Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Электромагниттік өріс және оның математикалық модельдері



бет4/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

3.Электромагниттік өріс және оның математикалық модельдері.

Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады,сондықтан да олардын ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді. Айнымалы электро-магниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.1865жылы Максвелл электромагниттік өрісті сипаттайтын теңдеулер жүйесінің анализінің нәтижесінде, теориялық түрде, вакуумда электромагниттік өріс – көздер(зарядтар мен токтар) жоқ кезде де бар бола алатынын көрсетті. Көз жоқ өріс вакуумда жарықжылдамдығына тең жылдамдықпен таралатын толқындар түрінде болады. Вакуумда электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығының бұдан ертеректе өлшенген жарық жылдамдығымен сәйкес келуі Максвеллге келесі тұжырымды жасауға мүмкіндік берді – жарық электромагниттік толқын түрінде болады.

Электромагниттік өріс Максвелдің 4 теңдеуімен сипатталады, олардың арқасында радиотолқындарды, жарықты, рентген сәулелерін және гамма-сәулеленуді сипаттауға мүмкіндік бар. Олар табиғаты әртүрлі сәулелер емес, толқын ұзындығы әртүрлі электромагниттік толқындар екені анықталды. ЭМ өріс үшін Максвелл теңдеулері(интегралдық және дифференциалдық түрі):


Бұл теңдейлердің қысқаша түсіндірмесі:

1.Уақыт б-ша өзгерген магнит өрісі контур бойымен электр өрісін тудырады, және керісінше;

2.Айнымалы электр өрісі контур бойымен магнит өрісін туғызады;

3.табиғатта оң және теріс зарядтар бар екенін дәлелдейді;

4.Табиғатта магнит зарядтары жоқ.

Пойнтинг векторы — электр-магниттік энергия ағынының шамасы мен бағытын анықтайтын тығыздық векторы. Ол ағылшын физигі Дж. Г.Пойнтингтің (1852 — 1914) есімімен аталады. Пойнтинг векторының модулі эл.-магн. толқынның таралу бағытына перпендикуляр бірлік бет арқылы бірлік уақытта тасымалданатын электр-магниттік энергияға тең.

(СГС жүйесінде)
(Бірліктердің халықаралық жүйесінде (SI))

мұндағы E және H тиісінше электрлік және магнит өрісінің беріктігі векторлары.Е мен Н векторлары өзара перпендикуляр және электр-магниттік толқынның таралу бағыты мен Пойнтинг векторымен бағыттас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет