ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КОРПОРАЦИЯЛАР
ӨНІМДІК
ИННОВАЦИЯЛАР
Бүріккіш принтердің көмегімен қағаз жады чиптері басып шығарылды
Финляндия, VTT ғылыми-техникалық
зерттеу орталығының зерттеушілері ерекше
"металлданған" сиясымен бүркіп басудың
едәуір қарапайым әдістерінің көмегімен
тікелей қағазда және бұл ретте үлкен
рулондық топтамаларымен жады чиптерін
дайындауға болатынын көрсетті.
Мұндай өте арзан "қағаз" жады түрлі салаларда, мысалы түрлі датчиктер
жинайтын деректерді жазу, таңбалау, интерактивті қаптамада жəне т.б. тауардың
құны мен сипаттамасын көрсету үшін пайдалануға болады.
WORM (write-once-read-many) жадысының чиптері қағазда ғана басып
шығарылмайды, мамандандырылған бүріккіш немесе флексографиялық басу
құрылғыларының көмегімен бұл чиптер өнімнің немесе бұйымның тікелей бетіне
түсірілуі
мүмкін.
WORM -жадының
əр
ұяшығының
өлшемі 0.2 -0.3 миллиметр, ақпарат жазу жəне оқу үшін пайдаланылатын ол
жəне электр тізбектері күміс нанобөлшектен тұратын жеткілікті таралған
тоқөткізетін сияның көмегімен басылған.
Ақпаратты ұяшыққа жазу оған 10 Вольт кернеу беру жолымен жүзеге
асырылады. Өтетін электр тоғы өзара күміс нанобөлшекті қорытады, осының
арқасында ұяшықтың кедергісі күрт төмендейді, бұл логикалық сəйкес келеді.
Өкінішке орай, нанобөлшектердің бірігуі қайта айналмайтын процесс жəне
ақпаратты қағаз WORM-жадыға бір-ақ рет жазуға болады.
Эксперимент ретінде VTT орталығының мамандары полимерлік
материалдағы қалыңдығы 125 микрометр жəне ұзындығы 150 метр рулонда
10 мың WORM - жады чиптерін басып шығарды. Басылған жадының əр банкі
биттер мен жазу-оқу тізбектерінің аналогтық элементтерінің матрицасынан
тұрды.
20
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
WORM-жады серпінді жады болып табылатындықтан ,оны оқу үшін
энергияның аз мөлшері ғана талап етіледі, мұны RFID сəйкестендіру
белгілерін есептеу құрылғысынан немесе NFC стандарты құрылғысынан
алуға болады. Бұған қоса мұндай жады оның ұяшықтарының үлкен мөлшері
есебінен контактісіз əдіспен, электр өрісінің таралуын өлшеу əдісімен
оқуға болады, бірақ мұндай тəсілді іске асыру үшін есептеудің қарапайым
емес құрылғысы талап етілуі мүмкін.
Қазір VTT орталығының мамандары олар қағаз WORM - жадыда
жасаған сипаттамаларды жақсарту тəсілдерін іздеумен айналысуда. Ал
орталықтың басшылығы осы патенттелген технологияны одан əрі
коммерциаландырумен айналысатын серіктестерді іздеуде.
Дереккөз:
Newsland.ru
Сoca-Cola
мен 3D
System
3D-принтерді сатуға шығарды
2014 жылдың екінші жартысында
Coca-Cola
мен
3D
System компаниялары
қайта өңделген пластик бөтелкелерден
басу материалы терідепайдаланылатын
3D-принтерді сатуға шығарды.
Релиз Black Eyed Peas тобының көшбасшысы жəне 3D System креативті
директоры, музыкант Will.i.am бірге Coca Cola жүзеге асыратын Ekocycle
жобасы шеңберінде болды.
Жаңалық EkocycleCube деп аталады, ресми сату сайтында 1 249 АҚШ
долларын құрайды жəне 3D басу нарығындағы сілкініс деп танылды: мұндай
принтердің пайда болуы осы технология мен материалдарды қайта өңдеуді қоса
атқару мүмкіндігін дəлелдейді.
Жаңа 3D-принтер 3D-моделі бойынша қайта өңделген пластик
бөтелкелерді пайдалана отырып, заттарды басып шығара алады. Əзірше
толық емес, төрттен бірі ғана: жаңа принтерге арналған картридж
Coca-Colaның үш бөтелкесінің баламасын қамтиды. Өндірушілердің айтуынша,
материал экологиялық, икемді жəне мықты болып шықты.
Ekocycle Cubeді өздігінен толтыру қажет, босаған бөтелке шықпайды, бұл
үшін оны белгілі бір түрде қайта өңдеп картриджге құю керек.
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
Əзірлеме авторлары басу үшін төрт құю нұсқасын ұсынады: қызыл, ақ, қара
жəне мөлдір.
Принтерді сатып алған кезде жиынтықталымға қызыл жəне мөлдір
материалы бар картридж ғана кіргізілген. Əрбір қосымшасы 49 долларға
түседі, ал пайдаланылғанды қайтарғаны үшін 5 доллар төлеуге дайын.
EkocycleCube принтері үй жағдайларында кəдесыйлар, ойыншықтар,
интерьер заттарын, телефон тыстары мен суреттері түрлі күрделіліктегі басқа
жеке заттарды басып шығарады. Принтер 152,4 х 152,4 х 152,4 мм өлшемді
объектілерді жасай алады, басудың ажыратымдылық қабылеті — 200
микрон, сондай-ақ
пайдаланушының
автотүзету
функциясы
мен
пайдаланушының түрлі түсті сенсорлық интерфейсі көзделген.
Дереккөз:
http://recyclemag.ru/article/kak-rabotaet-3d-printer-na-butylkah-coca-cola
ПРОЦЕСТІК
ИННОВАЦИЯЛАР
Ұлыбританияда далаларда жиһаз өсіреді
Британияда Гэвин Манро өсінділерді
қатты бунақталып қалыптасыратындай
етіп кесе отырып, жас ағаштарды арнайы
дайындалған пластик формаларда өсіреді.
Осы тәсілді қолдана отырып, ол бірнеше
прототип жасады және Британияда
Дербишир графтығында тұтас алқап бар,
онда ол қазір келесі жылы жинап алғалы
отырған 400 үстел, орындық, абажурлар
өсірілуде.
Өнертапқыштың ойынша оның қазірді өзінде ботаникалық өндіріс деп
атаған өсіру техникасы едəуір үлкен ауқымдарда тұрақты жəне экологиялық
процесті ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл өзгеше идея оның
басына Сан-Франсискода бағбан болып жұмыс істеген кезде келді, онда ол
өзінің тікелей міндеттерінен басқа тырбиған ағаштан жиһаз дайындаумен
айналысты. Анасының бағындағы тақты еске салатын ескі бонсай ағашын
еске түсіріп, ол үлкен ағашты бөліктерге шауып, одан дайын өнім жасағаннан
гөрі тұтас жиһазды өсірген едəуір оңай деп шешті.
22
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
Оның жиһаз өсіру əдісі, шын мəнінде, 3D басудың табиғи аналогын
білдіреді жəне бекіткіш элементтерді талап етпейді. Сонымен бірге алынған
бунақтар дəстүрлі тəсілмен орындалғандарға қарағанда едəуір мықтырақ,
сынған сүйек сияқты сынған жерінде мықтырақ болады.
Қазіргі уақытта Манро өз конструкцияларында талды пайдаланады,
бірақ ағаштардың басқа породаларымен де эксперимент жүргізеді.
Оның жиһаз бағында үйеңкі, жаңғақ ағашы, жабайы алма, шынар,
шаған, тіпті құзды жəне қызыл емен бар. Ол құрған Full Grown
компаниясы игерілген бұйымдарды өсіруден басқа, кітап сөресі
мен комод сияқты күрделі конструкциялармен жұмыс істеуде.
Дереккөз:
http://texnomaniya.ru/v-velikobritanii-virashivayut-mebel-na-polyah
МАРКЕТИНГТІК
ИННОВАЦИЯЛАР
Google алғашқы фирмалық дүкені ашылды!
Google
компаниясы әрекет еткеннен бері алғаш
рет жеке бөлшек сауда дүкені ашылды, ол
Лондонда
Тоттенхэм
Корт
Роудта
орналасқан.
Белгілі болғандай, соңғы кезде өз
бағытының ең табысты
желісі
Apple дүкендері болып табылады. Олар
өнім мен бренд ерекшелігін есепке ала отырып
жайластырылған, ал персонал жоғары
біліктілігімен ерекшеленеді.
Бұл компанияға жеке өнімін ең жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік
береді. Мұндай тəсіл 2014 жылдың соңғы тоқсанында
Apple
кірісінің
айтарлықтай ұлғаюына ықпал етті. Ендігі кезек Google-де.
Егер
Google
дүкендерін
сыртынан қарасаңыз, еш ерекшелікті
көрмейсіз. Дүкен электроника сату бойынша танылған британ сауда
орталығы Currys PC Worldтің ішінде орналасқан. Бірақ жақын келіп
қарағанда, витринадан Google логотипі түрінде Голдберг машинасы деп
аталатын көрінеді. Мұндай механикалық конструкциялар, белгілі
болғандай, өнер мен архитектурада жеткілікті қарапайым əрекеттерді
жасайтын сияқты көрінетін – өте символдық күрделі жүйелердің жұмысын
көрсету үшін пайдаланылады.
2
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
Ішіне кіріп, сіз əдеттегі электроника гипермаркетінде жүресіз, бірақ
бұрылып қарағанда сіз дүниежүзіндегі алғашқы Google дүкенін
көресіз! Дүкен
Android
үздік
өнімдерін
көрсететіндей
етіп
жайластырылған.
Мысалы, Moto 360 – атышулы Apple Watch,Chromebook,
Nexus
6
жəне
тағы басқаларға Google жауабы.
Компания өкілі Стивен
Розентальдің айтуынша флагманды ашу үшін
Лондон таңдалды, өйткені британ нарығы өнімдер серпінімен жəне
мүдделілігімен ерекшеленеді. «Бізге адамдар келіп, өнімдерімізден
рахаттануын, оларды өздігінен тестілеуін қалаймыз. Біз сатудың жоғары
деңгейіне шығамыз деген ойдамыз, бірақ бірінші кезекте біз келушілерге
тартымды
Google-экспириенсті сынау мүмкіндігін ұсынғымыз келеді».
Бұл дүкеннен басқа, таяу уақытта тағы екеуін – Фулхем мен Таррокода,
Эссекседе ашуды жоспарлап отыр.
Дүкенде түрлі қызықты қулықтар мен эксперименттік техникалық
құрылғылар өте көп, олармен əрбір келуші «ойнай» алады. Мысалы, сурет
салатын қабырға граффити жасау үшін виртуалды спрейді пайдалануға болады.
Батырмалар мен тетіктердің көмегімен сол Голдберг Машинасының
өзін өздігінен іс-қимылға келтіруге болады.
Бірақ дүкеннің ең танымал «фишкасы» - бұл
Google Maps
интерактивті исталляциясы екені сөзсіз, ол 3D көмегімен
қабырғадағы бейне сізге жарты əлем арқылы ұшуға мүмкіндік береді,
сіз сенсорлық мониторда өзіңіз барғыңыз келіп отырған жерді
таңдай аласыз.
Дүкенде Google Play
арнайы сыйлық сертификаттар мен көптеген түрлі
аксессуарлар бар.
Дүкен консультанттары - бұл
Currys
PC
World қызметкерлері
емес,
Google компаниясының осы позицияға жұмыс істеуге ауысқан білікті
қызметкерлері. Мысалы, дүкен консультанттарының бірі бұрын
Google Glass жобасына іске тартылған болатын. Дүкен персоналы
жоғары біліктілігімен қоса, сондай кішіпейіл.
Дереккөз:
http://fforward.biz/ru/2011-06-14-05-16-30/515-the-first-google-retail-
store
24
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
Google
және SolarCity
әдеттегі тұрғын үйлерге күн сәулесі панельдерін
орнату қорын құрды
Google компаниясы тұрғын үй секторында күн сәулесі
энергетикасын дамытуды тездетуді шешті және
SolarCity панельдерін ірі өндірушілердің серіктесі
болды. Енді 2 компания 250 мың үй иелері үшін күн
сәулесі панельдерін орнатуға жұмсалатын алғашқы
шығындарды жабатын, орнына өндірілген электрдің
артылғандарын ғана алатын қор құрды.
Жақында
SolarCity
14 штатта 250 000 тұрғын үйге тұрмыстық күн сəулесі
қондырғыларын қаржыландыру үшін 750 млн. мөлшерінде қор құратыны
туралы жариялады. Отбасы ай сайын панельдерді жалдау төлемін төлейді не
белгілі бір уақытта (айталық, 20-25 жыл) генерацияланатын энергияның
артылғанын бөліседі.
Қандай жағдайда болмасын, үй шаруашылығы электр энергиясына
болжанған шығыстарды алады, əдетте, электр қуатының əдеттегі шығыстарымен
салыстырғанда едəуір үнемдеу алады.
2014 жылдың соңына қарай
SolarCity
компаниясы олардың клиентерінің
шатырларындағы қондырғылардан өндірілген күн сəулесі энергиясының жалпы
көлемі 1 ГВт құрайды жəне 2015 жылдың соңына қарай компания
тағы бір 1 ГВт орнатуды жоспарлап отыр, бұл ірі көмір немесе атом
электрстансасының қуатына тең.
«Біз отбасыларына көмірқышқыл газ шығарындылары мен энергетикалық
шығындарды азайтуына көмектесу үшін SolarCity миссиясын қолдауға
қуаныштымыз», - деді Sidd Mundra, Google жаңғыртылмалы энергия
көздері жөніндегі бөлім басшысы. «Бұл үй иелері үшін де, қоршаған орта
үшін де жақсы.
