Екі параллель токтардың өзара әсерлесуі. Ампер заңын қалауымызша орналасқан тогы бар екі өткізгіштің өзара әсер күштерін анықтау үшін қолдануға болады. Бір – бірінен d ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын, түзу сызықты параллель өткізгіштерде І1және І2токтары болсын. Бұлардың әрқайсысы өз маңында магнит өрісін тудырады да, олар Ампер заңы бойынша бір – біріне әсер етеді.
9-сурет
Айталық І1 тогы бар өткізгіштің магнит өрісіне І2тогы бар өткізгішті алып келсек, онда І1 токтың магнит өрісінің күштері І2токтың dl элементіне әсер етеді (9 – сурет). Ампер заңына сәйкес І1ток тарапынан dҒ1, ал І2ток тарапынан dF2күштері бір – біріне әсер етеді.
Енді І2ток тарапынан токтың магнит өрісіне әсер етуші dҒ1күшін анықтайық:
. Ал В1 магнит индукциясының мәнін (9) өрнекке сәйкес былай жазамыз ()
.
Сөйтіп осы В1 – дің мәнін алғашқы формулаға қойып, күшті есептейміз:
Дәл сол сияқты І1ток тарапынан І2токтың магнит өрісіне dF1 күшіәсер етеді, осыны табайық:
.
Ньютонның үшінші заңы бойынша dF1 - dF2, яғни dF1=dF2 = dF болады. Олай болса, екі токтың арасындагы әсер күші мынаған тең:
(10)
Сөйтіп, шексіз ұзын түзу сызықты параллель екі өткізгіштің элементіне арналған өзара әсер күш өтіп жатқан токтардың көбейтіндісіне тура пропорционал да, олардың ара қашықтығына кері пропорционал болады. Өткізгіштердегі токтардың бағыттары қарама – қарсы болған жағдайда да күштердің мәндері осылай табылады, тек олар бір – бірінен тебіледі.
Сонымен Ампер түзу токтардың өзара әсерінен мынадай заңдылықтарды ашты:
1) Бағыттас параллель токтар бір – біріне тартылады.
2) Бағыттары қарама – қарсы токтар бір – бірінен тебіледі.
3) Параллель емес токтар, бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.
Ампер күшінің өлшемінен ампер (А) қабылданған.
Яғни, ампер деп вакуумда бір-бірінен 1 м ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын параллель екі өткізгішпен ток өткенде олардың арасында әрбір метр – ұзындыққа 2·10-7 Н-ға тең күш әсерін туғызатын ток күшін айтады. Олай болса, (10) формуладағы магнит тұрақтысы -дің мәнін табу үшін І1=І2=І=1A,1м, Н, деп орнына қойсақ, мынаны аламыз:
2·10-7 Н
немесе
Гн/м.