«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет12/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
1.Кедергі дегеніміз не?
2.Өлшем бірлігі мен оның негізгі байланыс формулалары;
3.Ток тығыздығы;
4.Ом заңы тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін;
5.Қысқа тұйықталу режимі.
8 сабақ.Кирхгофтың заңдары.


Құзыреттілік:
Ақпараттық: Кирхгрофтың заңдарының есептеу жүргізу. Электр тізбегінің элементтерін жалғаумен таныстыру.
Коммуникативтік: Параллель және тізбектей қосылған тізбекті Кирхгофтың заңдарымен есептей білу.
Мәселелерді шешу: Кирхгофтфтың заңдылықтарды есеппен түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор,слайдтар жинағы, электрлік аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж.


Әдістемелік нұсқау
Электр тізбегін қосқан кезде әр түрлі қондырғылар, аспаптар, құрылғылар қосылады. Олар тізбектегі өтетін токқа қарсы әсер жасайды. Токтың шамасы тізбектеп және параллель, аралас қосылып токтың шамасын қалай өзгертетін және қандай заңдылыққа негізделеді, әр құрылғылар жұмыс істеп жылу шығаратыны мәлім, оның шығыны неге байланысты. Ом заңына байланысты тізбектегі процестер Кирхгоф заңдарыменде анықталады.Осы заңдылықты да осы тақырыпта ашамыз.
Дәріс
Электр тізбегінде өтетін барлық процестер Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарына бағынады. 
Кирхгофтың бірінші заңын екі түрде тұжырымдауға болады: 
1) схеманың кез-келген түйініне келетін токтың алгебралық қосындысы нөлге тең
2) түйінге келетін токтардың қосындысы, Одан кететін токтардың қосындысына тең.. 
Осы айтылғанды 2.12-сүретіне қолдансақ, біз, мынаны байқаймыз. Егер түйінге келетін токтардың оң деп, ал одан кететін токтарды теріс деп алсақ, онда бірінші тұжырымдамаға сәйкес
I1-I2-I3-I4=0
демек екінші тұжырымдама бойынша
I1=I2+I3+I4
Екі тұжырымдаманы жалпы түрде былай жазады:

Сонымен түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең; түйінге келетін токтар оң таңбалы, ал одан кететін токтар теріс таңбалы болады.
Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, Киргхфогтың бірінші заңы бойынша, тізбектегі заттардың қозғалысы кезінде, түйіндердің ешқайсысында да зарядтар жинақталмайды. Бұл электр зарядтарының қозғалысының үзіліссіздік принципінің сақталу заңының орындалуы болып табылады, яғни түйінге қанша заряд мөлшері келсе, сонша заряд мөлшері кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет