Антенна дегеніміз – радиотолқындарды қабылдауға не таратуға арналған құрылғы. Антенналар функциясына байланысты қабылдаушы, таратушы және қабылдап-таратушы деп бөлінеді. Антенна тарату режимінде электромагниттік тербелісті радиотаратқыштан келетін энергияны кеңістікте таралатын электромагниттік толқынға түрлендіреді. Қабылдау режиміндегі антенна антеннаға келіп түсетін электромагнит толқын энергиясын электромагниттік тербеліске айналдырады. Осылайша антенна фидер бойымен оған келген электромагниттік тербелісті электромагниттік сәулелендіруге түрлендіргіш(айнымалы тоқты электромагниттік толқынға) болып табылады, және керісінше де түрлендіре алады.