Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Радиотолқындардың космостық кеңістікте таралуы



бет9/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
8. Радиотолқындардың космостық кеңістікте таралуы

Аспанды зерттеу əдістері жетіле келе мынадай жағдай байқалды: аспан денелері – Күн, Ай, алыстағы галактикалар, жұлдыздар арасындағы газдар көзге көрінетін сəулелерден басқа да, электромагниттік толқындарды (радиотолқындарды) шығарып таратады екен. Соңғы жылдарда аспан денелерінен келетін радио сəулелрін зерттейтін астрономияның жаңа бөлімі радиоастрономия пайда болды. Жер атмосферасынан электромагниттік толқындардың бəəрі бірдей өте алмайды. Атмосферада екі «терезе» бар: оның бірі «оптикалық терезе», бұл арқылы көрінетін сəулелеер, оған жақын ультра-күлгін сəулелер жəне инфра-қызыл сəулелердің бір бөлігі өтеді: екіншісі космостық радиотолқындарды өткізеттін «радиотерезе». Осы «радиотерезе» арқылы 8 мм-ден 20 м-ге дейінгі толқындар өтіп Жер бетіне жете алады. Космостық радиосəулелерді қабылдау үшін арналған құралды радиотелескоп деп атайды. Радиотелескоптың негізгі бөліктеері антенна мен қабылдауыштар. Радиотелескоптың да жұмысының негізі кəдімгі телескоптікі сияқты. Келген сəулені антенна жинап алады да қабылдауышқа жібереді.

Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оған дейінгі қашықтықты және оның кеңістіктегі орнын, қозғалыс жылдамдығын анықтау радиолокация деп аталады. Радиолокация негізіне радиотолқындардың өткізгіш денелерден шағылуы алынған. Ол радиотолқындар шағылатын обьектілердің сызықтық өлшемдері толкындардың ұзындығынан артық болғанда айқын байқалады. Сондықтан радиолокациялық станцияларда ультрақысқа толқындарды қолданады. Радиолокация ғарыштық зерттеулер мен астрономияда қолданылады. Радиотелескоптар арқылы шалғайдағы ғарыш денелері шығаратын көрінбейтін кең диапазондағы электромагниттік толқындарды қабылдай отырып, әлемнің құрылысын зерттеу мүмкін болды. Радиолокациялық әдіс негізінде Жерден Айға және Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер планеталарына дейінгі қашықтықтар дәл анықталды.Ғарыштық кемелердің барлығы бірнеше радиолокатормен жабдықталған. Олар тікелей планеталардың бет түрінің қыртысын көрсете алады, аспан денелері туралы көп мағлұматтар береді.Ультрақысқа толқындар ионосфераны тесіп өтеді. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағ. Сондықтан олар ғарышкемелермен байланыс жасау үшін пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет