1 бөлім. Оқу-жоспарлық құжаттама.
1.1 «Электротехника» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы
Түсінік хат
Бұл жұмыс бағдарламасы «Электротехника» пәнінен оқу әдістемелік бағдарламасы мемлекеттік білім стандартына сәйкес құрылған. Оқу жоспары бойынша салат саны-40, соның ішіндегі теориялық -40 сағат.
Бұл пәннің негізгі мақсаты электр және магнит өрісін, тұрақты және айнымалы ток тізбектерін, электрлік машиналар мен аспаптардың, өлшеу аспаптарының, электроника мен автоматика жүйесі аспаптарының жұмыс принципі мен қолданылуын оқытуды қарастырады.
Танымдылық iс-әрекеттердi ұйымдастыру түрлерi ұсынушы сипатта болады. Бөлімді меңгеруге бөлінген сағат саны пән бойынша білім мазмұнының минимумын сақтай отырып өзгертілуі мүмкін.
Осы оқу бағдарламасы «Физика», «Химия», «Математика» пәндері бойынша оқушылардың білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделген.
Пәнді оқыту кезінде «Техникалық сызу», «Құрылымдық материалдар мен металдар технологиясы» пәндерімен интегралды сабақ түрін өткізу ұсынылады.
2.«Электротехника» пәнінен тақырыптық жоспар
№
|
Бөлімдер мен тақырып атаулары
|
Дәріс
|
Барлығы
|
1
|
Кіріспе. Электротехниканың даму кезеңдері.
|
2
|
2
|
2
|
1 бөлім. Электр өрісі.
|
2
|
2
|
3
|
Электр өрісінің кернеулігі.
|
2
|
2
|
4
|
Электрлік сыйымдылық.Конденсаторлар
|
2
|
2
|
5
|
Конденсаторларды қосу
|
2
|
2
|
6
|
Тұрақты ток электр тізбегі
|
2
|
2
|
7
|
Ом заңы.
|
2
|
2
|
8
|
Кирхгофтың заңдары
|
2
|
2
|
9
|
Электромагнитизм
|
2
|
2
|
10
|
Электромагниттік индукция
|
2
|
2
|
11
|
Электр өлшеулер
|
2
|
2
|
12
|
Ток күшін өлшеу. Амперьметрдің өлшеу шегін ұлғайту
|
2
|
2
|
13
|
Айнымалы токты шығарып алу
|
2
|
2
|
14
|
Айнымалы токтың негізгі параметрлері
|
2
|
2
|
15
|
Үш фазалы тізбектер
|
2
|
2
|
16
|
Трансформаторлар
|
2
|
2
|
17
|
Айнымалы тоқ электр машиналары
|
2
|
2
|
18
|
Синхронды машиналар
|
2
|
2
|
19
|
Тұрақты тоқ машиналары
|
2
|
2
|
20
|
Электрлік жетек негіздері және басқару аспаптары
|
2
|
2
|
|
Барлығы
|
40
|
40
|
«Электротехника» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
Бөлім 1 Жалпы электротехника
Тақырып 1.1 Электр өрісі
Электр өрісі және оның негізгі сипаттамалары. Кулон заңы. Зарядталған денелердің электр өрісі, оның бағыты мен кернеулілігі. Электрлік кернеу мен потенциал. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Конденсатор, оның заряды және электрлік сыйымдылық. Электрлік өріс энергиясы. Жартылай өткізгіштер мен диэлектриктердегі электр өрісі. Электрлік тесіп өту. Электрлік оқшаулағыш материалдар.
Тақырып 1.2 Тұрақты ток электр тізбегі
Металдардағы электр тогы және оның бағыты. Қорек көздері. Электр тізбегі, оның негізгі элементтері және сұлбаларда қолданылатын шартты белгілері. Ток күші мен тығыздығы, өлшем бірлігі. Қорек көзінің электр қозғаушы күші және оның қысқыштарындағы кернеу. Электр тізбегінің энергиясы мен қуаты, қуаттар балансы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Электрлік кедергі мен өткізгіштік. Резистор. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тізбектің жұмыс режимі: бос жүріс, қысқа тұйықталу, ауыспалы жүктеме. Электр энергиясын жылуға түрлендіру. Джоуль– Ленц заңы. Сымдардың қызуы. Сымдағы мүмкін болатын (номиналды) ток. Балқымалы сақтандырғыштар. Мүмкін болатын токқа сәйкес сымдардың қимасын таңдау. Негізгі өткізгіш материалдар. Резисторлардың тізбектей, параллельді және аралас жалғануы. Электр беріліс желілері сымдарындағы кернеу шығыны және оның мүмкін болатын мәні.
Кирхгофтың бірінші заңы. Кирхгофтың екінші заңы және оның қолданылуы. Қорек көзінің генератор және тұтынушы режимдеріндегі жұмысы. Қарапайым және күрделі тізбектердің түрлі әдіспен есебі.
Тақырып 1.3 Электромагнетизм және электромагнитті индукция
Магнит өрісі. Магнит өрісінің бағыты, магнит индукциясы. Өткізгіш сипатына сәйкес магнит өрісінің конфигурациясы.Магнит ағыны. Магнит өрісінің кернеулілігі. Дененің магнитті тұрақтысы мен магнит өтімділігі. Магнитті кернеу. Толық ток заңы. Магнит өрісі мен сымның токпен өзара әрекеті. Электромагнитті күш. Магнит өрісінің қозғалатын электр зарядтарына әсері.
Электромагнитті индукция құбылысы. Магнит өрісіндегі сымның тік сызықты қозғалысы кезіндегі индукцияның электр қозғаушы күші. Оң қол және Ленц ережесі. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіру, электрлік генератордың жұмыс принципі. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру, электрлік қозғалтқыштың жұмыс принципі. Өзіндік индукция, өзіндік индукцияның электр қозғаушы күші. Өзара индуктивтілік. Құйынды токтар, олардың тәжірибелік мәні. Индуктивтілік есебі.
Тақырып 1.4 Электрлік өлшеу және өлшегіш аспаптар
Тура және жанама өлшеу. Өлшеу әдістері: тікелей бағалау, салыстыру және араластыру.Қателік түрлері. Өлшеу аспаптарының дәлдік класы. Электр өлшегіш аспаптардың сипаттамалары.
Тұрақты және айнымалы ток пен кернеуді өлшеу. Амперметр пен вольтметрдің өлшеу шегін кеңейту. Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу. Электр энергиясын өндіру және тұтынуды есептеу аспаптары. Тұрақты токтың электрлік кедергісін өлшеу. Индуктивтілік пен сыйымдылықты өлшеу әдісі. Аспаптарды қосу сұлбалары.
Тақырып 1.5 Синусойдалы кернеудің бір фазалы электр тізбегі
Айнымалы ток тізбегінің артықшылықтары. Активті кедергілі айнымалы ток тізбегі. Қисық токтар, кернеу мен қуаттың векторлық диаграммасы. Орташа (активті) қуат. Индуктивтілікті айнымалы ток тізбегі. Индуктивтіліктің реактивті кедергісі. Орташа және максималды (реактивті) қуат.
Индуктивтілік және активті кедергілі тармақталмаған тізбек. Векторлық диаграмма. Кернеу үшбұрышы. Толық кедергі. Кедергі үшбұрышы. Ток пен кернеу арасындағы фазаларфазалардың жылжуы.Толық қуат. Қуаттар үшбұрышы. Тармақталмаған сыйымдылықты тізбек. Векторлық диаграмма. Кернеу, қуат және қисық токтар. Сыйымдылықтың реактивті кедергісі. Сыйымдылықтың реактивті кедергісі. Орташа және максималды (реактивті) қуат. Тербелмелі контур.
Активті, индуктивті және сыйымдылықты кедергінің тізбектей жалғануының жалпы жағдайы. Векторлық диаграмма. Кернеудің активті және реактивті құраушыларға бөлінуі. Кернеу резонансы, кернеу резонансы шарттары.
Активті-индуктивті және сыйымдылықты кедергілерді параллельді жалғаудың жалпы жағдайы. Векторлық диаграмма. Токтың активті және реактивті құраушыларға бөлінуі. Ток резонансы, оның шарттары. Электр жүйесіндегі реактивті қуаттың технико – экономикалық мәні.Реактивті қуатты конденсациялау үшін конденсаторлардың қолданылуы.
Тақырып 1.6 Үш фазалы электр тізбектері
Токтың үш фазалы жүйесін алу. Генератор мен тұтынушылар орамын жұлдызша жалғаған кездегі төртсымды үш фазалы жүйе. Генератор мен тұтынушылардың сызықтық және фазалық кернеуі. Фазалық және сызықтық кернеулер арасындағы қатынас. Қалыпты және қалыпсыз жүктеме. Фазалық және сызықтық токтар. Ток пен кернеудің векторлық диаграммасы. Нейтралды сым (нөлдік) және оның мәні.
Генератор орамдарын үшбұрыша жалғау, жалғау кемшіліктері. Тұтынушыларды үшбұрышша жалғау. Фаза мен сызықтық токтар арасындағы тәуелділік. Кернеу мен токтың векторлық диаграммасы. Тұтынушыны жұлдызша және үшбұрыш жалғаған кездегі үш фазалы тізбектің қуаты.
Тақырып 1.7 Трансформаторлар
Трансформаторлың берілгендері мен қолданылуы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы мен жұмыс принципі. Бос жүріс режимі. Трансформациялау коэффициенті. Бос жүріс кезіндегі трансформатордың векторлық диаграммасы. Бос жүріс кезіндегі тәжірибе бойынша болаттағы шығынды анықтау. Жүктеме кезіндегі трансформатор жұмысы. Орамдардың магниттеуші күшінің теңдігі.
Бірінші реттік орамдағы токтың екінші реттік орамдағы токқа тәуелділігі. Трансформатордың қысқартылған векторлық диаграммасы, ішкі сипаттамасы. Трансформатордың кернеу және номиналды тогының пайыздың өзгеруі туралы түсінік. Трансформатордың номиналды қуаты. Трансформатордың энергия және ПӘК шығыны.
Үш фазалы трансформатор, оның құрылысы мен трансформациялау коэффиниенті. Үш фазалы трансформатор орамдарын жалғау. Автотрансформаторлар, өлшеу және пісіру трансформаторлары туралы түсінік. Пісіру трансформаторларының ерекшеліктері. Автотрансформаторлар. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылу ортасы.
Тақырып 1.8 Айнымалы токтың электрлік машиналары
Электрлік машиналардың жалпы теориясы. Электр машиналарында электрлік және механикалық энергияларды түрлендіру. Электрлік машиналардың негізгі құрылымдық бөліктері. Қайтымдылық принципі. Тұрақты және айнымалы ток машиналарының түрлері, құрылысы мен жұмыс принципі. Якорь мен ротордың магнит өрісі. ЭҚК және якорь реакциясы.
Айнымалы ток машиналарының берілгендері. Тұрақты ток машиналарының берілгендері. Асинхронды электрлік қозғалтқыштар.Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардан айналмалы магнит өрісін алу. Электрлік қозғалтқыш статоры және оның орамдары. Үш фазалы асинхронды электрлік қозғалтқыштың жұмыс принципі. Статор магнит өрісі мен ротордың айналу жиілігі. Статор мен ротор орамдарындағы ток пен кедергі ЭҚК-нің сырғанауы. Асинхронды электрлік қозғалтқыштың айналмалы моменті және оның электрлік қозғалтқыш қысқыштарындағы кернеу мен сырғанауға тәуелділігі. Механикалық сипаттамалары. Қысқа тұйықталушы және фазалық роторлы үш фазалық асинхронды қозғалтқыштарды жүргізу тетігі. Үш фазалы электрлік қозғалтқыштардың айналу жиілігін реттеу. Бір фазалы электрлік қозғалтқыштар. Асинхронды электрлік қозғалтқыштардың ПӘК шығыны.
Тақырып 1.9 Тұрақты ток электр машиналары
Жұмыс принципі. Тұрақты ток генераторлары, қоздыру орамдарын қосу сұлбасы. Генератордың ішкі және реттегіш сипаттамасы.Бір және үш фазалы генераторлар. Бос жүріс сипаттамасы. Синхронды генераторлардың параллель жұмысы.
Тұрақты ток машиналарының жалпы құрылысы, құрылымдық негізгі элементтері мен берілгендері. Тұрақты ток машиналарының жұмыс принципі. Якорь орамы туралы түсінік. Коллектор және оның берілгендері, якорь орамындағы ЭҚК.
Коммутация және оны жақсарту әдістері. Қосынды полюстер. Қоздырғышты тұрақты ток электр қозғалтқышы, оның сұлбасы. Айналу моменті және оның магнит ағыны мен якорь тогына тәуелділігі. Айналу моменті, қуат пен айналу жиілігі арасындағы байланыс.
Тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасы. Параллель қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының айналу жиілігін реттеу. Тұрақты ток электр қозғалтқышын реверстеу. Тұрақты ток қозғалтқышының ПӘК мен шығыны. Тізбектей және аралас қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышы туралы қысқаша мәлімет. Тұрақты ток машиналарының қолданылу ортасы.
Тақырып 1.10 Электрлік жетек негіздері және басқару аспаптары
Электрлік жетек туралы түсінік. Электрлік қозғалтқыштардың жұмыс режимі.Тұрақты жүктемеде ұзақ жұмыс жасау кезінде электрлік қозғалтқыштарды таңдау. Электрлік қозғалтқыштарды басқарушы қосып-реттегіш құрылғылар мен қорғау құрылғылары.
Автоматиканың электрлік және магниттік элементтерінің берілгендері мен түрлері. Түрлері. Коммутациялаушы автоматтар топтары.Қолданылу ортасы. Құрылысы мен жұмыс принципі. Доға сөндіру тәсілдері.
Түймелі жібергіштер, сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар, контакторлар мен магнитті жібергіштер.Контроллерлер. Уақыт релесі және басқарушы-бағдарламалаушы құрылғылар.Электромагнитті реле. Магнитті басқарушы түйіспелер (геркондар) және түйіспесіз релелер.
Достарыңызбен бөлісу: |