Электростатика


Фарадейдің электромагниттік индукция заңы, оның дифференциалдық үлгісі



бет47/60
Дата18.12.2022
өлшемі9,12 Mb.
#57983
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция

Фарадейдің электромагниттік индукция заңы, оның дифференциалдық үлгісі. Ленц ережесі. Контурды қиып өтетін магнит ағыны өзгерсе контурда ток пайда болады. Оның пайда болуы контурда индукцияның электр қозғаушы күші пайда болғандығын білдіреді. Индукцияның э.қ.к.-і тек қана магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен анықталады, яғни:

Нормальдың оң бағытын таңдап, магнит ағынының таңбасын, токтың және э.қ.к-ң бағытын анықтаймыз. Осы қорытындыларды қолдана отырып электромагниттік индукция заңының формуласыны келуге болады:
(1)
Минус таңбасы ағын артуы i <0 э.қ.к-ін тудырады, ағын артуы i >0 э.қ.к-ін тудырады. Минус таңбасы индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған Ленц ережесімен анықталады. Ленц ережесі: индукциялық ток өзінің магнит өрісімен өзін тудырушы магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді.
Қозғалмайтын катушкадағы индукциялық токтың пайда болуын түсіндіру үшін мынадай болжам айтты: магнит өрісі өзгерген кезде айналасында құйынды электр өрісі пайда болады. Құйынды электр өрісінің ЕВ кернеулігінің циркуляциясы i индукцияның э.қ.к-іне тең болыды.
(2)


Құйынды токтар. Скин-эффект.Айнымалы магнит өрісінде орналасқан тұтас шомбал өткізгіштерде де индукциялық ток қозады. Бұл жағдайда индукциялық ток тұйық болады, сондықтан да олар құйынды ток немесе Фуко тогы деп аталады. Шомбал өткізгіштің кедергісі аз болғандықтан құйынды токтар өте үлкен күшке ие бола алады.
Фуко токтарыда Ленц ережесіне бағынады: олардың магнит өрісі құйынды токты индукциялайтын магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер ететіндей бағытталған. Сондықтан күшті магнит өрісінде қозғалатын жақсы өткізгіштер Фуко токтары мен магнит өрісінің өз ара әсерлесуінен пайда болған күшті кедергіге ұшырайды. Гальванометрлердің, сейсмографтардың және басқа приборлардың қозғалмалы бөліктерін тыныштандыру (демпфирлеу) үшін осыны пайдаланады.
Фуко токтарының жылулық әсері индукциялық пештерде пайдаланылады.
Көптеген жағдайларда фуко токтарын болдырмау, әрі олармен күресу үшін арнаулы шаралар қолдануға тура келеді. Мысалы, трансформатор өзектерін құйынды ток қыздыруға кететін энергия шығынын болдырмау үшін, бұл өзектер изоляциялаушы қабаттармен бөлінген жұқа пластинкалардан құралады.
Бойымен айнымалы ток ағатын сымдарда пайда болатын құйынды токтар сым ішіндегі токты әлсірететіндей және бет маңындағы токты күшейтетіндей болып бағытталған. Осының нәтижесінде тез айнымалы ток сым қимасы бойынша біркелкі таралмаған болып шығады-ол өткізгіш бетіне ығыстырылған сияқты болады. Бұл құбылыс скин-эффект немесе беттік эффект деп аталады. Скин-эффект құбылысының болуынан жоғары жиілікті тізбектегі өткізгіштердің ішкі бөлігі пайдасыз болып шығады. Сондықтан жоғары жиілікті тізбектерде түтік түріндегі өткізгіштер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет