Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Таратушы және қабылдаушы антенналардың фидерлері



бет27/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

27. Таратушы және қабылдаушы антенналардың фидерлері

Радиоқұралдардың маңызды құраушысы радиотаратқыш пен таратушы антенна арасындағы немесе қабылдаушы антенна мен радиоқабылдағыш арасындағы фидерлер болып табылады. Байланыс және хабар тарату мақсатында қолданылатын радиоқұралдардың фидерлерін жекеленген екі классқа бөлуге болады: ашық және жабық. Ашық фидерлер – ереже бойынша таратудың екі сымды немесе төрт сымды симметриялы линиялары. Жабық фидерлер коаксиалды кабельді немесе бос металлдық толқын арнасын (волновод) көрсетеді. Ашық линиялар 30 МГц-ке дейінгі, кабельдік – 3000 МГц-ке дейінгі, толқын арналық – 30 ГГц-ге дейінгі жиіліктерде қолданылады.

Фидерлерге қойылатын негізгі талаптар оның ішінде энергия шығындарын минимумге келтіру болып табылады. Фидерлердің конструкциясына тәуелді энергия шығындары: металлдық элементтерді, изоляторларды және қоршаған ортаны қыздырумен, сондай-ақ сәулеленумен (ашық фидер жағдайында) анықтала алады. Фидердің сапасы, энергия шығыны мағынасында, пайдалы әсер коэффициентімен анықталады. 1-суретте келтірілген радиобайланыс линиясның схемасын қарастырайық. Фидердің пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз оның шығысындағы және кірісіндегі радиожиілікті сигналдар қуатының қатынасы:

.



1-сурет
Фидердің жеткілікті электрлік төзімділігі болу қажет, яғни электрлік тесілу қауіпісіз талап етілетін қуатты жіберуге есептелу керек.

Фидерлер антенналық эффекттен тәуелсіз болу қажет, яғни өз бетімен электромагниттік толқындарды шығармау немесе қабылдамау қажет. Антенналық эффект фидерде шығындардың өсуіне әсер ететіндіктен жағымсыз, сондай-ақ оның әсерінен таратушы антеннаның бағытталу диаграммасы бұрмаланады. Антенналық эффекттің таратушы антеннаның фидеріне әсері одан әрмен жағымсыз болуы мүмкін, себебі ол бағытталған антеннаның барлық құндылығын жоққа шығаруы және радиоқабылдағыштың кірісінде сыртқы кедергілерд қуатының күрт өсуін беруі мүмкін.

Фидердің маңызды параметрі оның конфигурациямен, геометриялық өлшемдермен және сымдар арасындағы кеңістікті толтыратын материалдармен анықталатын толқындық кедергісі болып табылады. Фидердің толқындық кедергісінің мәні фидердің таратушы антеннамен және таратқышпен немесе қабылдаушы антеннамен және қабылдағышпен сәйкестендіру мәселесінде ерекше роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет