Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Электромагниттік толқындар (ЭМТ). ЭМТ шкаласы



бет2/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

1.Электромагниттік толқындар (ЭМТ). ЭМТ шкаласы.

Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады,сондықтан да олардын ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді. Айнымалы электро-магниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды. Электромагниттік толқындардың бар екенін 1832жылы М.Фарадей болжаған.1865жылы Максвелл электромагниттік өрісті сипаттайтын теңдеулер жүйесінің анализінің нәтижесінде, теориялық түрде, вакуумда электромагниттік өріс – көздер(зарядтар мен токтар) жоқ кезде де бар бола алатынын көрсетті. Көз жоқ өріс вакуумда жарық жылдамдығына тең(с = 299792458±1,2 м/с) жылдам-дықпен таралатын толқындар түрінде болады. Вакуумда электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығының бұдан ертеректе өлшенген жарық жылдамдығымен сәйкес келуі Максвеллге келесі тұжырымды жасауға мүмкіндік берді – жарық электромагниттік толқын түрінде болады. ЭМ өріс үшін Максвелл теңдеулері:

1.Уақыт б-ша өзгерген магнит өрісі контур бойымен электр өрісін тудырады, және керісінше;

2.Айнымалы электр өрісі контур бойымен магнит өрісін туғызады;

3.табиғатта оң және теріс зарядтар бар екенін дәлелдейді;

4.Табиғатта магнит зарядтары жоқ.
1888жылы электромагниттік толқындар теориясын тәжірибелік түрде Г.Герц дәлелдеді. Жоғары кернеу көзін және вибраторды қолданып Герц электромагниттік толқынның таралу жылдамдығын және оның ұзындығын анықтауда дәл зерттеулер жасай алды.Тәжірибе жүзінде электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы жарық жылдамдығына тең екені дәлелденді. Бұл жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдейді.

Электромагниттік өріс Максвелдің 4 теңдеуімен сипатталады, олардың арқасында радиотолқындарды, жарықты, рентген сәулелерін және гамма-сәулеленуді сипаттауға мүмкіндік бар. Олар табиғаты әртүрлі сәулелер емес, толқын ұзындығы әртүрлі электромагниттік толқындар екені анықталды.

ЭМТ шкаласы:



Радиотолқындарда , ;

Инфрақызыл сәулеленуде ,
Көрінетін сәуле шығаруда ,

Ультракүлгін сәулелену ,

Рентген сәулелері ,

Гамма-сәулеленуі ,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет