«Электролиттік диссоциациялану» тақырыбына тест тапсырмалары А


«Азот топшасы» тақырыбына тест тапсырмалары



бет3/11
Дата30.11.2022
өлшемі186,5 Kb.
#53814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Азот топшасы» тақырыбына тест тапсырмалары

1.VA топтағы элемент атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондық конфигурациясының жалпы формуласы қандай?


А. 5s2 5p3;
Ә. 5s1 5p4;
Б. 5s3 5p2;
В. 5s0 5p3;
2. Массасы 1,7 грамм аммиактан 5 грамм аммоний хлориді алынғандығы белгілі болса, тұздың шығымы қандай?
А. 5,35%;
Ә. 9,3%;
Б. 53,5%;
В. 93%.
3. Азот атомының электрондық конфигурациясы қандай?
А. N ∙ ;
Ә. N : ;
Б. ∙ N : ;
В. : N : .
4. Азот қышқылы қай затпен реакцияға түспейді?
А. Cu;
Ә. Zn;
Б. Pt;
В. Fe.
5. Мыс түйіршіктері мен концентрлі азот қышқылының әректесуі нәтижесінде қандай газ түзіледі?
А. NO2;
Ә. NO;
Б. N2O;
В. NH3
B
1 VA топтың элементтерінің реттік нөмерінің өсу реті бойынша Э2O3 – тің қасиеті қалай өзгереді?
А. Қышқылдық оксидтен негіздік оксидке;
Ә. Негіздік оксидтен қышқылдық оксидке;
Б. Өзгермейді;
В. Тек қышқылдық оксид түзеді.
2. Азот қандай қосылыста теріс тотығу дәрежесін көрсетеді:
А. N2O ;
Ә. NO;
Б. NO2;
В. Na3N.
3. NH3 – PH3 – AsH3 – SbH3 – BiH3 қатарында сутекті қосылыстарының тұрақтылығы:
А. Артады;
Ә. Кемиді;
Б. Өзгермейді;
В. Кемиді, содан соң артады.
4. Қандай қосылыста азоттың массалық үлесі көп?
А. NaNO3;
Ә. NH4NO3 ;
Б. N2O3,
В. N2O5
5. Қандай зат термиялық ыдырағанда бос металл бөлінеді?
А. KNO3;
Ә. Mg(NO3)2;
Б.Pb(NO3)2;
В.AgNO3
6. Нитриттер тотығу-тотықсыздану реакциясында қандай қасиет көрсетеді?
А. Тек тотықсыздандырғыш;
Ә. Тек тотықтырғыш;
Б. Әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш;
В. Тотығу-тотықсыздандыру қасиет көрсете алмайды.
7. Құрамынды азоты ең көп минералды тыңайтқыш?
А. Натрий селитрасы NaNO3;
Ә. Калий селитрасы KNO3;
Б. Аммоний селитрасы NH4NO3;
В. Карбамид CO(NH2)2.
8. Азот қышқылын қоңыр шыныдан жасалған ыдыстарды сақтайды, себебі күн сәулесінде ыдырап мынадай заттар түзіледі?
А. NH3 және O2;
Ә. NO және NO2;
Б. NO2 және O2;
В. NO2 және N2O;
С
1. 15 л сутегі мен 15 л азоттан тұратын қоспа жоғары қысымда және жоғары температурада катализатор арқылы өткізілді. Егер негізі өнім шығымы 50 % болса, реакция жүргеннен кейін реакциялық ортада қандай газдар және қандай көлемдік қатынаста болады?
А. 10 л NH3 , 10 л N2;
Ә. 5 л NH3, 12,5 л N2, 7,5 л H2;
Б. 5 л NH3, 5 л N2, 7,5 л H2.
В. 30 л NH3.
2. 3Cu0 + 8H+ + 2 NO3→3Cu2+ + 2NO + 4H2O реакцияда не тотығады?
А. NO;
Ә. NO3;
Б. H+;
В. Cu0
3. 9.8%- дық 250 грамм фосфор қышқылыны ерітіндісінде 14,2 грамм фосфор (V) оксиді ерітілді. Түзілген ерітіндідегі фосфор қышқылының массалық үлесі қандай?
А. 5,4 %;
Ә. 14,7 %;
Б. 16,7 %;
В. 17,6 %
4. 32 л сутегі мен 10 л азот қалыпты жағдайда әрекеттестірілгенде шығатын өнім шығымы 10% болса, аммиактың қандай көлемі түзіледі?
А. 2 л;
Ә. 10 л;
Б. 20 л;
В. 32 л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет