XXI ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ Мұғалім ең алдымен өз ісінің білгірі, болмысынан мұғалім, өз жұмысын, балаларды ерекше сүйетін, жаңа технологияларды, қарым-қатынас психологиясын меңгерген, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңірген педагог бола білуі керек. Ол кез-келген пәнді үйрету кезінде сабаққа рухани-адамгершілік кұндылықтарын енгізіп отыруы қажет. Жаңа заман талабына сай мүғалім бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін атап өтсек, олар: алдымен көптілді маман (қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерін меңгерген) бола білуі пәнді оқытуда қолда-нылатын техника-лық оқу құралдарын пайдалана алуы дербес компьютерді оқу құралы ретінде, психологиялық және педагогикалық зерттеу карталарын жасауға пайдаланып, жалпы алғанда оқу үрдісін ақпараттан-дыра алатындай дәрежеде бола білуі оқушыға білім беру үрдісінің субьектісі ретінде қарап, оның жеке және жас ерекшелігін, әлеуметтік даму факторын ескере алатындай, білім жүйесін меңгеруі керек ХХІ ғасыр мұғалімінің жалпыадамзаттық қасиеттері Бақылаудың орнына ынталандырады Мәжбүрлеудің орнына кеңес береді Ауыстырудың орнына сенім белдіреді Үгіттеудің орнына түсіндіреді Талап етудің орнына нәтижеге бағыт-тайды Дауыс көтерудің орнына әзілдейді Кінәлаудың орнына қорғайды Оқушыны үйрете отырып өзі де үйренеді Оқушыны шығармашылыққа баули отыра өзі де ұдайы ізденеді Қателескен жағдайда оқушыдан бірінші кезекте кешірім сұрайды XXI ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ Кәсіби-педагогикалық білім негізін педагогика мен психология саласындағы іргелі білім, әдістемелік, технологиялық білім құрайды. Білім сапасы оның әртүрлі іс-шараларға қаншалықты кең енуіне байланысты анықталады. Білім өздігінен болмайды: оны жеке адам алады және байытылады, іс-әрекетте жүзеге асырылады. Педагогикалық білімнің ерекшелігі оның мұғалімнің оған деген жеке қатынасы арқылы байытылатындығында, оның дүниетанымынан, тәжірибесінен, ойлау ерекшеліктерінен өтеді.