Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Жартытолқынды вибратор. Жартытолқынды вибраторлардан тұратын антенналар



бет17/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

17. Жартытолқынды вибратор. Жартытолқынды вибраторлардан тұратын антенналар. Селолық жерлерде Теледидарлық сигналдарды жеке сырт антенналар арқылы қабылдау тиімді. Оның еңқарапайымы — жарты толқынды вибратор. Төмен түсетін кабелі антеннаға симметриалаушы қысқаша тұйықталған ширек толқынды шлейф арқылы жалғасады. Вибратор мен шлейфтің өлшемдері сигнал қабылданатын каналға сәйкес таңдалады. Жарты толқынды вибратор бір каналды антенна болып есептеледі.

ТАЙ-12 диапазонда антенна кен ауқымды вибратор болып табылады. Бұл антенна Теледидарлық барлық 12 каналдын метрлік диапазонындағы толқындардың сигналдарын қабылдай алады.

Мұны екі түрлі етіп жасауға болады:

  • 1-түрі 1—5-каналдарға арналған

  • 2-түрі 6—12-каналдарға арналған.

Төмен түсетін кабелі бұл антенналарға «симетриялы» қосымша құрылғысы жалғанады. Рефлектор ретінде металл тор орнатып, антеннаның бағытталу әсерін жақсарта түсуге болады.

Рамалы антеннаның құрылысы барынша қарапайым және бұл бір-екі Теледидарлық каналды қабылдауға арналған; қажет бағытқа жақсы бағыттала алады. Толқындардың метрлік дианазонындағы Теледидарлық программаларды жеке қабылдауға арналған ең жақсы антенна — ИТА—12 антеннасы. Бұл антенна Теледидарлық 12 каналдың барлығын қабылдай алады және оңай бағытталғыштығымен ерекшеленеді. Қабылдау бағытына қарама-қарсы келетін бөгеуілдік сигналдар лианазонды активті рефлектор арқылы жойылады.

Жеке бөліктерінің санына және бұлардың өзара орналасу қалпына байланысты «толқын каналы» антеннасының сипаттамалары түрлі-түрлі болады: антенналар

  • а) бір каналды

  • ә) Теледидарлық екі-үш каналды қабылдауға арналған;

  • б) диапазонды, мысалы 6—12 каналдарды және дециметрлік диапазондағы толқындардың 21—41 каналдарын қабылдауға арналып шығарылады.

Бұл антенна жақсы бағытталады, ал оның күшейту коэффициенті үлкен мәнге жете алады Түрлі түсті телевизияның сигналдарын қабылдауға арналған арнайы антенналар шығарылмайды. Қандай антеннаны болмасын түрлі түсті кескін сигналын қабылдауға пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін бұл сигналдарды айнытпай қабылдау антенналардың жиіліктік сипаттамасының бір қалыпты болуын талап ететіндігін ескерген жөн. Радиоәуесқойлар жасаған антенналар әдетте бұл талаптан шыға бермейді. Түрлі түсті Теледидарлық кескін сигналдарының жұмыстың алқабында антенналардың жеке бөліктердің өлшемдері тұрақты болады, түрлі түсті кескінді бұзбай көрсету үшін сигналдық деңгейі ақ-қара кескін шығарудағыдан едәуір (2—3 есе) жоғары болуы қажет. Антеннаның күшейту коэффициенттің мәндері өте үлкен болған кезде бұл талапты орындауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет