Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ.
Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.
Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрт кездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасындақосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.
Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар.
32. Жапырақты орман. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропадақылқан жапырақты ормандармен қатар жапырақтары түсетін ағаштары бар ормандар да кездеседі. Мұнда жапырақтары түсетін емен, шегіршін, үйеңкі және шамшат өседі. Қазақстанның орман зоналарында жапырақты ормандар кездеседі. Бұлар - жалпақ жапырақты емен, жөке ағашы, үйеңкі, шетен, тағы басқалары. Ұсақ жапырақты ормандарда қайың мен көктерек өседі.
Жапырақтары түсетін ағаштар күзде жапырақтарынан айырылады. Осы арқылы ағаштар көктемге дейін өн бойына суын сақтап, қоршаған ортаға бейімделеді.
33. Биік таулар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
34. Антарктиданың өсімдік және жануарлар әлемі.
Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км². Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км²) мен Александр І жері (400 км²) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі.
Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланыдеп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді.
Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді.
35. Материк және оның маңайындағы антарктикалық аралдар.
Материк (континент). Жердің геологиялықдаму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық жіктелу нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты-басты екі түрге — геосинклинальдарға және платформаларға — жіктеледі. Материктерге тән жербедер түрлері — жазықтар мен таулар.
36. Субантарктикалық аралдар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
37. Солтүстік Американың өсімдік және жануарлар әлемі.
С. А-ның басым бөлігі Голарктик., оңт. бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик. топаралының солт. мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик. шөл, арктик. тундра басым; топаралдың оңт-н тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірмен орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Бат-нда орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аум-ның 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады.
С. А. мен Еуразия құрлықтарының геол. даму тарихының ортақтығына байланысты жануарлар әлемінде көптеген ұқсастықтар бар. Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орманды дала мен дала жануарларынан бизон, айырмүйізді бөкен, мазам бұғысы, койот, прерия түлкісі тек қорықтарда ғана сақталған. Субтропикте аллигатор, кайман тасбақасы, қоқиқаз, бірқазан, каролина тотықұсы мекендейді. Кордильерада қар қойы, гризли аюы, қар ешкісі; шөлді-далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері – улы жыландар мен кесірткелер бар.
38. Шөлдер және жартылай шөлдер. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
31 сұрақ
39. Прерилер
40. Жалпақ жапырақты және субтропикалық ормандар.
Жалпақ жапырақты ормандар қоңыржай климатты аймақтың барлығында таралған.
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақтары – көптеген түрлер үшін қорек көзі.
Жалпақ жапырақты ағаштар климаттың маусымдық өзгерістеріне сезімтал және өз жапырақтарын тастайды.
Оның топырағы өте құнарлы, сондықтан ауыл шаруашылығы үшін өте көп ағаштар кесіп тасталынған.
Жалпақ жапырақты ормандар топырақ құнарына көп талап қояды, сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі
Субтропикалық ормандар Орталық Америкада, Батыс Үндістанда, Үндістанда, Мадагаскарда, Оңтүстік-Шығыс Азия материгінде және Филиппинде кездеседі. Олар, негізінен, шамамен 23,5 ° ендікте орналасқан тропиктер мен қоңыржай белдеулер арасында орналасқан. Әдетте бұл экватордан солтүстік пен оңтүстікке қарай 35-46,5 ° ендіктерге қатысты. Жауын-шашын мөлшеріне қарай олар сулы және құрғақ субтропиктерге де бөлінеді.
Құрғақ субтропикалық ормандар Жерорта теңізінен шығысқа, Гималай тауларына дейін созылып жатыр.
Тропикалық ормандарды табуға болады:
Оңтүстік-Шығыс Азия тауларында;
Гималай;
Кавказда;
Иран территориясында;
Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс штаттарында;
Оңтүстік Американың тауларындағы Козерог тропикінің ендігінде;
Австралия.
Жаңа Зеландияда.
42. Евразияның өсімдік және жануарлар әлемі.
Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде дала мен шөлейт, Қазақстан мен Орталық Азияда шөлейт пен шөл, Моңғолияда дала мен орманды дала, Манчжурия мен Жапонияның солтүстігінде қайтадан орман белдемдері орын алған. Белдемдер субтропиктік белдеуде де батыстан шығысқа қарай алмасады (Жерортатеңіздік қатты жапырақты ормандар мен бұталар, Кавказ сырты мен Кіші Азияның субтропиктік далалары мен шөлейттері, Иран таулы қыраты және Орталық Азияның оңтүстігінің субтропиктік шөлдері). Бұл белдеудегі құрлықтың ішкі бөлігінде шөлейт, Памир мен Тибет тау қыраттарында биік тау шөлі таралған.
43. Дымқыл экваторлы және муссонды ормандардың аймақтары.
44. Тропикалық құрғақ муссолы ормандар, орман сиректері және саванналар.
45. Субтропикалық ормандары және қатты жапырақты ормандары.
46. Құрғақ биоценоздардың алғашқы азық-түліктік немесе толық азық-
түліктік таралу аймақтары.
47. Неотропик патшалығы.
48. Неогей патшалығы.
49. Арктогей патшалығы.
Арктогея патшалығы – Европаны, Солтүстік Африканы Азияның көп бөлігін,
Солтүстік Американы алып жатады. Азор аралдары, Мадейра және Жапон аралдары кіреді.Ландшафті алуан түрлі Солтүстікте тундра, тайга, аралас ормандар, дала мен шөл аймақтары кіреді.
Жер көлемі үлкен болғанымен, фаунасы кедей. Сүткоректілерден 7 эндемикті тұқымдастар кіреді. Эндемикті құстар тұқымдастары одан аз. Рептилиялар солтүстіктен оңтүстікке қарай көбееді. Жалпы арктогея фаунасында тропикалық топтар аз.
Арктогея патшалығы полеарктика және неарктика бөлімдерінен тұрады. Поеарктика аймағы Евразияның қоңыржай және суық бөлімдерін алып жатады. Канар, Азор, Исландия, Командор, Курил, Жапон аралдары кіреді.
Фаунасы ежелгі, тропикалық.. Кейіннен бұл фауна өзгерді. Сүткоректілерден 2 эндемикалық тұқымдастар бар. Жануарлар әлемінен Прежевальский аты, құлан, жабайы қабан, түйе, зубр мекен етеді. Құстар әлемі алуан түрлі. Тоқылдақтар, көгершіндер, сай-рауық. Рептилиялар мен амфибиялар фаунасы кедей. Хамелеондар, кесірткелер, кобра жыландары, құрбақалар мекен етеді. Жануарлар әлемінде омыртқасыздар орны ерекше. Қоңыздар, термиттер көп мекен етеді.М.А. Мензбир (1934) Полерактиканы үш аймаққа бөлді. 1) Европалық Сібір, 2) Жерорта теңіздік. 3) Ортазиялық .
Бұл жерлердің жануарлар дүниесі өзіне лайықты болып келеді.
Европалық Сібір бөлігі – Евразия материігінің солтүстігін алып жатыр. Төрттік дәу-ірдің мұз басу ықпалында болған. Соның салдарынан фаунасы өзгерді. Солтүстікте фауна кедей, оңтүстікке қарай алуан түрлі болады.
Европалық Сібір жерінің табиғаты мынадай:
1) Тундра зонасы Солтүстік мұзды мұхиттың жағалауын қамтиды. Өсімдіктерден муктер мен қыналар. Сүткоректілерден солтүстік бұғысы, ақ құндызы, ақ аю, кеміргіштерден –леммингтер. Құстар әлемі алуан түрлі.
2) Тайганың жануарлар әлемі тундраға қарағанда көп. Құстар әлеміде алуан түрлі. Тоқылдақ, клестер, шурлар. Рептилиялардан- батпақты тасбақа, кесірткелер. Амфибиялардан квакша бақасы, көл бақасы мекен етеді. Омыртқасыздар насекомдармен берілген.
Дала аймағы – ашық жерлерде мекен ететін жануарлармен берілген. Сүткоректілерден тұяқтылар- тарпандар, сайгактар, жабайы өгіздер мекендейді. Кемір-гіштер әлемі өте көп. Құстардан – жыртқыш құстар, су құстары тіршілік етеді.
Рептилиялар мен амфибиялар алуан түрлі. Жыландардың бірнеше түрлері, көл бақасы мекендейді. Қара теңізбен Каспи көлінде тұщы балықтар мекен етеді.
Ангар бөлігі – Шығыс сібірді қамтиды. Фаунасы Европа бөлігінің фаунасына ұқсас. Ежелгі жерорта теңіз жерлері – жерорта теңізінің маңындағы Орта Азия мен Орталық Азияға кіретін жерлер. Климаті – аридті. Батыста мәңгі жасыл ормандар. Оңтүстікке қарай шөлейіт пен шөл жерлері.
50. Эндемизм. Эндемизмнің табиғи даму кезеңдері
Фаунаның аса маңызды ерекшеліктерінің бірі эндемизм болып саналады. Энде-микалық жүйелік бірлігі деп, табиғатта белгілі бір аймақта кездесетін басқа еш жерде ұшыраспайтын түрлерді, туыстарды және басқа таксономикалық бірліктерді атайды. Осы себепті эндемиктер кез келген фаунаның ерекше компоненті болу мен бірге оны басқа фаунадан мүлдем өзгешелендіріп тұрады. Егер неғұрлым кең тараған түрлер фауналар арасындағы байланысты көрсетсе, эндемиктер оларды бір бірімен шұғыл ажыратады.
Түрлі фауналардағы эндемиктер саны бірдей емес. Эндемизмнің неғұрлым жоғары пайызы аралдық фауналарда, ал континентерде – рельефтері күшті бөлшектенген аудандарда, яғни таулы елдерде болады. Оның себебі географиялық оқшаулану – түрлердің пайда болуының қажетті шарты.
Түрлердің барлық белгілері географиялық өзгеріске ұшырайды. Егерде популяцианың бір бөлігі таралу кезінде оқшауланған аймаққа тұссе, онда оларда гендердің құрамы сақталмайды. Бұндай жағдайға тұскен ағза өзін жоймайды, тек қана аталық популяциалардан тәуелсіз болады.
Әрине локальді популяцидағы сұрыптау өз жолымен жұреді.. Нәтижесінде популяциада генетикалық қайта құру жұреді, соның нәтижесінде жаңа аналық тұр пайда болады. Жаңа пайда болған тұр өзінің экологиалық ортасын пайда етеді. Эндемизмдер таулы фауналарда аса қатты дамыған. Мұнда туыстық ареалдың белгілі бір бөлігінде түрлердің жиынтығы байқалады.
Эндемикалық түрлердің пайда болуы үшін географиялық бөлінуі мен қатар уақытта қажет. Фаунаның ұзақ және тоқтаусыз дамуы жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі. Осыған керісінше тіршілік жағдайының өзгеруі бір түрлердің жойылуына алып келеді.Ал екіншілерінің таралуына. Эндемиктердің көп болуы фауна дамуының ұзақтығын көрсетеді. Сондықтанда, жер шарының ұштік кезеңнен экологиялық жағдай өзгермесе,автохтондық эндемикалық тұрлер көп сақталады. Бұған мысал: Оңтүстік Американың ылғалды экваторлық ормандары немесе Оңтүстік Шығыс Азияның осындай жерлері дәлел. Осы фауналардың үздіксіз дамуы кезеңінде оларда тек эндемикалық түрлер ғана дамып қоймай, сонымен қатар туыстар тіпті жануарлар отряды да көптеп мекендейді. Керісінше таяуда ғана төртінші мұздықтан босаған (Европаның солтүстігі немесе Солтүстік Америка) жерлердегі жас фауналарда әлде қандай эндемиктердің елеулі тобы жоқ немесе олар түрден төменгі сатыда қалып қойған.
Көптеген фауналарда субэндемиктер деп аталатын немесе эндемикалық таксондарға (туыстар, түрлер) бар. Мысалы: Африка фаунасында (Эфиоп облысы) түйеқұс, антилопа-орикс және басқада кең тараған басқа да түрлер, өзі тектес өкілдері Арабияда да бар. Орта Азия насекомдар фаунасы, көптеген тұрлерді қамтиді Бұлар орта азиялық фауналар үшін субэндемикалық түрлер.
Әр түрлі фауналардағы эндемизм деңгейі де әр қилы. Мысалы, Австралия фау-насында қалталы сүтқоректілердің 8 эндемикалық тұқымдастары және кем дегенде құстардың 100 (270-тен) эндемикалық туыстары бар. Неотропика фаунасында (Оңтүстік Америка) сүт қоректілердің 17 (эндемикалық түлердің 80 пайызы) эндемикалық тұқымдастары және құстардың 26 эндемикалық тұқымдастыры (эндемикалық туыс-тардың 78 пайызы) саналады. Осыған қарамастан бүткіл тропикадан тысқары жатқан Евразияда (Палеарктикада) сүт қоректілер мен құстардың бір-бірден ғана эндемикалық тұқымдастары ғана ұшырасады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, эндемизмді прогрессивті және реликтовті деп екіге бөліп қарастыруға болады.
51. Жануарлардың экологиялық толеранттылығы.
52. Палеогея патшалығы
53. Арктогея немесе голарктикалық патшалығы.
49-сұрақ
54. Неарктикалық патшалық тармағы.
55. Жершары фаунасына антроптік әсер ету.
56. Фауналық немесе аймақтық деп аталатын бағыттың негізін қалаған
ғалымдар және олардың еңбектері.
57.Жануарлардың қалыпты тіршілік етуіндегі экологиялық факторлар
58. Литоралъді, батиалъді және абисалъді зоналардың қызметі
59. Қазақстандағы эндемик өсімдіктерге жалпы сипаттама
60. Қазақстанның қызыл кітабы туралы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтаймемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
61. Америка континентіндегі тропикалық орман
Достарыңызбен бөлісу: |