Әлем мойындаған киелі Түркістанның қайта жаңғырғанына 1 жыл! «Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері, Тұрансыз тарқамаған алаш шері.»



Дата02.03.2022
өлшемі17,87 Kb.
#26892
Байланысты:
Әлем мойындаған киелі Түркістанның қайта жаңғырғанына 1 жыл


Әлем мойындаған киелі Түркістанның қайта жаңғырғанына 1 жыл!

«Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.»


(М.Жұмабаев)

Түркістан — екі дүние есігі ғой,


Түркістан— ер түріктің бесігі ғой , - деп Алаштың айбынды ақыны Мағжан

Жұмабаев жырға қосқандай, Түркістан ежелден әлемге әйгілі қалалардың бірі болып келгені аян. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Түркі­стан облысы құрылсын» деп және Оңтүстік Қазақстан емес, «Түркістан облысы атал­сын» деп Жарлыққа қол қоюы­ның өзі тек Түркістанның мәр­­те­бесін емес, күллі қазақ елі­нің мәртебесін көтер­ген­іне міне, 1 жыл да өтіп қалыпты.

Түркістан – түркі жұрты­ның орталығы. Бүкіл тари­хи тұлға­лары­мыздың, қазақ көшін алға сүйреген ұлы­лары­мыздың сүйе­гі сонда жатыр. Бұл онсыз да бұрыннан рухани астана болып келген еді. Түркі әлемінің талбесігі, тірегі болатындай міндет арқалаған Түркістанның ендігі беталысы тек қана даму, өсу және өркендеу болып саналады.

Менің пікірімше, Түркістан қаласының қайта жаңару әсерінен алдымен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы оңала түспек. Мысалы, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы арта түседі. Әдетте халық ірі қалалардың маңайына шоғырланып, демографиялық ахуал да жақсара түсетіндігі ғылымда дәлелденген. Оның ішінде Түркістан облысына шетелдегі қандастарымыз да көптеп көшіп келе бастауы мүмкін. Сондықтан Елбасы шешімінің саяси, тарихи маңызы өте жоғары деп бағалаймын. 

Негізгі ойдға тағы да қосарым, Түркістан қаласының мәртебесін көтеру арқылы қазақ руханияты мен мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне жасалған үлкен серпіліс деп есептеймін. Сонымен қатар түркі мұсылман-халықтарын ортақ мақсатқа үндеп, ізгілік пен игілікке ұйытады. Айталық, бір ғана әлем мойындаған Ясауи ілімінің көптеген зерттеулерге арқау болатыны сөзсіз.

Жаңарған Түркістан алдағы ауқытта инвестиция мен туризмнің, сауда мен экономиканың дамыған орталығына айналады. Оған дәлел, Түркістан Қазақстанның туристификациялау картасының республикалық маңызы бар ТОП-10 нысанына кіргізілді. Кластерге Отырар, Сауран қалашықтары, Арыстан баб, Қ.А.Ясауи кесенесі де ілікті. ЮНЕСКО көлемінде қорғалатын Әзірет Сұлтан кесенесі – бүкіл түркі әлемінің қызығушылығын тудыратын Түркістан бренді. Түркістан заманауи үлгідегі технология енгізілген «ақыл­ды қалаға» айналатыны сөз­сіз. «Қазірдің өзінде өңірдің эко­но­микалық даму мүмкіндігіне қа­нық­қан отандық және түрік компания­лары қаржы салып, 5 жұлдызды қонақ үйлер, ойын-сауық сауда орын­дары мен фитнес орталықтар ашу­ды көздеп отыр», деген облыс әкімінің сөзіне Түркістанға келген сапарымда көзімді жеткіздім.



Қорыта келе, мен эссені жазу барысында былтыр туғанына 125 жыл толған түркі жұрты төріне шығарып отырған Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабайұлының əйгілі жырымен бастаған едім. Түркістанды ең көп жырға қосқан Мағжан ақынның мерейлі датасымен бірге тұтас түркі жұртының тарихи бесігі Түркістанның мәртебесі көтерілгеніне міне бір жыл да өтіп кетті. Бір жыл ішінде Түркістан танымастай құлпырған. Көптеген рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарған. Міне, мені қуантатын жағдай осы. Осындай игі істің ұйытқысы болған Елбасыға алғысым шексіз. Оның түбір бір түркі елінің тал бесігі Түркістанды түлетуі «Түркiтiлдес халықтардың көшбасшысы» атағына лайықты іс деп, өз сөзімді қорытындылаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет