Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Радиотолқындардың жер бетімен таралуы



бет6/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

5. Радиотолқындардың жер бетімен таралуы

Радио және телехабарларда, радиобайланыста, радиолокация мен радионавигацияда қолданылатын электромагниттік толқындарды радиотолқындар деп атайды. Радиотолқындарды төмендегі 1.1 кестеде көрсетілгендей бірнеше диапазондарға бөледі.

1.1 кесте – Радиотолқындардың диапазондары

Толқындардың аталуы

Толқын ұзындықтарының диапазоны,  

Аса ұзын толқын

> 10000

Ұзын толқын

10000 ÷ 1000

Орташа толқын

1000 ÷ 100

Қысқа толқын

100 ÷ 10

Ультрақысқа толқындар: метрлік

10 ÷ 1

Ультрақысқа толқындар: дециметрлік

1 ÷ 0,1

Толқын ұзындықтарыәр түрлі диапазондарда қолданылатын антенна түрлерінің ерекшелігі бар. Радиохабарларды тарататын ұзын, орташа, қысқа толқындарды вертикаль бағытталған өткізгішвибраторларшығарады. Қабылдау қашықтығын арттыру мақсатында антенналарды мүмкін болғанынша биік орнатуға тырысады. Радиолокация, ғарыштық радиобайланыс және телехабарлар үшінультрақысқа толқындардыпа йдаланады. Ұзындығы жарты толқын ұзындығына тең вибратор немесе бірнеше осындай вибраторлардан құралғанантеннабағытталған метрлік электромагниттік сәуле шығарады. Сантиметрлік және дециметрлік диапазондағы радиосәулелерін шығару үшін параболалық шағылдырғыштар қолданылады.

Бос кеңістіктегі радиотолқындардың таралу заңдары оңай болып келеді, бірақ радиотехника бос кеңістікпен емес жер бетіндегі таралумен байланысты. Тәжірибе және теорияның көрсетуі бойынша, жер беті радиотолқындардың таралуына қатты әсер етеді. Оның физикалық қасиеттерімен (мысалы, теңізбен құрлық арасындағы айырмашылық) қатар, геометриялық формасы да әсер етеді. Жер бетінің радотолқындардың таралуы радиожолға, сәкесінше оның бетіне байланысты. Радиотолқындардың таралуы-үлкен аумақты алатын кеңістікті процесс.


Радиотолқынның таралуы кезіндегі аудан. А-таратқыш антенна, В –қабылдағыш, z1 және z2- жер бетіндегі биіктітері.

Жер беті тегіс емес, көбінесе радиотолқындардың таралуына жолдардың электрлік қасиеттері әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет