32. Рупорлы антенна және оның бағытталу диаграммалары
Рупорлы антенна - ашық сәуле шығарушы соңы бар айнымалы қиманың волноводынан тұратын апертуралы антенналар класына жататын антенна. Рупорлы антеннаны рупордың тар соңына жалғанған волноводпен қоздырады. Рупордың формасы бойынша Е-секториалды, Н-секториалды, пирамидалы және конустық антенналар болып бөлінеді.
Рупорлы антенналар өте кеңжолақты және жеткізу желісімен өте күшті келісіледі, іс жүзінде антеннаның жолағы қоздыратын волноводтың қасиеттерімен анықталады. Бұл антенналар үшін бағытталу диаграммасының артқы жапырағының шағын деңгейі (-40дБ-ге дейін) тән. Рупорлы антенналар айналы немесе басқа антенналардың сәулелендіргіші ретінде және өзі жеке антенна ретінде де қолданылады. Параболалық шағылдырғышпен бірге құрастырылған рупорлы антеннаны көбіне рупорлы-параболалы антенна деп атайды. Шағын күшейтуі бар рупорлы антенналар өлшеуіш антенналар ретінде көп қолданылады.
Н жазықтығындағы нолдік сәуле шығару бойынша антеннаның бағытталу диаграммасының негізгі жапырағының ені:
Е жазықтығындағы нолдік сәуле шығару бойынша антеннаның БД-ның негізгі жапырағының ені:
Рупорлы антеннаның горизонтальды және вертикалды бағытталу диграммалары