Электростатика



бет46/60
Дата18.12.2022
өлшемі9,12 Mb.
#57983
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция

Бақылау сұрақтары



  1. Магнетиктер дегеніміз не?

  2. Атомдағы электронның магниттік және орбитальдық моменттері қарам-қарсы бағытталған?

  3. Гиромагниттік қатынас дегеніміз не?

  4. Атомның магниттік моментті қандай моменттердің қосындысынан тұрады?

  5. Магнетиктердің магнит өрісінің өрнегін жазыңдар.

  6. Магниттік қаблеттілік және магниттік өтімділік дегеніміз не?

  7. Диамагнетиктер және парамагнетиктердің магниттік қасиеттерінің табиғатын түсіндіріңдер.

  8. Магниттелу векторы дегеніміз не?

  9. Ферромагнетиктердегі магниттік гистерезис тұзағын түсіндіріңдер.

  10. Қандай ферромагнетиктер магниттік жұмсақ, ал қандайлары магниттік қатты болады?

  11. Ферромагнетиктердің магниттелу механизмін түсіндіріңдер.

  12. Кюри нүктесі дегеніміз не?

12 Лекция. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ





  1. Электромагниттік индукция құбылысы (Фарадей тәжірибесі)

  2. Фарадейдің электромагниттік индукция заңы, оның дифференциалдық үлгісі. Ленц ережесі

  3. Құйынды токтар. Скин-эффект

  4. Өздікиндукция. Индуктивтік

  5. Өзара индукция

  6. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы



Электромагниттік индукция құбылысы (Фарадей тәжірибесі). Электромагниттік индукция құбылысын 1831 жылы 29 тамызда ағылшын физигі М.Фарадей ашты.
Магнит өрісінде орналасқан тұйық контур арқылы өтетін магнит ағыны өзгергенде тұйық контурда токтың пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды. Пайда болған ток индукциялық ток деп аталады.
Электромагниттік индукция құбылысын табуға көмегі тиген Фарадейдің классикалық тәжірибелерін қарастырамыз.
І. Тәжірибе.

Тұрақты магнитті немесе катушканы суретте көрсетілгендей етіп жоғары-төмен қозғаған кезде гальванометрдің ауытқығаны бақыланады. Ол тұйықталған катушкада индукциялық ток пайда болғандығын білдіреді. Тұрақты магнитті жоғары қозғаған кезде гальванометрдің тілшесі біржаққа қарай ауытқыса, төмендеткен кезде екінші жаққа қарай ауытқиды. Егер магнитті жылдамырақ қозғаса гальванометр тілшесі көбірек ауытқиды.


ІІ. Тәжірибе.



Бірінші катушка гальванометрге, ал екінші гальванометр реостат арқылы ток көзіне жалғанған. Кілтті қосқанда және ажыратқанда гальванометр тілшесі ауытқиды. Қосқанда біржаққа, ажыратқанда екнінші жаққа ауытқитындығы байқалады. Сонымен бірге токты реостат арқылы өзгерткендеде тілшенің ауытқуы бақыланады.
Фарадей барлық тәжірибелерінің нәтижелерін жалпылай отырып, мынадай қорытындыға келді: индукциялық ток катушка арқылы өтетін магнит индукция векторының ағыны өзгерген кезде пайда болады, оның шамасы магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет