Электростатика


Газдағы тәуелсіз разряд түрлері. Солғын разряд. Ұшқынды разряд. Тәжді разряд. Доғалық разряд



бет31/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция (2)

Газдағы тәуелсіз разряд түрлері. Солғын разряд. Ұшқынды разряд. Тәжді разряд. Доғалық разряд. Газ қысымына, электродтардың конфигурациясына, сыртқы тізбектің параметірлеріне байланысты тәуелсіз разрядтың төрт түрі туралы айтуға болады.

  1. Солғын разряд. Разрядтың бұл түрі төменгі қысымды газдарда (Р=0.1 мм. сын. бағ.), мысалы екі электрод дәнекерленген шыны түтіктің ішінде байқалады.

Разряд кезіндегі физикалық құбылыстар өте күрделі. Сондықтан тәуелсіз разрядтың негізгі түрлерін қарастырумен шектелеміз. Бұл разряд Р = 40 мм сын. бағанасы және u=1000 В болған кезде жіңішке жарқырауық “жіп” түрінде байқалады. Р төмендеген сайын жарқырауық “жіп” жуандай түседі, P = 1 мм сын. бағанасы болған кезде әлігі жарқыл түтікшенің көлденең қимасын түгелдей толтырады. Катодқа жақын маңайда катодтық жарқырауық пленка пайда болады. Катод пен жарқырауық пленканың аралығында астондық күңгірт кеңістік болады. Мұнан кейінгі күңгірт кеңістік крукстық кеңістік деп аталады. Бұл кеңістік солғын жарқылға ұштасады. Осыдан кейін фарадейлік күңгірт кеңістік орналасады, түтіктің мұнан өзге бөлігін оң баған деп аталатын жарқырауық газ толтырады. Оң баған өз кезегінде бірнеше күңгірт және жарқырауық имек қабаттарға бөлінеді. Потенциалдардың түтіктің өне бойында бірқалыпты таралмағанын өлшеулер көрсетеді. Алғашында потенциал артып, максимумға жетеді, ал сонан соң көлбеулік бұрышы шағын болатын сызықтық заң бойынша артады. Солғын разрядты болдырып тұру үшін қажет негізгі процестер катодтың маңайында өтеді. Бұған катодтан шығатын екінші реттік электрондық эмиссия мен газдың бейтарап молекулаларының электрондармен соққыланып иондалуы жатады.
Катодтық потенциалдың төмендуі нәтижесінде үдеу алған оң иондар катодты соққылап одан электрондар жұлып шығарады.Катодтан шығатын екінші реттік электрондардың жылдамдығы онша үлкен болмайды, астондық кеңістікте үдетіліп жарқырауық пленка аймағындағы молекулаларды қозырады. Қозуды басу кезінде жарқыл пайда болады. Крукстық кеңістік аймағында молекулалар иондалады. Бұл маңда электр зарядының едәуір шоғыры пайда болады. Сондықтан да бұл кеңістікте жарқыл мүлдем болмайды. Потенциалдар айырымының есебінен бұл зарядтар солғын разряд аймағына енеді де жарық сәуле шығару есебінен жарым-жартылай рекомбинацияға ұшырайды. Зарядтар болған кезде солғын разряд аймағынан фарадейлік кеңістікке диффузия есебінен келеді. Бұл аймақта шоғырлар азаяды. Сондықтан рекомбинация бұл аймақта айтарлықтай жарықтай алмайды. Осының нәтижесінде фарадейлік күңгірт кеңістік пайда болады. Бұл кеңістікте . Өріс үйіріп әкететін электрондар біртіндеп плазмаға қажетті энергия жинақтайды.Оң баған газ разрядты плазманың өзі болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет