Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Антеннаның күшейту коэфиценті. Бағытталған әсер коэффициенті арқылы ПӘК



бет36/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

36. Антеннаның күшейту коэфиценті. Бағытталған әсер коэффициенті арқылы ПӘК

Антеннаның күшейту коэфиценті (КК) – эталон антеннаның кірісіндегі қуаттың қарастырылып отырған антеннаның кірісіне келетін қуатқа қатынасын айтамыз. Екі антеннаның да берілген бағытта бірдей қашықтықта тудыратын өріс кернеуінің мәні немесе қуат ағынының тығыздықтары бірдей болуы керек.

КК – өлшемсіз шама, децибел арқылы өрнектеледі (дБ, дБи, дБд). КК белгілеу үшін G латын әрпін қолданады (Gain).

Антеннаның күшейту коэфиценті антенна сәулелендіретін электромагнитті толқынның қуат ағынының тығыздығы бақылау нүктесінде өзгермейтіндей берілген антеннаны идеалды бағытталмаған антеннамен ауыстырғанда антенна кірісіндегі қуатты (таратқыштың шығысындағы қуат) қанша есе арттыру керектігін көрсетеді. Бағытталмаған антеннаның бағытталған әсер коэфиценті (БӘК) 1-ге тең деп есептеледі.

Бағытталған әсер коэфиценті (БӘК) – берілген бағытта антеннаның туындататын өріс кернеуінің квадратының барлық бағыт бойынша өріс кернеуінің квадратының орташа мәнінің қатынасына тең.

БӘК – өлшемсіз шама, децибел арқылы өрнектеледі (дБ, дБи, дБд). БӘК белгілеу үшін D латын әрпін қолданады (Directivity).

БӘК пен КК-ін ажырата білу керек. БӘК толығымен бағытталу диаграммасының (БД) формасымен анықталады, және антеннаның ПӘК-ін және шағылуды ескермейді.

Антеннаның БӘК мен ПӘК арасында мынадай байланыс бар: G= D*

G- күшейту коэфиценті КК;

D- бағытталған әсер коэфиценті БӘК;

- пайдалы әсер коэфиценті ПӘК.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет