Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі



Дата18.05.2023
өлшемі17,96 Kb.
#94401
Байланысты:
электронды темекі


Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі. 
Жастар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған бұл өнімнің қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтата қоймады. Қоғам жастары есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда.
Көптің аузындағы мағлұматқа сенсек, ол темекі шегуді қоя алмай жүрген жандарға таптырмайтын зат, сонымен қатар темекіні зиянсыз алмастыратын құрал ретінде сипатталады.
Ғалымдардың пайымдауынша, электронды темекі кәдімгі темекіге қарағанда зияндылығы тұрғысынан аздау. Бұл әсер көміртегі тотығы токсиндерінің, шайырдың және басқа да қосымша қоспалардың болмауына байланысты. Сонымен қатар, кәдімгі темекі түтіні мен электронды темекі түтінін салыстырар болсақ, оның айналадағы жұтушыларына да салыстырмалы түрде азырақ зияндық етеді екен. Десе де, электронды темекі құрамында 30-дан астам улы заттар бар. Олар: никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Негізгі міндетті компоненттері-глицерин және полипропилен химиялық қоспасы. Электронды темекі денсаулыққа зиян, қауіпі зор бәлекет. Бұл жайында нақты дәлелдер келтірер болсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегу салдарынан әлемде 8 млн адам қаза табады, соның ішінде 7 млн-ы темекі шегетін немесе бұрын тастап кеткендер. Ал темекі түтініне булыққандар саны-1,2 млн. Кейбірі электронды темекіні жай темекіден арылу мақсатында қолданады. Дегенмен мамандардың пікірінше, бұл жалған ақпарат. Себебі Лондондағы шылымның денсаулыққа әсерін зерттейтін орталықтың маманы Амонда Сэрфордтың айтуынша, электронды темекі құрамында никотин бар. Ал никотин адамды шылымға үйір қылады. Шылым түтінің өкпеге тартқанда денсаулық одан көбірек зиян шегеді. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді. Бұған дәлел ретінде, Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын айтады. Тіпті никотин қосылмаған құрылғының өзі де адам ағзасына аса зиян. Егеуқұйрыққа жүргізілген эксперимент нәтижесінде сұйықтығы құйылған жануардың өкпесі 40 күннен кейін іри бастаған. Бұл дәлел шылым шегушілер арасында кең тараған «электронды темекінің зияны аз» деген пікірді жоққа шығарады. Ал қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жанар Калмакованың зерттеуіне сүйенсек:
Қазақстанда соңғы ГАТС зерттеуі 2019 жылы жүргізілген. Соның нәтижесі бойынша 2014 жылы салыстырғанда темекіні қолдану халлық арасында 1-ақ пайызға төмендеген және айтып кететін бір жағдай, бұл ер азаматтар арасында темекі қолдану азайған, керісінше әйелдер және жасөспірімдер арасында темекі қолдану көбейген. Қараша айының үшінші бейсенбісі – халықаралық шылым шегуден бас тарту күні болып белгіленген. Бұл күн темекіге тәуелділікті азайтуды мақсат етсе де, жаһан жұрты «никотиннен» арыла алмай келеді. Оның үстіне қазір электронды темекі сәнге айналды. Бұл табак өнімдерін тұтынушылар санын күрт өсіріп жіберді.
Мұның қаншалықты зиян екені жайында ұшан-теңіз ақпараттар айтылып жатса,да мұны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Қазіргі жұрт қоғамдық орындарда электронды темекі түтінін будақтатып отыратын болды. Шылым жасөспірімдерді желіктірі,түтінімен еліктіріп тұр. Мектеп қабырғасында тәлім-тәрбие алатын қастерлі орында жас жеткіншектер, мұны дүкендерден арнайы, қолжетімді бағада сатып алып, жасырын түрде қолданатындарын баяндады. Десе де, қазір мұндай жаға ұстатарлық жағдайларға мүлде таң қалмайтын болдық. Еліміздің ертеңгі болашағына үміт артып, еркіндігімізді мәңгі сақтайды деп сенім артып жүрген ерлеріміздің тағы бір өнері ме? Мейлі ұлдар ұл ғой ал қыздардың бұл қылығын қалай түсінуге болады? Болашақта аяулы ана, ардақты жар болып бүкіл ұлтты тәрбиелейтін тәрбиешілеріміздің теріс қылықтарын қалайша жоққа шығарамыз? Шылым шегетін анадан ертеңгі күні дені сау, ақылы сау нәресте өмірге келеді ме? Әрине жоқ, өйткені ана бойындағы барлық кемшілік тұстары сәбиге беріледі. Ал қазіргі кішкентай сәби, келешекке елін,жерін, отанын қорғайтын азамат пен азаматша.
Қорытындылай келе айтарымыз, Бірінші байлық-денсаулық демекші,оны сау кезінде бағалайық. Он екі мүшеміз аман-есен, күш-қайратымыз, ерік жігеріміз тасып тұрған шақта оны мағыналы істерге жұмсайық. Электронды темекі, вейптар-өзіңізді алдау. Табак өндірушілердің жарнамасына еліктемей, өзіңіздің, келешек ұрпағыңыздың саулығын ойлаңыз. Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың ұлы игілігі. Осыны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық! Зиянды әдеттерден барынша аулақ болып, қоғамда ұлттық тәрбиемізді нығайтып, жандандырайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет