Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Қабылдаушы антеннаның әрекеттегі ұзындығы



бет21/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

21.Қабылдаушы антеннаның әрекеттегі ұзындығы

Алғашында сым антеннасы теориясының дамуының ерте сатыларында, инженерлік есептеу әдістері жеткілікті дамымаған кезде, тікелей сым немесе құбырлардан жасалған реалды антенналарды эквивалентті сымды антенналаға ауыстыруға тырысқан болатын.

Әрекеттегі ұзындық түсінігі таратушы антенналар жағдайында сирек қолданылады. Ал қабылдаушы антенналарды қарастыратын болсақ бұл ұғымның өте үлкен физикалық мағынасы бар және ол әлдеқайда көп қолданысқа ие. Қабылдаушы антеннаның әрекеттегі ұзындығы , қабылдаушы антеннаның бағытталу диаграммасының негізгі тармағының бағытынан келетін, антеннадағы радиотолқынмен дәлденген ЭҚК-нің қабылдау нүктесіндегі кернеулікке қатынасымен анықталады. Дәлденген ЭҚК антенна ұзындығы бойынша біркелкі таралады. Қабылдағыш антеннаның эквивалентті сұлбасында улестірілген ЭҚК әрекеті шоғырланған эквивалентті ЭҚК-мен ауыстырылатын. Осылайша, қабылдаушы антеннаның келтірілген анықтамасына сәйкестендіре отырып, өрнегін жазуға болады.

Бұл формулада бұл қабылдағыш антеннаны масимальды қабылдау бағытынан сәулелендіретін толқынның электр өрісінің комплекстік кернеулік амплитудасының модулі. Міндетті шарт – қабылдағыш антеннаның сәулелендіргіш өріспен поляризациясы бойынша келісімді болуы. Бір антеннаның қабылдағыш және таратқыш режимдегі әрекеттегі ұзындығының сандық мәндері бірдей болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет