Фауналық аудандастыру, белгілі бір аумақта таралған жануарлар дүниесінің түр құрамына, олардың тарихи қалыптасуына, ондағы эндемик түрлердің сақталып қалуына және түрлердің таралу заңдылықтарына байланысты жүргізіледі.
Фауналық аудандастыру құрлықтағы және Әлемдік мұхиттағы жануарлардың негізгі топтары бойынша жеке зоогеографияаудандарға бөлінеді.
Қазір Жер бетіндегі құрлықтар 4 ірі Фауналық аймаққа бөлінеді:
арктогей (грек. arktos – солт. және жер) – голарктик. аймаққа (Солтүстік Америка, Еуразия, Солтүстік Африка). Бұл аймақта ертеден келе жатқан сауытты шортандар, тасбекірелер, құйрықты қосмекенділердің кейбір түрлері сақталған. Мұндағы кеңінен таралған түрлер: қасқыр, түлкі, қоян, қабан, т.б. Кейде арктогейді неоарктик. аймақ және палеоарктик. аймақ деп бөледі;
палеогей (палео... және жер) Эфиопия, Мадагаскар және Үнді-Малайаймақтарын қамтиды. Палеогейдегі жануарлар дүниесіне ертедегі Гондвана құрлығына тән түйеқұстар, қостынысты балықтар, тасбақалар, т.б. жатады;
неогей (грек. neos – жаңа және жер) жаңа тропик. аймақтарды қамтиды. Неогейдің жануарлар дүниесі тарихи қалыптасуы жағынан палеогейге ұқсас келеді;
нотогей (грек. notos – оңтүстік және жер) Австралия, Жаңа Зеландия, Мұхиттық аралдар мен оларға іргелес жатқан көптеген аумақтарды қамтиды.
Мұнда қалталы жануарлар (кенгуру, вомбат, қалталы қасқыр), ұшқыш түлкілер, полинезия егеуқұйрығы, т.б. құстардан казуар, жұмақ құстары, саланган, т.б. мекендейді. Әлемдік мұхиттағы жануарлар дүниесін Фауналық аудандастыруда құрлықтағы Фауналық аудандастырудан басқаша, өзіне тән жүйелеу қағидалары қолданылады. Мысалы, олардың судың әр түрлі қабаттарында және су түбінде таралу ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.
19.Флористикалық облыстар: голарктикалық, неотропикалық, аворалиялық, голактикалық және кап облысы, олардың шекарасы.
20. Голарктикалық, неотропикалық, аворалиялық, голактикалық және кап облысы, флорасының систематикалық ерекшеліктері эндемикалық тұқымдастар, туыстар.
21. Арктика және Антарктиданың полярлық шөл далалары.
Достарыңызбен бөлісу: |