«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі35,75 Kb.
#84980
түріИнтервью
  1   2   3
Байланысты:
9с БЖБ№1 ҚТ


«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа

Оқу мақсаты:

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылымитақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді;

  • Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізіңіздер.
Бейбітшілік және келісім сарайы
2003 жылы Елбасы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінде көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен. Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік нышаны тәрізді.
Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларынан керілген. Зәулімнің ұшар шыңы шынымен көмкерілген, сол жерден төгілетін күн сәулесі пирамиданың барлық кеңістігін нұрландырады. Жарық төменгі техникалық қабатқа да түседі. Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бірінші қабатқа көп қырлы, 1500 орынды зал орныққан. Мұнда алуан түрлі басқосулар: халықаралық деңгейдегі съездер мен конференциялар шақыруға, ойын-сауық, сахналық думандар, опера-балет қойылымдарын ұйымдастыруға болады. Залдың акустикасы айрықша, осында отырып көне грек амфитеатрларында тұрғандай сезінесің. Бесінші қабатта, пирамиданың биігінде әлемнің төрт құбыласын білдіретін төрт көтерген ақшаңқан дөңгелек күмбезшенің астында 200 орынды көркем зал көз тартады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кейінгі форумдары осы жерде Республика Президентінің қатысуымен өтті. Астана тағы да адамзатқа ағынан жарылды, дүниені бейбітшілік пен келісімге шақырды.
(177 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет