6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдер сабақтарда бағалаудың формативті, суммативті түрлері қолданады. Деңгейлік курс мұғалімдерінің сабақтарына қатысып әріптестер жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеруде. Осы орайда педагог кадрларды даярлау және біліктілігін жетілдіру курстарының жүргізілуі мұғалімдерімізді өзгертсе, ал олардың оқушылардың және әріптестерінің көзқарастарын өзгертуі біз үшін қуанышты жайт.
Қазіргі мұғалім - педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері- өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы - дүниетаным қабілеті жоғары; дарынды өнерпаз; іздемпаз, талапты; өз алдына мақсат қоя білу керек.
Осы біліктілікті арттыру курсында оқып-үйренгендердің ішінен,мені қатты толғандырған – оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау болды. 5 балдық бағалау жүйесінің біздің мектебімізде де нақты бағалауды көрсетпейтіндігінде. Ол мәселені шешуде деңгейлік бағдарламаның көмегі көп болып отыр.Бағалаудың формативті,суммативті бағыттарын толық білмейтіндігімізге көзім жетті. Біздер сабақ үдерісінде оқушыларды ынталандыру мақсатындағы формативті бағалау түрлерін тиімді пайдаланбағанымызды,кейбір элементтерін қолданғанымен, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі қолдануды жөн көрмегенімізді, оқушылардың өздерін және өзара бағалауына да көңіл бөлмегенімізді түсініп отырмын. Өз бағасына көңілі толмаған оқушының сол бағаны нақты қандай критерий бойынша қойғанымызды да айта алмай жатамыз.Осы орайда критериалды бағалау жүесінің маңыздылығын түсінеміз.Сабақта критериалды бағалауды еңгізу арқылы оқушылардың өздерінің білім деңгейлерін нақты аңықтай білуге, өз бетінше ізденіп, жұмыстануда неге бағыт алу қажеттілігін түсінеді.
Бұл деңгейлік бағадарлама бізге нені берді?деген сұраққа жауап берер болсам.Бағалау үдерісіне енгізілген өзгерістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін арттырды,тұйық оқушылардың өз ойын ортаға салып ашылуына, өз-өздеріне және сыныптастарына шынайы баға беруге, критерийлер белгілей отырып өздерінің даму деңгейлерін аңықтап әрі қарай дамуына мүмкіндік беріп отыр.Оқушылардың бағалауға деген көзқарасы өзгерді.Сонымен бірге бағдарламаның тәрбиелік мәні де бар: оқушылар бірлесіп еңбектенуге,бір-бірін сыйлауға, пікірілерімен санасуға дағдыланып келеді.Бағалау үдерісі мектептің дамуына да өзіндік ықпалын тиігізген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |