§7. Электростатикалық өріс кернеулігі векторының циркуляциясы.
Егер нүктелік зарядының электростатикалық өрісінде 1 нүктеден 2 нүктеге еркін (7.1 сурет) траекторияның бойынмен басқа нүктелі заряды орынауыстыратын болса, онда зарядқа түсірілген күш жұмыс істейді. Элементар орынауыстыруы кезіндегі F күшінің жұмысы:
- болғандықтан
заряды 1 нүктеден 2 нүктеге орынауыстырған кезіндегі жұмысы
орынауыстыру траекториясына байланысты емес, тек бастапқы 1 және соңғы 2 нүктенің орындарымен анықталады. Демек, нүктелік зарядтың электростатикалық өрісі потенциалды, ал электростатикалық күштер – консервативті болады.
(7.1) формуладан электр зарядын кез келген тұйық L жол бойынша сыртқы электростатикалық өрісте орынауыстырған кезінде жасалатын жұмыс нөлге тең, яғни
Егер электростатикалық өрісте орынауыстыратын заряд ретінде бірлік нүктелік оң заряд алатын болсақ, онда жолындағы өріс күшінің элементарлық жұмысы - ға тең, мұндағы - векторының элементарлық орынауыстыр бағытына проекциясы. Сонда (7.2) формуланы былай жазуға болады
кернеулік векторының циркуляциясы деп аталады. Осылайша, кез келген тұйықталған контурдың бойымен электростатикалық өріс кернеулігі векторының циркуляциясы нөлге тең. (7.3) қасиетіне ие болатын күштің өрісі, потенциалды деп аталады. Е векторының циркуляциясыныі нөлге айналуынан, электростатикалық өріс кернеулігі сызықтары тұйық болуы мүмкін еместігі шығады, олар зарядтан басталады және аяқталады (тиісінше оң немесе теріс) немесе шексіз кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |