрісінің сызықтарын қиып өтеді, содан қию ЭҚҚ пайда болады, тежеуіш моментін тудыратын қию токтары пайда болады 




Өндірістік кәсіпорындарының салыстырмалы қысқа тарату тораптарында да ТА-лар бір-бірінен алыс орналасады. Қорғаныстың екі Q1 және Q2 ажыратқыштарды да ажырататындықтан, тораптың екі жағында екі ТА орнатылады, сондықтан екінші ретті орамадағы тоқ екі ТА-ға таратылатындықтан, баланс тоғының өсуіне және ҚТ кезінде реледегі тоқтың төмендеуіне әкеледі. 


ДФЗ-ның сезімталдығын және қайта салынғыштығын жоғарылату үшін арнайы дифференциалды тежелуімен бірге релелер қанығатын аралық ТА (НТТ) арқылы релені қосу және қорғанысты автоматты дөрекілеу қолданылады.
Көлденең қорғаныс параллельді желілердің бір соңының аттас фазаларының тоқтарын салыстыруға негізделген. 5.2. суретінде көрсетілген параллельді желілердің көлденең қорғанысы үшін реле тоғы Iр= I1B- I2B.






Қалыптасқан жерге қысқа тұйықталу тоқтарының шамасы желінің бейтараптама режимімен анықталады. Оқшауланған бейтараптамасы бар тораптарда бір фазалы қысқа тұйықталу кезінде орнатылған тоқтардың мәні төмен болады. Доға сөндіретін катушка арқылы жерге қосылған бейтараптамасы бар тораптарда бір фазалы қысқа тұйықталу кезінде болатын тоқтарды едәуір төмендетуге болады. Бір фазалы қысқа тұйықталулардан қорғайтын тоқтық қорғаныс осындай тораптарда қысқа тұйықталу тоғында пайда болатын жоғары гармоникаларға жауап қайтарады, сондай-ақ құрамында нөлдік реттілік фильтрлері бар бағытталған тоқтық қорғаныс қолданылады. Бір фазалы жерге қысқа тұйықталу кезінде торапта нөлдік реттіліктің кернеуі пайда болады және де ол кернеу қалыпты тәртіпте зақымдалған фаза ие болған шамасы бойынша тең және таңбасы бойынша кері болатын кернеуге тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет