«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен


сабақ. Тұрақты ток тізбектері



бет10/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
«Ýëåêòðîòåõíèêà» ï?í³íåí Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

6 сабақ. Тұрақты ток тізбектері.


Құзыреттілік:
Ақпараттық: Электр тізбектері туралы жалпы мәліметтер.Электр тізбектердің басты элементтерімен таныстыру.
Коммуникативтік: Электр тізбектерін есептеу түрлері, шартты белгілері.
Мәселелерді шешу: Электр тізбектерінің схемаларының түрлерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор,слайдтар жинағы, электрлік аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж.


Әдістемелік нұсқау.
Электр тогы туралы ұғыммен таныстырып, өтетін ток түрлерін анықтау қажет. Токтың уақыт аралығында өтетін мөлшеріне байланысты тұрақты және айнымалы ток болатынын олардың шамаларын белгілеу, өлшем бірлігімен ток тығыздығы деген шаманы енгізу керек. Ток енетін тұйықталған бөлікті электр тізбегі дейді. Құрамымен таныстыру қажет. Тізбектегң шартты белгілерді тани білу, қарапайым тізбек құрастыра білуге тиісті және электр қозғаушы күш туралы ұғымымен таныстыру қажет. Осы тақырыпқа тізбек бойындағы өң бой, тармақ, түйін деген ұғымдармен таныстырамыз.


Дәріс
Электр энергиясын қабылдағыштарда, мысалы, электр энергиясы, механикалық (тұрақты токтың электрқозғалтқышы), жылулық (электр пеші), химиялық (электролиздік ванналар) энергияларға түрленеді.
Коммутациялық аппаратуралар, желілер және өлшеу құралдары энергия көзінен электр энергиясын беруге, қабылдағыштар арасында таратуға, барлық электротехникалық құрылғылардың жұмыс істеу режімін бақылауға қызмет етеді.
Электр тізбегін график түрінде кескіндеуді схема деп атайды. 2.1-суретінде мысал ретінде электротехникалық құрылғылардың эскиздік кескіні және олардың қарапайым ток тізбегіне қосылу тәсілі келтірілген.
Ажыратқыш 1-ді қосқанда, электр энергиясын қабылдағыш болып саналатын қыздыру шамы 2 электр энергиясының көзі болып табылатын аккумулятор батареясы 3-ке қосылады. Энергияның қабылдау режімін бақылау амперметр 4 және вольтметр 5 тізбекке қосылған. Алайда, электротехникалық құрылғылардың нақты өздерінің және қиын сызбаларға әкеп тірейді. Егер электротехникалық құрылғыларды шартты белгілермен (ГОСТ-тың ережесі бойынша) ауыстырсақ (2.2-сурет), онда тізбектің кескінін жеңілдетуге болады.
Тізбекті мұндай түрде графикпен кескіндеуді принциптік схема деп атайды. Принциптік схема электротехникалық құрылғылардың қызметін, олардың өзара әсерлерін көрсеткенімен, тізбектің жұмыс істеу режімін есептеуде қолайсыздық көрсетеді. Есептеу жұмысы дұрыс болу үшін, әрбір электротехникалық құрылғыны оны ауыстыру схемасы арқылы көрсету қажет.
Электр тізбегінің ауыстыру схемасы әр түрлі мүлтіксіз (идеализацияланған) элементтер жиынтығы тұрады. Олардың таңдалы алынуы тізбектегі процесті берілген немесе қажетті жуықтау бойынша сипаттаудың мүмкіндігі болып табылады.
Тізбектегі ауыстыру схемасының конфигурациясы төмендегідей геометриялық (топологиялық) анықтамалармен: тармақ, түйін, контур арқылы анықталады. Схеманың тармағы бір немесе бірнеше тізбектей қосылған элементтерден тұрады, олардың әрқайсысының екі ұшы (бастапқы және соңғысы) болады, алдыңғы әрбір элементтің бастапқы ұшы қосылып отырады. Схеманың түйінінде үш немесе одан да көп санды тармақтар қосылады. Контур болса, ол тұйық жол, ол бірнеше тармақтан өткенде де бір тармақ және бір түйінмен бір-ақ рет кездеседі. Одан артық кездесу болмайды.
Егер тізбектің ауыстыру схемасындағы барлық элементтердің параметрлері мәні белгілі болса, онда электротехниканың заңдарын пайдаланып, барлық элементтердің жұмыс режімін есептеуге болады, яғни барлық электротехникалық құрылғылардың электрлік күйін анықтайды.
Бұдан әрі біз электр тізбегін алмастыру схемасы деген терминді қарастырып тізбектің схемасы немесе одан да қысқа схема деп ататйтын боламыз.
Бекіту сұрақтары:
1.Электр тізбектері дегеніміз не?
2.Схеманың түрлері және оларға анықтама бер.
3.Тармақ деген не?
4.Түйін деген не?
5.Контур деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет