Электрондық цифрлық Қолтаңба және сертификат



бет3/3
Дата16.03.2023
өлшемі0,71 Mb.
#74929
1   2   3
Э ЦҚ-ны сақтау тәсілі



Сақтау тәсілі

Сипаттамасы

Компьютер жүйесіне ар- компьютерлік жүйеге арналған цифрлық файл –


налған цифрлық файл электрондық құжаттармен бірге жұмыс істеуге арналған


файлдық жүйенің арнайы бөлімінде компьютерде сақталады.
Kaztoken сыртқы тасығыш ЭЦҚ кез келген компьютерге немесе басқа да қол-

(кәдімгі флеш-жад) даушы цифрлық құрылғыға қосылу мүмкіндігі бар және пин-


кодты теру кезінде растау арқылы ЭЦҚ енгізу мүмкіндігі бар сыртқы тасығышқа жазылады.



Телефонның sim-картасы

карта бөлек беріледі, барлық файл оған орнатылады және құжатты телефонда орнатылған программаның көмегімен қол қою арқылы куәландыруға болады.
















Жеке куәлік

ЭЦҚ кіріктіріліп орнатылған жинақтаушысы бар
жеке куәлікке жазылатын ең ыңғайлы форматтардың бірі. Онымен жұмыс істеу қиын болады, өйткені арнайы картридердің көмегімен ғана компьютермен
өзара әрекеттесуге болады.















Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданудың артықшылықтарын қарастырайық.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану:





  • мәмілені ресімдеу мен құжат алмасуға кететін уақытты едәуір қысқартуға;







  • құжаттаманың растығына кепілдік беруге;




  • ақпарат алмасудың құпиялылығын рттыру есебінен қаржылық шығындарды азайтуға;







  • құжаттарды дайындау, жеткізу, есепке алу мен сақтау рәсімін жетілдіруге әрі арзандатуға ;




  • корпоративтік құжат алмасу жүйесін құруға мүмкіндік береді.

ЭЦҚ қолдану жөніндегі нұсқаулықтар негізінен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты.


Электрондық цифрлық қолтаңбаның программалық коды бұзылудан мықты қорғалған. ЭЦҚ-мен алаяқтық жасау фактілері программалық кодтың бұзылуынан емес, компьютер, флеш-жад немесе мобильді телефон сияқты тасығыштарға біреудің қолы жетуіне байланысты болады. Осылайша, қаскүнемдердің ЭЦҚ-ны қолдану жағдайларының көп бөлігі қолданушылардың өз кінәсінен болады.

Қауіпсіздік бойынша қарапайым ережелер мен нұсқауларды сақтай отырып, оның алдын алуға болады. Ол үшін:





  • ЭЦҚ-мен операциялар жасау үшін қолданылатын компьютер мен компьютерде орнатылған программалық қамтамасыз етілімге бөгде кісілердің кіруіне жол бермеу.




  • Заңды тұлғалар үшін осы мақсатта тек электрондық құжат-тармен жұмыс істеуге арналған жеке компьютер бөлген дұрыс.




  • ЭЦҚ жаңа кілттерін жасаған кезде олар үшін құпия сөздерді өзгерту керек. Екі немесе одан да көп ЭЦҚ үшін бірдей құпия сөзді пайдаланбау ұсынылады, себебі бұл бұзуды жеңілдетуі мүмкін.

  • Егер электрондық поштаға банктен ЭЦҚ құпия сөзін сұраған немесе қосымша программа орнату туралы өтініш хат келсе, оған жауап берудің қажеті жоқ. Банк мұндай өтініші бар хаттарды электрондық поштаға жібермейді. Жағдайды анықтау үшін, банкке қоңырау шалу немесе тікелей жүгіну керек. Ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған сертификаттың қолданылу мерзімі шектеулі. Сертификат иесіне бір жылға беріледі, ол аяқталғаннан кейін оны ұзарту қажет. Қолданыстағы сертификат бар кезде оны ұзарту үшін, eGov.kz порталына кіріп, ЭЦҚ-ны қайта шығаруды таңдау керек, сол кезде сертификаттар қайта шығарылады. Өтінімді растау үшін, арнайы барудың қажеті жоқ.

Бұдан басқа, иесі кілтті тасымалдаушыны жоғалтып алса немесе қараусыз қалдырсa, құпия сөз жоғалған немесе деректемелер ауысқан кезде сертификат кері қайтарылып алынады және орнына жаңасы беріледі.


ЭЦҚ қолдану көптеген мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ өзіңнің ақпараттық қауіпсіздігіңе өте мұқият олуың керек.
Білу мен түсіну



  1. ЭЦҚ деген не?




  1. ЭЦҚ не үшін керек?




  1. ЭЦҚ мен сертифика т ң қандай айырмашылығы бар?




  1. ЭЦҚ-ны неше жстан бастап қолдануға болады?

Қолдану

Деңгейлік тапсырмаларды орында.





  • деңгейі. pki.gov.kz сайтынан Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін алуға арналған жеке нұсқаулықты жүкте. ЭЦҚ кілттері үшін парольге қандай талаптар қойылатындығы және құпия сөзді ұмытып қалсаң, не істеу керектігі туралы ақпаратты тап.




  • деңгейі. Сертификаттар қорын салыстырып, кестені толтыр.




Сертификаттар қоры

Артықшылықтары

Кемшіліктері




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет