14. Антеннаның поляризвциясы, өткізу жолағы және бағытталу қасиеттеріне байланысты классификациясы. Оларды сипаттаңыз
Антенналар поляризациясы бойынша: сызықты поляризациялы және айналушы поляризациялы антеннадар болып бөлінеді.
Өткізу жолағы бойынша:
тар жолақты
кең жолақты
кең(көп) диапазонды
Бағытталу (таралу) қасиеті бойынша:
Бағытталған, бпғытталмаған.
Орнатылуына байланысты:
Жер үсті, қозғалмалы.
Радиотехникалық құрылғының қолдану аясына байланысты: байланыс, навигациялық және радиолокациялық.
Формасы бойынша:
Сызықты, екіөлшемді, үшөлшемді беттік.
15.Қабылдаушы-таратушы антенналардың радиотехникалық және физикалық сипаттамалары мен параметрлері
Антенна дегеніміз – радиотолқындарды қабылдауға не таратуға арналған құрылғы. Антенналар функциясына байланысты қабылдаушы, таратушы және қабылдап-таратушы деп бөлінеді. Антенна тарату режимінде электромагниттік тербелісті радиотаратқыштан келетін энергияны кеңістікте таралатын электромагниттік толқынға түрлендіреді. Қабылдау режиміндегі антенна антеннаға келіп түсетін электромагнит толқын энергиясын электромагниттік тербеліске айналдырады. Осылайша антенна фидер бойымен оған келген электромагниттік тербелісті электромагниттік сәулелендіруге түрлендіргіш(айнымалы тоқты электромагниттік толқынға) болып табылады, және керісінше де түрлендіре алады.