Google
жаңа қорға 300
млн. $ құрды, бұл бүгінгі күні жаңғыртылмалы
энергетикаға оның ірі инвестициясы. Жаңа қор бір кездері тұрғын үй күн
сəулесі энергетикасында құрылған кооперация сияқты жəне екі компания
арасындағы осындай ынтымақтастық болып табылады.
Дереккөз:
http://rodovid.me/solar_power/google_solarcity_fund.html
25
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
ҰЙЫМДЫҚ
ИННОВАЦИЯЛАР
Nissan
тең құқылылықты жылжытқаны үшін Жапон өкілдігінің
наградасын алды
Тең құқылылықты жылжыту –клиенттердің түрлі
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ықпал ететін
Nissan компаниясының стратегиясы бизнестің
маңызды аспектісі.
Осы саладағы Nissan Motor Co жетістігін Жапония
үкіметі жоғары бағалады.
Министрлер кабинеті Жапонияда еңбек жағдайын жақсарту мақсатында
сыйлық белгіледі, оның арқасында əйелдер əйел өзінің барлық əлеуетін
ашуға қабылетті қоғам» құруда анағұрлым белсенді рөл атқара алады.
Министрлер кабинетінің саясаты компанияларды көтермелеуге бағытталған,
бизнесті жүргізу əдістерін өзгерте отырып, стратегияларды жақсарту жəне
басқарушы орындарға қызмет бойынша əйелдерді жылжыту дың нақты
іс-қимылдары арқылы теңқұқылылықты қамтамасыз етуге шақыруға
бағытталған.
Үкімет мұндай көтермелеу басқа компанияларды да «позитивті домино
есебін» туғызып, осындай бағдарламаларды енгізуге шабыттандырады.
Nissan алғашқылардың бірі болып əйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту үшін шара қабылдай бастады, əрі бұл əйелдер еңбек
ұжымының аздаған пайызын құрайтын өнеркəсіп саласында жасалды.
Компания едəуір жетістікке қолжеткізгендіктен Арнайы министрліктің
сыйлығын иеленді. Божамға сəйкес
Nissan жетістігі оң əсерін тигізеді, өйткені автомобиль жасау өнеркəсібі
Жапония экономикасының басты салаларының бірі болып табылады жəне
көптеген ілеспе кəсіпорындармен ынтымақтастық жасайды.
Марапаттау рəсімінде Nissan вице-төрағасы Тосиюки Сига сөз сөйледі.
«Біздің тең құқылылықты қолдау бойынша кешенді шараар қабылдай бастаған
уақыттан бергі соңғы он жылдағы күш-жігеріміз мойындалғанына
қуаныштымыз. Қазір Жапонияда Nissan кəсіпорындарында басқарушы
лауазымдардың 7,1%
əйелдер иеленген – 2004 жылы бұл көрсеткіш 1,6% құрады. Біздің
компаниямыздың жоғары басшылығында бір əйел жұмыс істейді.
Сонымен бірге біз Nissan теңқұқылылық мəселесінде əлемдік деңгейге шығу
үшін басқарушы лауазымдарда жұмыс істеуге əйел қызметкерлерді
дайындаудамыз», деп мəлімдеді Тосиюки Сига мырза.
ƏЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
«Жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңқұқылылыққа қатысты əйелдер үшін
еңбек жағдайларын жақсарту екі жыныс өкілдері де өздерін жайлы сезінетін
жұмыс
ахуалын
жасауға
мүмкіндік
береді
деп
есептейміз.
Nissan қызметкерлерге үйде жұмыс істеуге мүмкіндік береді жəне икемді
кесте үшін басқа мүмкіндіктерді ұсынады, осының арқасында қызметкерлер
отбасылық міндеттеріне зиян келтірмей, кəсіби міндеттерді орындай алады.
Бұдан əрі компаниямыз бизнесті дамытуға жəне кейінгі он жыл ішінде
мүмкіншіліктерімізді кеңейтуге бағытталған жалпы стратегия шеңберінде
теңқұқылылықты қолдауын жалғастыра береді».
Nissan бұдан əрі де əйелдердің құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейтуге
ықпал етуді жоспарлап отыр. Компания басшылары мұндай саясат ұсынылатын
қызметтер сапасын арттыруға, кəсіпорынның бəсекеге қабылеттілігін
жақсартуға жəне оның өнімді өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне
сенімді.
Дереккөз:
http://fforward.biz/ru/2011-06-14-05-16-30/497-nissan-wins-the-advanced-
corporation-awards-for-the-promotion-of-women
Достарыңызбен бөлісу: |